Күн - күйеуін жер көксеп ала қыстай,
Біреуіне біреуі қосылыспай,
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң
Жер толықсып, түрленер тоты құстай.
Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Осы жылдың 1 қыркүйек күні 2 496 465 оқушы мектепке барады. Оның ішінде 297 778-і мектеп табалдырығын бірінші рет аттайды екен.
Айтқыш екен
Өз жерінде жеуге жарар, дәметер ештеңесі болмағандықтан ауыз бәрін шеттен алады. Экспорты - тек қана сөз.


Оспанхан Әубәкіров

Загрузка

Аймақтар

Жәрдемші

Серік ЫҚСАНҒАЛИ. Бақша байлық бір айлық десек те...
1 Қыркүйек 2009


Шілде, тамыз айлары - жиын-терімнің қызған шағы. Сонау көктемнің күн күлген сәттерінен бастап, жүйекке көкөніс отырғызып, оның күтімімен бел шешпей айналысқандардың еңбегінің қызығын көретін  кезең келді. әрине, қарапайым тұтынушылардың, соның ішінде облыс орталығы тұрғындарының дәруменді тағам түрін күнде дастарқанда көруге ықыласты сәті де осы мезгіл.

 

 


Он екі миллион орын толтыра ма?
13 Тамыз 2009


Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың ми қайнатқан маусымында онсыз да аңғары кеуіп, тыныс алуға дем таппай жүрген халық бір түнде уланып қалған болатын. Шырт ұйқыда жатқан дүйім жұртты дүрліктіріп, қобалжытқан «шулы» оқиға шындықты іздетті.

 

 


Өндірісі көп өлкеде кедейлік басым
12 Тамыз 2009


«Өндіруші компаниялардың да, өндіріс ошақтары шоғырланған өңірлердегі жергілікті биліктің де экономикалық, әлеуметтік дамуға толыққанды қосып жатқан үлесі шамалы». 1200-ден астам тұрғын арасында төрт (экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және айқындық) көрсеткіш бойынша сауалнама жүргізген «Сандж» зерттеулер орталығының мамандары осындай тоқтамға келіп отыр.

 

 


Нұрмұханбет ДИЯРОВ. Жер атаулары жүйеге түсе ме?
12 Тамыз 2009


Елдігіміздің бір белгісі ретінде байқалатын жер атаулары қашаннан бабаларымыздың бұл мәселеге байыппен қарап, табиғи ерекшеліктер мен өлке өзгешелігін тап басып, сол арқылы түйін жасағанын білдіреді.

Бір өкініштісі, кешегі кеңестік кезеңде, тіпті, одан арғы патшалық отарлау саясатымен біраз елді мекендер басқаша атауларды иеленіп, содан күні бүгінге дейін арыла алмай келе жатқанымыз егемендігімізге кіреуке түсіріп тұрғандай әсер қалдырады.

 

 


Асқар АҚТІЛЕУ. Қазақстандық фототілші берлиндіктердің мәселесін шешіп берді
12 Тамыз 2009


Іскерлік тәжірибеден өтуге Германияға барған ақтөбелік делегаттардың бірі Берлин қаласының қоғамдық көлік мәселесін шешіп берді. Бизнеспен қатар әуесқой суретке түсіруді серік еткен Асқар Сәдуақасовтың түсірілімдерінен соң, Германия астанасының басшылығы жарамсыз 144 автобусты алмастыру керек деп шешкен. Асқар Сәдуақасов 20 жылдан бері фотоаппаратты серік етіп келеді.

 

 


Болат Абаған. Прокурорды боқтаған әкім қамалды
28 Шілде 2009


Райымбек ауданының прокуроры А. Пашаев Есік аймағы бойынша ауданаралық қаржы полициясы басқармасының аға тергеушісі М. Досановамен бірге былтырғы он екі ай мен биылғы бірінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмектердің тағайындалуы жөнінде жиналған құжаттарға сай қозғалған тергеу әрекеттерімен танысу үшін Сүмбе ауылдық округіне арнайы іссапармен барады.

 

 


Қуандық Танабас. Қара орманға қарай жүр…
27 Шілде 2009


Павлодар облысының солтүстік-шығыс бөлігі орманды алқапқа ұласады. Мемлекеттік табиғи резерватқа енгізілген қарағайлы орман бүгінде күзетіліп, қорғалады. Өйткені, бірінші сортқа жатқызылатын қымбатты қызыл, майлы қарағай тек Канада мен Қазақстан жерінде ғана өсетін көрінеді. Сапалығын ескеріп кезінде патша І Петр де кеме жасау үшін қазақ орманының ағашын алдыртыпты деседі.

 

 


Мұнайлы Астанада мұз айдыны салынып қос құрлықты жалғастырған қос көпір ашылды
23 Шілде 2009


22-ші шілде күні Атырау қаласында екі көпір және мұз айдыны ашылды.

Қаланың Еуропа бөлігіндегі Әлиев көшесі мен Азия бетіндегі Сатыбалдиев көшелерін байланыстыратын көпірге «Сұлтан Бейбарыс» атауы берілді. Бұл көпір ірі жобаның бастауы: аталған көпір арқылы өтетін, Атырау әуе жайынан бастап темір жол вокзалына дейінгі аралық ендігі жерде «Сұлтан Бейбарыс даңғылы» деп аталатын болады.

 

 


Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ. Облыста ішек-құрт ауруы асқынып тұр
14 Шілде 2009


Халық тығыз қоныстанған Оңтүстік Қазақстан облысында 900 елді мекен бар. Соның 412-сінде тұратын жұрт құбыр арқылы келетін суды ішеді.
42-сі орталықтандырылмаған сапасы орта суды пайдаланады. Ал 47-сіне су тасып жеткізіледі. Қалғаны, яғни ауылдардың тең жартысындайы арықтан, өзеннен ағып келіп жатқан, не керек, кез келген суды пайдаланады.

 

 


Аязби БЕЙСЕНҚҰЛОВ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің телевизиялық және радиожурналистика кафедрасы меңгерушісі: Білімге тойымсыз, «аш» жастарды көбірек кездестіргім келеді
14 Шілде 2009


– Білім реформасының басты мұраты – оның сапасын жақсарту. Осы салада қордаланған мәселелер барын бәріміз де білеміз. Диплом алып шығып жатқан бүгінгі жас мамандарымыз нарық талабына толық жауап бере ала ма? Бәсекеге қабілетті ме?

 

 


RSS-материал
 

Мұрағат

Қыркүйек 2010
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930123

Айлық статистика

<<  >>




muftyat.kz/jaris/