Күн - күйеуін жер көксеп ала қыстай,
Біреуіне біреуі қосылыспай,
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң
Жер толықсып, түрленер тоты құстай.
Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Осы жылдың 1 қыркүйек күні 2 496 465 оқушы мектепке барады. Оның ішінде 297 778-і мектеп табалдырығын бірінші рет аттайды екен.
Айтқыш екен
Өз жерінде жеуге жарар, дәметер ештеңесі болмағандықтан ауыз бәрін шеттен алады. Экспорты - тек қана сөз.


Оспанхан Әубәкіров

Загрузка

Мәдениет

Жәрдемші

«Жібек жолы» жәдігерлер тізімі жасалуда
21 Мамыр 2009


Бүгінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімі түзілуде. Оған Орталық Азиядан тоғыз мәдени және бір табиғи нысан енсе, енді соған Қазақстаннан елдегі тоғыз ескерткішті «Жібек жолы» деп аталатын әлемдік жәдігерлер тізіміне енгізуге ұсыныс жасалмақ.

 

 


Ұлы даланың арымас абызы
21 Мамыр 2009


Кешегі кеңестік дәуір қазақ халқын басып-жаншып, рухани құндылықтарын жоққа шығаруға тырысқаны аян. Ұлы шовинистік пиғыл өріс алып, тарихтағы соғыстың бәрі орыстың "жеңісімен аяқталғаны" намысыңды жанитын.

 

 


Мiржақып Дулатовтың iшiгi мәңгi сақталады
19 Мамыр 2009


Қазақ асылын ардақтап, батырын ұлықтаған халық. Кешегi қиын-қыстау заманда елiмiздiң бүгiнгi жарқын болашағы үшiн құрбан болған тектi арыстарымыздың еңбегi мен өнегелi мұрасын ұрпақтан ұрпаққа аманат ету бiзге парыз.

 

 


«Қанымда нұры бар бабамның»
18 Мамыр 2009


«Тамырдағы тәтті әуен» – есімі оқырман қауымға біршама танылып қалған жас ақын Асанқадыр Исабектің «Жалын» баспасынан оқырманға жол тартып отырған жыр жинағы осылай аталады.

 

 


Дағдарыс қызығын суретшілер көреді
18 Мамыр 2009


Экономикалық дағдарыс Англияның сауда-саттық көшелерін қаңыратып кетті деуге болады. Қазірдің өзінде Нортхэмптондағы әрбір алтыншы дүкен иесіз бос қалғанын ескерсек, сараптамашылардың жылдың соңына дейін елде 70 мыңдай сауда нүктесі жабылады деген болжамдарына сене беруге болатындай.

 

 


Воннегутті толық таныдым деуге әлі ерте
18 Мамыр 2009


2007 жылы дүниеден өткен классик қаламгер Курт Воннегуттің бұрын еш жерде жарияланбаған 14 әңгімесі бір мұқабаның астына топтастырылып, осы жылдың қараша айында оқырманға жол тартпақ.

 

 


Пиросмани. Ван Гогтың грузин бауыры
18 Мамыр 2009


Әдебиетке Шота Руставели мен Сулхан-Саба Орбелианилерді берген грузин халқы талантты қылқалам шеберлеріне де кенде болған емес. Солардың бірі әйгілі Винсент Ван Гогпен тағдыры да, творчествосы да ұқсас, табиғи дарынын әлем мойындаған Никколо Пиросмани болып табылады.

 

 


Президент – жазушы жарнамашысы
18 Мамыр 2009


Венесуэла президенті Уго Чавестің АҚШ президенті Барак Обамаға сыйлаған кітабы лезде әлемдегі ең жақсы сатылатын кітаптардың қатарына қосылды.

 

 


Махаббат жыршысы дүниеден өтті
18 Мамыр 2009


Испан әдебиеті жазушы Корин Телладомен қоштасты. Көзі тірісінде жалпы тиражы 400 миллион таралыммен 4000 мың кітабы жарияланған Телладо махаббат тақырыбының үздік жазушыларының қатарынан саналатын.

 

 


Сатириктер сапы сетінемейді
18 Мамыр 2009


Соңғы кездері әдебиетімізге жастар легі толқын-толқын болып келіп жатқанымен, солардың арасынан сатираға қыры барларды ұшырата  алмай қиналатынбыз. Осылай жүргенде, Қанат Ескендір есімді тілі уытты, қаламы қарымды жас пері жарқ ете қалып, көңілімізді бір демдеп тастап еді.

 

 


RSS-материал
 

Мұрағат

Қыркүйек 2010
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930123

Айлық статистика

<<  >>




muftyat.kz/jaris/