Күн - күйеуін жер көксеп ала қыстай,
Біреуіне біреуі қосылыспай,
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң
Жер толықсып, түрленер тоты құстай.
Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Осы жылдың 1 қыркүйек күні 2 496 465 оқушы мектепке барады. Оның ішінде 297 778-і мектеп табалдырығын бірінші рет аттайды екен.
Айтқыш екен
Өз жерінде жеуге жарар, дәметер ештеңесі болмағандықтан ауыз бәрін шеттен алады. Экспорты - тек қана сөз.


Оспанхан Әубәкіров

Загрузка

Алашорда

Жәрдемші

Досалы САЛҚЫНБЕК. СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВ ЖӘНЕ ЖЕР ҮШIН КҮРЕС (БАСЫ)
30 Қараша 2009


Бiз мақаламызда iрi мемлекет және қоғам қайраткерi С.Қожановтың ұрпаққа өнеге боларлық өмiр жолының жарқын қырларының бiрi оның 1924 жылы жүзеге асырылған Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеудi жүргiзу кезiндегi қызметiне ғана тоқталмақпыз. Жер ана үшiн, жан берiсiп жан алысар сол бiр кезеңде ол қазақтың бiр сүйем жерi үшiн табанды түрде күресiп, ұлт мүддесi үшiн ештеңеден де тайынбайтынын көрсете бiлген қайраткер болды.

 

 


Ашаршылық ақиқаты туралы роман
24 Қараша 2009


Темірхан ТЕБЕГЕНОВ, филология ғылымдарының  докторы, профессор.

Қазақ әдебиеті тарихына ХХ ғасырдың 60-жылдары келіп қосылып, көптеген көр­кем туындылар жазған, халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, халқымызға танымал көрнекті қаламгер Адам Меке­баев­тың кезекті туындысы "Құпия қойма" (Жазушы, 2008 жыл) атты романы да дәс­түрлі эпикалық шығармалар қатарында оқыр­мандарына ұсынылды.

 

 


Тыңшы
24 Қараша 2009


Жазушы ағамыз Әкім Таразидың "Егемен Қазақстандағы" ұлы күрескер Мұстафа Шоқай туралы жазған мақаласын оқып, қуанышқа кенелдік. Қаламгердің: "Ол әлі шығыс халықтарына үлгі болады. Адамзат тарихында аса ірі тұлға ретінде ірілене береді", деген ой-пікірлеріне қалай қосылмасқа?! Мақаласының соңында автор ардақты аға туралы роман жазып жатқанын сирек деректер оқырманның өзінен болсын, соны күтемін деген екен.

 

 


Сұлтан Хан АҚҚҰЛҰЛЫ. Әлихан Бөкейхан үкім шығарылған күні-ақ атылған
17 Қараша 2009


Алаштың көсемі һәм Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның атылар алдындағы суреті. Бутырка түрмесі, Мәскеу, 1937 жыл. ССРО КГБ-сының мұрағатындағы сурет.

ХХ ғасырдың басында қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын басқарған Әлихан Бөкейхан 1937 жылдың қыркүйегінде Мәскеуде сотталып, сол жерде атылған. Бірақ та, ССРО НКВД-КГБ-сының құқықтық мирасқоры болып табылатын Ресейдің арнаулы қызметі оның жерленген орынын айтпай отыр.

 

 


Думан АНАШ. Шәкәрім қажының Сәбит Мұхановқа жазған хаты
16 Қараша 2009


Осы ғибратты тәмсiл есте жүрсе керек-тi. Бiздiң өткенiмiзде орасан қазына жатыр. Бiр ғана Мағжанды жетiк бiлу - Тәуелсiз елдiң iргесiн бекiтуге үлес қосам деген ұланның санасында қаншалықты сiлкiнiс

 

 


“ҚЫЗЫЛ” СӘКЕННІҢ ҰЛТШЫЛДЫҒЫ
7 Қараша 2009


Сәкен Сейфуллин атамекен болашағының нұрлы, жарқын болуын тіледі, барлық саналы ғұмырын, күш-жігерін осы ізгілікті іске арнады. Қазір біз дамыған елу елдің қатарына кірейік десек, Сәкен айналасы жиырма жылдың ішінде қазақ дәулеті шалқыған, өнер-білімі гүлденген халықтардың қатарына қосуды армандады.

 

 


Ана тіліміздің академигі
7 Қараша 2009


Биыл ана тілі абыздарының бірі, Ойылдан шыққан ғұлама қызымыз -  Рәбиға Сәтіғалиқызы Құттықожина-Сыздық 85 жасқа толып отыр. Ол - Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, ҚР Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте иегері, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері, ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор.

 

 


«Кенесары ханның басы мен денесi қосылмайынша, қазақтың да басы қосылмайды!»
3 Қараша 2009


Редакциямызға арнайы хат түстi. Әдетте, мұндай хаттар ҚР президентi Н.Ә.Назарбаевтың не болмаса ҚР премьер-министрi Кәрiм Мәсiмовтiң атына бағытталатын. Ал бұл хат қазақ зиялыларына бағытталыпты. Үндеу ретiнде.

 

 


Сегізбай Шектібаев. ГЕНЕРАЛ ШЕНДІ ҚАЗАҚТАР
19 Қазан 2009


"Қазақстан Республикасы қарулы күштері туралы" Заң күшіне енгелі бір мүшел айналып барады. Қазір тәуелсіз Қазақстан әскерінің өкілдері халықаралық қауымдастық қатарында Ирак жерінде бейбітшілік орнату үшін қызмет етіп жатыр. Бұл қазақ жауынгерлерінің дербес мемлекет әскері ретінде әлем алдында мойындалуының бір белгісі секілді.
Кезінде атадан асып туған батыр Бауыржан Момышұлына полковник шенінен артық дәреже бермей, еңсесін басып келген кеңестік құрсау әлдеқашан келмеске кетті. Қазір, Құдайға шүкір, өз генералдарымыз да жетерлік.

 

 


Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ. ҰЛТТЫҚ ЫМЫРА
7 Қазан 2009


Соңғы кездері рухани салада жұртшылықты елең еткізген бірер оқиға болды. Бес кітапқа жинақталып, алаш қозғалысына қатысты құжаттар жинағы жарық көрді. Мұнда жалпыұлттық және таптық көзқарастар ыңғайымен жіктелген қайраткерлердің кейбір күтпеген қадамдарын көрсететін деректер жария етілді. Баспасөз беттерінде 20-30-жылдарғы ұлттық элита жайында қорғалған ғылыми еңбекке байланысты біріне бірі кереғар пікірлер білдірген мақалалар басылды. Күні кеше тұсауы кесілген Алаш-Орда тарихына арналған фильмде де тосын пікір естілмей қалған жоқ. Мәселе халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Тұрар Рысқұловтың Бас хатшы Сталинге 1924 жылы Түркістан өлкесіндегі ұлт қайраткерлерін таптық тұрғыдан сынап жазған хаттарының көпшілікке белгілі бола бастағанында болатын. Соған байланысты  жақында Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту қоғамында пікір алысулар өтті.

 

 


RSS-материал
 

Мұрағат

Қыркүйек 2010
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930123

Айлық статистика

<<  >>




muftyat.kz/jaris/