Қашып кеткен кулак Б.С-нің 3 жасар қызы мен шешесі малшылар фермасында аштан өліп, олардың мүрделері аулада жатқан. Соның үйінде тұратын И.Т-нің екі баласы түнде кішкентай қыздың етін пісіріп жеген. Екінші күні әйелдің бір аяғын шауып алып, қазанға салып пісірген.
Халық тамақсыз, киімсіз, малсыз қалып, соның себебінен тамақ іздеп қаңғып кетті. Ауылда аштан өлген адамдардың саны күн сайын көбейе берді. Шешемізбен жолда кетіп бара жатып, өлейін деп әлсіреп жатқан кісілерге бас салған қасқырларды көрдік. Жабайы ит, қасқырлардың өлікті анда-мұнда сүйреп, қандарын ағыза жеп...
Әйтеке - қазақтың әйгілі үш биінің, үш тірегінің бірі, Сейітқұл әулиенің немересі, Әмір-Темірдің бас кеңесшісі болған Ораз қажының шөпшегі. Азан шақырылып қойған шын есімі ақын, тарихшы Жарылқасын Боранбайдың айтуынша - Айтмұхаммед. Осы қисынға келеді.
Биылда «Ұлы отан соғысы» деген рухта ұрандап сөйлегендер жетіп-артылды (өткен аптадағы газет материалдары мен телекөрсетілімдерді есіңізге түсіріңіз). Ұлт зиялыларының үнпарағы аталып жүрген бір газетті ашып қалсам - мен жақсы көретін тарихшы бауырым тілшімен сұхбатын «ұлы отандатып» ұрып шығыпты.
Алайда, айта кететін бір жәйт, осыдан бір жыл бұрын Сәкеннің бейнесі жазылған бір таспа Астанадағы Сәкен Сейфуллин мұражайына да әкелінген болатын. Бір қызығы, екі таспа да Красногор қаласынан әкелінген. Бір кадр болуы да мүмкін дейік десек, мұнда Сәкен ат үстінде отыр.
Олай болса, «жирыма(-ақ) жылдан бері тәуелсізбіз» дегенді ресми түрде қою керек. Ой қапасын жою керек. Күн өткен сайын шіре қысып барады сор маңдайды. Бізді қойшы, біз, өзіміз айтқан өтірікке өзіміз маспыз. Ет үйренген. Бет қалыңдаған. Қан шықпас. Басқаны да қоя сал. Оларға да осы өтірік керек. Тәтті өтірік, сәтті өтірік. Бітті.
Журналистік қызметімнің ең ірі олжасының бірі де бірегейі көзі тірісінде-ақ «Қазақтың қанатты қызы» атанған Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова апамызбен жүзбе жүз әңгімелесіп, ерлік тақырыбында бірнеше сағат сұхбат құрғаным дер едім. Батырмен көрісуім әр сәтіне шейін көз алдымда.
Мәселен, Ж.Досмұхамедов Пржевальскіде азық-түлік жинауға ұйтқы болып, оны Қазақстанның солтүстік және батыс облыстарына жіберуді ұйымдастырды. Сол 1921 жылы Міржақып Дулатов «Қазақ тілі» газетіндегі мақаласында Семей губерниясының қазақ қызметкерлерін аштыққа ұшыраған аудандарға елден мал жинап жеткізуге шақырды. Ол өзі жаз бойы бірнеше үйезді аралады.
Осы шағын нәтиже деректері мынандай: ел-жұрттың біраз бөлігі 1920 жылдан 1923 жылға дейін 215.178 десятина жерге орналастырылды. 1923 және 1924 жылдары жұмыс Жер Кодексі мен 1924 жылдың 17 сәуіріндегі Ереже бойынша жүргізілді де, халық «...мемлекет есебінен 2.512.609 дес., халық есебінен - 2.815.522 дес., барлығы - 5.543.309 десятина жерге орналастырылды».
Бұл шақта ішкі Ресейдегі жер дағдарысын шешу үшін, «қазақтың жерін игеріп-көркейту» (Столыпин) желеуімен, патшалық әкімшілік Қазақстанға қоныс аударушылар тасқынын бұрған еді. Осы орыс көші мүддесіне қазақтан 1916 жылға дейін көлемі 40.647.765 десятина жер тартып алынған (1 десятина 1,09 гектарға тең). Бұл мөлшер барлық шұрайлы, өмір сүруге қолайлы жер-су аумағынан асып кетті.
| |
|