Күн - күйеуін жер көксеп ала қыстай,
Біреуіне біреуі қосылыспай,
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң
Жер толықсып, түрленер тоты құстай.
Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Осы жылдың 1 қыркүйек күні 2 496 465 оқушы мектепке барады. Оның ішінде 297 778-і мектеп табалдырығын бірінші рет аттайды екен.
Айтқыш екен
Өз жерінде жеуге жарар, дәметер ештеңесі болмағандықтан ауыз бәрін шеттен алады. Экспорты - тек қана сөз.


Оспанхан Әубәкіров

Загрузка

Әлеумет

Жәрдемші

Серік ҚАРАБАС. ТУРА БИДЕ ТУҒАН ЖОҚ, ТУҒАНДЫ БИДЕ ИМАН ЖОҚ
17 Шілде 2009


«Бұл хатты мен қылмыстық іс жабылғаннан кейін емес, керісінше дәл қазір тергеу амалдары басталған уақытта сіздердің газеттеріңіз арқылы жалпақ жұртқа жариялауды жөн көріп отырмын...», - деп жазады жең ұшымен жалғасқан құқық қорғау орындарының заңсыз әрекеттеріне іші удай ашыған жәбірленуші Оразкүл СҮЛЕЙМЕН.

 

 


Кәмшат ТАСБОЛАТ. Интернет-ресурстары БАҚ-қа теңестірілді
14 Шілде 2009


Елімізде көптен бері талқыланып, үлкен қоғамдық пікір туғызып үлгерген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» жөніндегі заң жобасына қол қойылды. Заңға сәйкес, Қазақстандағы интернет-ресурстары, атап айтқанда, портал, форум, блог, чат, WAP-портал, интернет-телевидениесі дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына теңестірілді.

 

 


Рихард Зорге мен Штирлицтердің қазақы образын жасамайынша, арнайы қызметке халықтың сенімін қалыптастыра аламыз ба?
14 Шілде 2009


Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы:
– Шындығында, халықтың арасында арнайы қызметтерге, құқық қорғау органдарына теріс көзқарас қалыптасқан. Алайда қиналған тұста баратын жеріміз сол тәртіп сақшылары мен қауіпсіздік қызметкерлері болмақ.

 

 


Арман Қани. Ұлт туралы ой толғау
14 Шілде 2009


Бостандық сүйгіш бодан елдер тарихы – ұлт азаттық көтерілістер мен қозғалыстар тарихы. Қазақстанның бодандық дәуірі негізінен егемендікке ұмтылған елдің қаһармандығы мен ерлігін сипаттайтын тарихи оқиғалармен баяндалуға тиісті.

 

 


Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ. БІР МИНӨТТІҢ ҚАДІРІН БІЛЕСІЗ БЕ?
14 Шілде 2009


“Бір минөттің ішінде қанша іс тындыруға болады?” – деп осы­дан үш жыл бұрын саябақтың ішінде бейтаныс, шашын толы­ғымен қараға бояп алған ба, жоқ әлде өзінің табиғи түсі сол ма, білмедім, жасы біразға келіп қалған өзімнің атамдай бір кісі осы сұрақты қойып еді.
Ойымда ештеңе жоқ, еш ойланбастан, бір жағынан күлкім келіп: “Бір минөттің ішінде жи­ырма беттік газеттің тақырып­тарын шолып шығуға болады. Ал егер компьютердің алдында отырып әріп теретін болсақ, елуден аса сөз терер едім.

 

 


Дос Көшiм. Қазақстандағы этносаралық қатынастарды жақсартудың жолдары
13 Шілде 2009


«Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшiмнiң ҚР Парламентiнде өткен «Қазiргi Қазақстан және «Европаға жол» атты халықаралық ғылыми-практикалы конференцияда сөйлеген сөзi
1. Бiрiншiден, бiздер мынаны мойындауымыз керек. Қазақ жерiнде басқа этностардың арасында (орыс пен белорус, ұйғыр мен татар, немiс пен украин, т.б.) ешқандай кикiлжiң не түсiнбестiк болған жоқ.

 

 


Омар ЖӘЛЕЛҰЛЫ. Қазақ әйелi:кеше, бүгiн және ертең
13 Шілде 2009


Қазақ әйелi туралы сөз қозғау әрi оңай, әрi қиын. Оңай болатын себебi - әйел бiздiң анамыз, әйел бiздiң әпке-қарындасымыз. Ақын ағамыз айтқандай, бiр әйелдiң құшағында туамыз, бiр әйелдiң құшағында өлемiз. Жастайымыздан көрiп өстiк, түйсiнiп, көңiлге түйiп өстiк. Тоғыз ай, он күн толғатып, «тар құрсағын кеңiтiп, тас емшегiн жiбiтiп» әйел бiзге өмiр сыйлады.

 

 


Жанат АХМАДИ. Ибн Сина iзiмен
13 Шілде 2009


Ибн Синаның «Медет» шипагерлiк кiтабы бүкiл Еуропада 200 жыл бойы «Медет-Сина» деп аталып, содан барып емшiлiк ғылымы «медицина» деген атпен қалыптасқаны күллi Шығыс елi үшiн зор мақтан тұтарлық жайт. Дәрiгерлiк жол адам баласына барынша адал қызмет көрсетiп келедi. Және бұл сауапкершiлiк атаулының ең биiк шыңы!

 

 


Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ. Үрімжідегі қақтығыста қаза тапқан азаматтарға құран бағышталды
12 Шілде 2009


Шілденің 10-ы күні Алматы қаласындағы ұйғырлар көп шоғырланған «Дружба» шағын ауданында Қазақстандағы ұйғырлар қауымы Шыңжаңдағы қақтығыста қаза болған азаматтардың әруағына құран бағыштап, ас берді.
Жұма күні жүздеген адам қатысқан азалы жиында Қазақстанның ұйғыр жастарының одағы мен ұйғыр мәдени орталығы Үрімжідегі жағдайға әлемдік қауымдастықтың араласуын сұрап, халықаралық құқық қорғау ұйымдарының атына үндеу жолдады.

 

 


Бодаухан Тоқанұлы. БІЗ ЗИРАТ КҮЗЕТШІСІ ЕМЕС, 50-60 ОТБАСЫЛЫҚ ҚОРАЛЫ АУЫЛМЫЗ
12 Шілде 2009


Бұл ауыл Ахмер елді мекенінің іргесіндегі мұсылмандар зиратының тау жақ қарсысына орналасқан. Бір шеті «Металлург-5» саяжайына ұласып жатыр. 2006 жылға дейін небәрі он шақты үйлі осы жазық соңғы үш жылда Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Тарбағатай сияқты қазақ аудандарынан, тіпті, Өзбекстаннан, Моңғолиядан көшіп келгендерге лық толды.

 

 


RSS-материал
 

Мұрағат

Қыркүйек 2010
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930123

Айлық статистика

<<  >>




muftyat.kz/jaris/