Бірақ, Алланың жазғаны сол болғаннан кейін не істей аласыз? Ендігі қолдан келетіні марқұмның сүйегін Ыстамбұлға әкеліп жерлеу еді. Ата-анасы да осы ойда еді. Бірақ Астанадаға Назарбаев университеті басшылығы Хақан Отыншыны Ыстамбұлға алып кетпей осында жерлеу туралы ұсыныс жасаған екен.
Ата-аналар балаларының айтқанын қылып, қыруар ақшаға шығындалып, бір күнгі көйлек пен бешпет-шалбарды былай қойғанда, мектеп пен олардың басшылығына, ұстаздарға түрлі жолдармен пара-сыйлықтар әзірлеуде. Бұған тағы бір себеп, ірі қалалардағы мейрамханалар ұры-шенеуніктердің иелігі болып есептеледі, олар білім жүйесі арқылы бұл күндері табысты еселеп алатыны түсінікті.
Діни секталар Білім және ғылым министрлігі бармаған, бос қалдырған жерлердің бәрін алып қойды! ЖОО мен мектептердегі тәрбие жұмыстарымен айналысатын қызметтер - тек аты бар, бірақ заты жоқ қызметтер. Бұл қызметте отырғандар мамандар емес, олардың жоспары да жоқ, еңбегін ғылыммен байланыстыратын жағдайлары да жоқ.
Мақаланың бастауында мен профессор Тайшыбайды «рухани әкеміз» деп қалдым. Ол, сонымен қатар, өнер зерттеушісі. Ауыз толтырып айтарлықтай еңбектер берді. Орталық Қазақстанның ән-күйлерін, орындаушылық дәстүрді талдаған «Алтын бесік ән-орда» кітабы ертеректе, профессор Шамғон Қажығалиевтің алғысөзімен шыққан.
Алайда тілек білдіріп, бағы жанып, шетелге аттанған ұл-қыздарымыздың, әсіресе қыздарымыздың мінез-құлқы мен жүріп-тұруы мұң болып тұр, олардың сабақтан тыс өмірі қалай өтуде? Бұл бір Аллаға ғана аян. «Үйдегі» қыздардың қылығы ойландырмай қоймай отырғанда, алысқа білім іздеп кеткен қыздардың халі нешік...
Қазір ғылым талабының қиюы қашты ма, әлде адамдардың біліми талғамы әлсіреді ме, әйтеуір «мәртебелі Академия» дегенді де, «ҚР ҰҒА» дегенді де ұмыта бастағандаймыз. Қарапайым шенеунік пен PhD үміткерлеріне түсінікті болсын, біздің Серік ағай - Қаныш Сәтбаев құрған Академияның академигі. ҚР ҰҒА - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы.
Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мырза үнсіз. Бейне ешнәрсе болмағандай, өзінің бұл жайтқа еш қатысы жоқтай тырс етіп тіл қатпай отыр. Әлде ол да мұғалімнің ескертуіне, талап етуіне екіленіп қарсы шыққан оқушы қыз бен оның жуан жұдырықты ағаларының жағында ма?!.
Алайда, соншалықты көп жаттау, ауыр тапсырмалар, қате өлеңдердің барлығы жауапсыздықтың себебінен бола бермейтін шығар. Артық кетсек, айып етпесін, бұл баланы алжастыруға арналған тірлікке ұқсайды. «Отан» шумағының екі түрлі нұсқада берілуі соның дәлеліндей.
Біздіңше, «Назарбаев университетімен» қоса «Назарбаев орталығын» құру дағдарысты тосып отырған қазіргі жағдайда, әрі Жаңаөзендегі жағдайдан кейін Елбасын халыққа жеккөрінішті көрсетпей ме? Ақордадағы ақылшылар осыны неге ойламады?
«Галатика құрдымы аса қашықта. Оны көру үшін өлшемі Жердей қондырғы қажет. Ондай қондырғыны құрудың жалғыз жолы - ғаламшардың өзін телескопқа айналдыру» Қазір сарапшылар алдағы үшжылдық жоспарын талқылап жатыр.
| |
|