Египет Араб Республикасының Вакуфтар министрiнiң кеңесшiсi Мұхаммед Абд ал-Ғани Шама “Нұр-Мүбарак” ислам мәдениетi университетiнiң шақыруымен осы бiлiм ордасында дiни-рухани сабақтар өткiзiп жүр. Астанада өткелi отырған әлемдiк және дәстүрлi дiндер съезiнiң қарсаңында ғалыммен ислам құндылықтары жөнiнде пiкiрлескендi жөн көрдiк. Берлиннiң Еуропалық университетiнде дiндердi салыстырмалы зерделеу саласының докторы, Египеттегi ал-Азхар университетiнiң Тiлдер мен аударма факультетiнiң исламтану пәнiнiң профессоры, ұстаз Шаманың Ислам дiнiнiң басқа дiндермен байланысы жөнiндегi ойларын тұжырымдап берiп отырмыз.
Қазақстан өз азаматтарының құқы мен еркіндігін тоталитарлық секталардан қорғай алмай отырған елдердің санатында. Әсіресе, еліміздегі іріткі салушы діни бірлестіктердің ішінде «Сайентология шіркеуінің», сондай-ақ Дианетика орталығы, «Нарконон», «Криминон», «Хаббард-колледж», «Рубикон» сияқты ұйымдардың ықпалы өте күшті. Көптеген қарапайым азаматтардың басына түскен трагедиялық жайттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өзі сайентологтардың шабуылына ұшырап жатқандығына қарап, осыны мойындамасқа лаж жоқ.
Имамдардың бiлiмiн жетiлдiру институтының дайындық курсы филиалы көп жылдан берi жемiстi қызмет етiп келедi. Бақыт қажы Тұрсынбеков басқаратын бұл оқу орталығы елiмiздегi мұсылмандарды дiни сауаттандыру жолында барын салып отыр. Исламда бiлiм алу – ер адамға да, әйелге де парыз екенi баршаға мәлiм. Араб тiлiн үйрену – қасиеттi Құран Кәрiмдi сауатты оқуға, тәжуидпен меңгеруге қадам басу һәм ислам құндылықтарымен сусындау деген сөз.
Құрметті оқырман! Мұсылман баласы дін қабылдап, тағат, құлшылыққа бет бұрған соң ой ізденгіштігін үнемі дамытып, тереңдетіп отыруға міндетті болады. Ұлық Алла Құран Кәрімде: «Адам баласы, ойланыңдар! Табиғаттан, тұла бойларыңнан менің құдірет қолдарымның іздерін ой-пікірмен табыңдар» деп талай жерде бұйырған. Ұлық Алланы терең танығысы келетін бауырларға денедегі қанның кереметке толы қызметі туралы айтқымыз келеді.
Халқының 70 пайызы мұсылман деп есептелінетін Қазақ елі «халал» стандартына қол созғалы қашан? Қасиетті Құран Кәрімде: «Әй, адам баласы! Жер жүзіндегі халал, таза нәрседен жеңдер! Және шайтанның ізіне ермеңдер! Өйткені ол сендерге ашық дұшпан» («Бақара»,168), «Сендерге шынайы түрде өлексені (арам өлген малды), қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалған дүниелерді арам қылды» («Бақара», 172) деп анық жазылған.
Жалғасы
30. Қасиетті Құран оқу және сауабын бағыштау үкімі Мәйітке арнап Құран оқуға, “Хатым Құран” (Құранды басынан аяғына дейін оқып шығу) түсіріп және оның сауабын марқұмға бағыштауға болады. Сауабы иесіне тек Алла тағаланың әмірімен ғана тиеді.
Редакциямызға республикамыздың түрлі жерлерінен жаназа мәселесін шариғатқа сай етіп бір ізге түсіру және оны газетке жариялау жайлы хаттар түсуде. Осыған байланысты біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына хабарласып, ҚМДБ-ның Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары амал ететін Ханафи мәзһабына сай дайындаған пәтуасын көпшілік сұрауымен газетке бергенді жөн көрдік.
Бүгінгі күні Қазақстанның Қарулы күштер саласында сарбаздарда ұлттық рух, қазақы мінез қалыптастыру – елдің қауіпсіздігі үшін әскерді қаруландырып, машықтандырумен қатар жасалатын өте маңызды шаруа. Сондықтан, есте жоқ ерте замандағы батырларымыздан бастап, кеше дүниеден өткен Бауыржан Момышұлындай тұлғалардың ерлігін, шығармаларын жас сарбаздың бойына сіңіруге барынша мұқтаж болып отырмыз.
Таяуда “Литер” газетінде (76(1260), 30 сәуір, 2009. 8-бет). Серік Малеевтің “В Казахстане зреет исламская реформация” атты “Ізгі амал” қоғамдық бірлестігінің басшысы Аслбек Мусинмен сұхбат мақаласы басылды. Аслбек Мусин Пайғамбарымыз қайтыс болған соң мұсылман ғұламалары Аллаһты емес, көптеген кісілерді (Пайғамбарыын, сахаб-н, табиғ-ді, діннің бұрынғы жетекшілерін, ғалымдарын, кейін соңғы ғұламасын) қасиеттеп киелі санайтын өзгеше, дербес дін жасап алды деп бағалайды. Хадис, сүннәт және ижма деген нәрселер Құранға қайшы, кейде тіпті бір-біріне қарама-қайшы шешімдер пайда болған.
Әуелде СӨЗ болған… Інжіл осылай дейді. Сөздің қасиеті мен киесін білетін ағаларым да солай деп жүр. Оған талас жоқ. Санасында сәулесі бар сірә, таласа қоймас. «Сөз түзелді. Тыңдаушы сен де түзел» деді Абай. Сөздің түзелгені қашан. Тек соның қадіріне жететін жоқ. Бұ заманда Сөз қадірін кім ұққан? Кеше оның жылағанын көрдім. Шынымен жылап тұр… Әлдекім оны қолымен ұстап алмақ бопты.
| |
|