Өткен ғасырдың басында қазақ жастарының белгілі бір бөлігінің ірі саяси орталықтарда оқуы, сол тарихи кезеңдегі саяси оқиғаларды тікелей көзімен көріп куә болуы, қоғамдық жаңғыру жолына қадам басқан орыс қоғамындағы демократиялық күштер мен ағымдардың ықпалын басынан кешіруі - олардың қоғамдық көзқарастарының кемелденуіне, саяси белсенділігінің артуына әсер етпей қоймады. Олар осы тарихи кезеңдегі әртүрлі саяси оқиғаларға қатынасып, қазақ халқының арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді және алғаш рет қоғамдық ұйымдарға топтаса бастады.
«Адамзат баласы көркем әдебиеттен ажырап қала ма?» деген үрейдің беті қайтқан жоқ. Бұл - бүтін дүниені толғандырып отырған мәселе. Сондықтан да елді кітап оқуға үндеген түрлі акциялар көптеген мемлекеттерде тұрақты жүргізіледі. Біздің елде де биыл үшінші жыл қатарынан «Бір ел - бір кітап» акциясы өткізілуде. Алғашқы жылы ұлы Абайды, былтыр Мұхтар Әуезовті оқыдық...
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы - бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады», - деп атап көрсеткен [1]. Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ десек, дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе - білім беру, ғылымды дамыту. Бұндай күрделі екі мәселені жүзе асыру үшін ана тілімізді толыққанды меңгеруіміз қажет-ақ. Ал тілімізді толыққанды меңгеру үшін өткен тарихымызға талдау жасамасақ тағы да болмайды. Тарихты білмей бүгінгіні құру, болашақты болжау мүмкін емес. Яғни, тарихы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр. Мұхтар Шаханов «Тарихты білмеу - тамырсыздық» - дей келе:
Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі
Жүсіпбек Аймауытов
Қазақ халқының тарихында Алаш қайраткерлерінің алар орны ерекше. Олар өз ұлтының бостандығы жолында басын бәйгеге тіккен, туған елін отаршылдықтың бұғауынан босатып, тәуелсіз мемлекет құру үшін ақтық демі қалғанша күрескен асылдар еді. Жалпы, қазақ халқының тарихында азаттық аңсап, өз елінің тәуелсіздігін қорғаған тарихи тұлғалар аз емес. Әйтсе де, Алаш қайраткерлерінің олардан бір үлкен айырмашылығы мен ерекшілігі бар.
Қазақтың атақты жазушысы, Алаш Орда қайраткерлерінің бірі Жүсіпбек Аймауытұлының кез келген туындысы ұлтты сүюдің барометрі іспетті. Әсiресе советтiк цензура әлi келмеген 1917-1918 жылдары жазған мақалалары ерекше көзге түседi. Бұл кезде ол Семейде шығатын «Сарыарқа» газетiнде қызмет iстеген. Сонымен бірге «Абай» журналының редакторы да болған. 1918 жылы бiр өзi осы журналдың он үш санын шығарған екен. Мiне, осы баспасөзде ол большевизмнiң өте қауiптi екенiн бағамдаған, ұлт бостандығын көздеген, қазақ елiнiң келешегiне алаңдаған, өткiр әрі проблемалық мақалалар жазған.
ХХ ғасырдың бас кезінде Алаш зиялылары отарлық езгіде азап шегіп жатқан қазақ халқының аянышты халін көріп, оны құтқарып алудың жолын іздеп шарқ ұрды. Халықты отарлық бұғаудан құтқару үшін азаттық, бостандық ұранын ту қылып тігіп, бүкіл халықты осы жолда бірлесіп күресуге шақырады. Тәуелсіздікті армандаған Алаш зиялылары 1917 жылы желтоқсанда, Орынбор қаласында Алаш автономиясын жариялады. Оның төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Бұл Алашорда өкіметінің негізгі мақсаты - тәуелсіздікке қол жеткізіп, халықтың тұрмыс-халін жақсарту еді.
«Өз жұртына жұмыс қылып, еңбек сіңірген адамдарды қадірлеу - елдіктің белгісі» деп, белгілі арысымыз Халел Досмұхамедұлы айтпақшы, көзін көрген жан ретінде есімі әлемге әйгілі ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаев жөнінде де айтпай өту аманатқа қиянат жасағанмен бара бар болар еді. Өзімнің ұзақ ғұмырымда тәлім алып, үйреніп, үлгі тұтқан тұлғаның маған таныс қырлары жария болуы керек деген ойдамын. Қалай дегенмен бүкіл саналы тіршілігінде елім деп, жерім деп өткен азаматтың естелігіне соқпай өтуге сірә да болмас.
Қазақта халық атынан сөйлеген, жұрттың жоғын жоқтаған арлы да алғыр азаматтар көп болған. Олар Қазақстанның әр түкпірінде жүріп-ақ бірін-бірі жақсы білген, бір-бірінің ниетін айтпай түсінген, тіршіліктерінде бір-біріне көмек көрсеткен. Байқасаңыздар, сонау солтүстікте, Арқада өсіп-өнген А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаевтар біраз ғұмырын оңтүстік өңірде өткізген, елеулі еңбектерін сонда тудырған.
Бойы бар бізден гөрі биігірек,
Тіп-тік боп абыройын тұрған тіреп.
(Қасым Аманжолов)
1917 жылы Орынбор қаласында 21-26 ншы шілде аралығында І нші жалпықазақ съезі ашылды. Съезге Ақмола, Торғай, Семей, Орал, Сырдария, Жетісу, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20 ға жуық өкіл қатысқан. Съездің күн тәртібіне сол кезеңдегі қазақ жұрты үшін өзекті делінген он төр мәселе қойылған. Оның ең маңыздысы «Алаш» париясын құру жөніндегі мәселе. Алайда, арада 92 жыл өткенімен сол тұста Алаш зиялылары көтерген мәселелердің көбі әлі күнге өзектілігін жойған жоқ.
| |
|