Мемлекет те, сот та жазалау саясатының басты құралы ретiнде орыстың балтасын пайдаланды. Ал, шовинистер мен отарлаушының, оның iшiнде можантопай мұжық пен "елiрме сiңбелердiң", сауатсыз да сарамес жендеттiң қолындағы балта - iндеттен де қауiптi.
1927-1930 жылдары ұлт басына төнген қауiптi жан-тәнiмен сезiнген алаш көсемдерi халықты төнiп келе жатқан ашаршылық пен ұлттық ыдыраудан құтқарудың жолдарын барынша жанталаса қарастырды.
Бұл - 80-жылдардың аяғы еді. Қазақ телевидениесі баспа басшыларын, осы салаға жауапты адамдарды шақырып әңгіме өткізді. Мұны сол кездің "тікелей эфирі" деуге болады. Телефон шалушының сұрағы қағазға түсіріліп, жауап берушіге жеткізіледі.
Ауызекі сөзде дабырасы көп, солай болған екен, бүй депті, сүй депті деген ыбыр-сыбыры мол, ұзақ уақыт әдеби ауанға, тіпті пенделік ниетке түрткі салып, мұхтаршыл, сәбитшіл топтың пайда болуына себепші болған айрықша мәнді қарым-қатынастың сырын ашуға бел байлап отырмын. Мұндай тақырыпқа барудың оңай еместігі қазір кейбіреулерге қисынсыз да болып көрінер. Алайда, өмір сыбағасын орнына қою мақсатын көздесек шындықтың удай ащылығына қарамай ашық айтатын заман келді. Оны жасамасаң әдейі бұрмаланған, саналы түрде берекесі қашырылған өмір шындығын біле алмай қателікке ұрынамыз.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған (№ 21, 2010 жыл) профессор М.Қойгелдиев пен ізденуші Ш.Тілеубаевтың «Алқа.Табалдырық» атты материалын оқып шығып..
Қазақ халқының ғасырларға созылған ұлт-азаттық күресі-нің шырқау шыңы 1905 жылғы оқиғаларға байланысты екендігі тарихи ақиқат. Әлихан Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары Бірінші орыс төңкерісі..
Қазақтың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынов мұрасының қомақты біл бөлігі - публицистика. Ол алуан тақырыпқа мақалалар жазып, елдің санасын оятты. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы барлық алаш қайраткерлері сияқты Ахаң да бірнеше тақырыптарға қалам тартып, ағартушылық идеяларды халық арасында орнықтыруға тырысты. Оның кез-келген мақалалары сол саламен көп жыл айналысқан маманның жазғаны секілді әсер қалдырады.
Биылғы 2010 жылы, халқымыздың тарихында өзiндiк iз қалдырған iрi саяси оқиғалардың бiрi - Қазақ кеңестiк социалистiк республикасының құрылғанына - 90 жыл толды. Бұл оқиғаның құрылуы барысында пайда болған кеңестiк құрылыстың тарихы
«Алаш Ордаға» қарсы жұмыс iстеген Мұхамедияр Тұнғаншин туралы жазылмаған жазбалар
Мұхамедияр Тұнғаншин. Бейтаныс есiм. Көпшiлiк бiле бермейдi. Өз басым, аталған есiмдi алғаш рет Алматыдағы НКВД түрмесiнде 1937 жылы 15 күннiң iшiнде атылып кете барған 631 боздақтың тiзiмiнен көргенмiн. Көргенде ой келген. Ұлттың жауһар ұлдарының қолына су құйған, қызметтес, ниеттес жүрген, «Алаш Орда» ардақтыларының бiрi болар деген. Қалдырған қызметiн бiлмейтiн, еткен еңбегiн елемейтiн тұлғалар көп қой, әрине. Әсiресе, бiздiң ХХ ғасырдағы геноцидтер тауарихында.
Әлихан Бөкейхан шығарған "Омичъ" пен "Иртышъ" газеттерінің қолға түскен сандары
Ұлттық «Алаш» қозғалысы мен партиясының көсемі Әлихан Бөкейхан редакциялап шығарып тұрған «Иртышъ», «Омичъ» және «Голосъ степи» газеттерінің біріншісі - «Иртышъ»-тың басым көпшілігі Омбыда сақталған болып шықты. Ал Томскіден - «Омичъ» табылды.
| |
Мұрағат
Қыркүйек 2010
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| -1 | 0 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 | 1 | 2 | 3 |
|