Күн - күйеуін жер көксеп ала қыстай,
Біреуіне біреуі қосылыспай,
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң
Жер толықсып, түрленер тоты құстай.
Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Осы жылдың 1 қыркүйек күні 2 496 465 оқушы мектепке барады. Оның ішінде 297 778-і мектеп табалдырығын бірінші рет аттайды екен.
Айтқыш екен
Өз жерінде жеуге жарар, дәметер ештеңесі болмағандықтан ауыз бәрін шеттен алады. Экспорты - тек қана сөз.


Оспанхан Әубәкіров

Загрузка

Мәдениет

Жәрдемші

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ. Ұлттық операның жауһары
12 Шілде 2009


Қазақтың тұңғыш операсы
«Қыз Жiбек» – қазақтың тұңғыш операсы екенiн жұртшылық жақсы бiлсе керек. Иә, халқымыздың кәсiби опера тарихының алғашқы бетi осы «Қыз Жiбектен» бастау алған. Ұлттық нақыштағы әйгiлi классикалық туынды сахнаға алғаш рет 1934 жылы қанат қақты.

 

 


Роза РАҚЫМҚЫЗЫ. ҚАЗАҚТЫҢ ШАЛА ШУКШИНДЕРІ… көркем әдебиетті қашанғы мансұқтайды?..
12 Шілде 2009


Орыс әдебиетіндегі Павел Корчагин, доктор Айболит, Буратино, Остап Бендер, Глеб Жеглов, Штирлиц сияқты өзге де  танымал кейіпкерлердің әралуан кезеңдер мен түрлі буындардың культтік тұлғасына айналғаны анық. Өткен ғасырдағы орыс зиялысының бейнесі, әдетте, доктор Живагомен байланыстырылады. Ал замандастарын соңынан ерте білген Тимур бейнесіне балалар армиясының көшбасшысы тұлғасы топтастырылғаны даусыз.

 

 


Меруерт Түсіпбаева.Қытайдағы бауырларым менің табанымды жерге тигізбеді
8 Шілде 2009


Екі рет көз тиді
Жақында Қытайдың Үрімжі қаласына Ахметжан Рабжанның шығармашылық кешіне барып қайттыңыз. Ол жақтағы қазақтар сізді қалай таниды?
- Қытай мен Қазақстан арасындағы рухани қарым-қатынас жақсарған кезде алғаш рет қарлығаш болып Роза Рымбаева барған-ды. Роза апайымыздан соң екінші болып мен бардым.

 

 


Роза РАҚЫМҚЫЗЫ. «Өрмекші-адамдарды» өсіріп жатырмыз
8 Шілде 2009


Бүлдіршін атаулының көгілдір экраннан ең алдымен іздейтіні - әрине, мультфильм. Спутниктік телеарналардың арқасында бүгінде балалардың бұл сұранысы айтарлықтай қанағаттандырылып та жүр. Nikelodeon, Jetix, CN арналарының тұрақты көрерменіне айналған олар, Өрмекші адам, Тасбақа Ниндзя, Робот-полицей, Спанч Боб сияқты түр-түсі келіспеген, құбыжық кейіпкерлерді кумир етуге көшті...

 

 


Ләззат Кемелбаева. Зұлымдық пен ғашықтық хикаясы
6 Шілде 2009


Жуырда Астана төрінде әлемдік классика туындысы - «Корсар» балеті  қойылды. Бейбітшілік және келісім сарайында көрерменге паш етілген туынды жұртшылыққа ерекше серпін сыйлады.

Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің елорда сахнасында тұңғыш тұсауын кескен бұл шығарманы ғаламатқа теңеуі сірә, тегін болмаса керек.

 

 


Майнұр Жанақова. ҚАЙДАСЫҢ, ҚАЗАҚ МУЛЬТФИЛЬМI?
2 Шілде 2009


Жадыраған жаз мезгiлiнiң алғашқы айы да аяқталып, оқушылар үшiн жазғы демалыстың ендiгi еншiсi тамыз бен шiлде айларына қалды. Жаздың үш айын, қызықты демалыс күндерiн бiрi - ауылда ата-әжесiнiң жанында тайға мiнiп, ат шауып асыр салып өткiзсе, ендi бiрi - лагерьлерде жаңа достар тауып, демалыстарының әр күнiн өзiнше қызықты өткiзуге тырысуда. Ал, кейбiрi түрлi телеарналардан бiрiнен соң бiрi көрсетiлетiн мультфильмдердi сүйсiне көрiп, көгiлдiр экранды жаз бойы жанына "азық" етуде.

 

 


Айнұр Сенбаева. Беташарын ұзақ күткен «Келін»
2 Шілде 2009


Өткен аптаның соңында Алматыдағы «Мега» ойын-сауық орталығының кинозалында «Келін» фильмінің тұсаукесер көрсетілімі болды. Картина 2008 жылдың желтоқсан айында дайын болғанымен, киносарапшылардың әрі-сәрі әңгімесінен кейін бе, әлде көрерменге көрсетудің ретін таппағандықтан ба, жұртшылық «Келіннің» «беташарын» ұзақ күтті. Фильм алғаш ақпан айында жабық жағдайда көрсетілген соң, «Келіннің» тұсаукесерін жасауға «Қазақфильм» киностудиясы рұқсат бермей отыр» деген де сыбыстар естілген-ді.

 

 


Қазақтың бір қызы бар Қапаш атты ...
2 Шілде 2009


Қасиетті қазақ даласының дарабоз ұлдары мен қыр гүліндей қыздарының арасында қазақ деген атауға есімін қосып айтуға болатындары бір төбе. Солардың бірі – Қапаш, әнші Қапаш. Қазақтың Қапашы!

 

 


Өміржан ӘБДІХАЛЫҚҰЛЫ. Даулы «Келін» фильмі үлкен экранға жол тартты
29 Маусым 2009


«Келін» көркем фильмінен көрініс. Режиссері - Ермек Тұрсынов.

 

Қазақстанда көрерменіне жетпестен бұрын басы дауға қалған режиссер Ермек Тұрсыновтың «Келін» кинокартинасы маусымның 26-сынан бастап елдің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастады. Ерекшелігі - фильмде ешқандай сөз, кейіпкерлердің диалогтары жоқ.

 

 


Сәуле ЖАНПЕЙIСОВА, Мемлекеттiк «Дарын» сыйлығының иегерi: ДӘСТҮРЛI ӨНЕРДI ДӘРIПТЕГЕН ДҰРЫС
29 Маусым 2009


Халық жүрегiнiң үнiн, оның ойы мен сезiмiн, бар болмыс-бiтiмiн жеткiзуге кейде эстрадалық әндердiң шамасы жетпей жатады. Ол тек ұлттың тарихи қалыптасуынан бастау алған, нәзiк үндi қобыз және қоңыр дауысты домбырадай ұлттық аспаптармен бiрге жасап, бүгiнгi күнге жеткен дәстүрлi әннiң көп тынысты, сан қырлы күш-қуатына тән сияқты. Қазыналы халқымыздан, ата-бабадан мұраға қалған дәстүрлi ән құдiретiне бүгiнде бас имейтiн қазақ болмас.

 

 


RSS-материал
 

Мұрағат

Қыркүйек 2010
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930123

Айлық статистика

<<  >>




muftyat.kz/jaris/