Күн - күйеуін жер көксеп ала қыстай,
Біреуіне біреуі қосылыспай,
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң
Жер толықсып, түрленер тоты құстай.
Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Осы жылдың 1 қыркүйек күні 2 496 465 оқушы мектепке барады. Оның ішінде 297 778-і мектеп табалдырығын бірінші рет аттайды екен.
Айтқыш екен
Өз жерінде жеуге жарар, дәметер ештеңесі болмағандықтан ауыз бәрін шеттен алады. Экспорты - тек қана сөз.


Оспанхан Әубәкіров

Загрузка

Саясат

Жәрдемші

Несiпбек АЙТҰЛЫ. Өлгеннен кейiн бiздiң де кезегiмiз келер
14 Маусым 2010


Әдебиет пен өнерге екi жылда бiр берiлетiн Мемлекеттiк сыйлық өткен жолы ешкiмге берiлмей қалды. Үмiткерлерге Мемлекеттiк сыйлық жөнiндегi комиссия тарапынан көпе-көрiнеу қиянат жасалды.

 

 


Әділ Тойғанбаев: «Құқықтық мемлекет құруға «шығындалғысы» келмегендер бәрінен ұтылады»
10 Маусым 2010


Елбасы "Ұлт көшбасшысы" туралы заңға қол қоюдан бас тартқан күннен бір күн бұрын "Жұмадағы ЖҮЗДЕСУ" газетінің тілшісі Қазақ Ұлттық Конгрессінің көсемі Әділ...

 

 


Мен таныған Обама (Жалғасы)
24 Мамыр 2010


Ел басқарған ұлы басшылардың көпшілігіне тән қасиет - мінез-құлықтарының ерекшелігінде. Ал Обаманың жеңіске жетуіне себепкер болған  құнды қасиеттерінің тамырына зер салып көрелік.

 

 


ҚЫЗЫ ЕДIҢ ТОҚТАМЫСТЫҢ АТЫҢ – САРА... (ЕЖЕЛГI ЭССЕ)
15 Сәуір 2010


Жалпақ қазаққа мәлiм айтыстың бiрер жолын бұрып айтқанымыз болмаса, Тоқтамыстың Сарасы да Тастанбектiң қызынан кем соқпаушы едi. Бұл Сара жеңбеген жiгiт, бұл Сара алмаған жүлде жоқ: машинаның бiраз түрiн талғап та, таңдап та мiндi. «Сенi аламын» деген талай алкеуде ақынның аузын артына қаратты. Бәйге бiткеннiң басында Сара ақынның аты аталмаған айтыс жоқ.

 

 


Қазаққа ЖАҒЫМПАЗДЫҚ қайдан жұққан?
15 Сәуір 2010


Орта ғасырларда Ресейде алғаш рет болған шетелдiктер орыстардың мiнез-құлқы туралы көптеген деректер жазып қалдырған. Ондағы мәлiметтердiң кейбiрi әлi де өзектi. Мәселен, мұндағы «Орыстар бөгде тiлдi үйренуге бейiм емес. Тiптi өзара әңгiмелескенде де ешқашан өзге тiлдi араластырмайды» деген сөздерден елiмiздегi орыс ағайындардың қазақ тiлiн неге үйренгiсi келмейтiнiн бiлуге болатындай. Мүмкiн, ана тiлiн бiлмейтiн немесе үйренуге ұмтылмайтын өз қандастарымыздың қылығын да ұлттың бойындағы осындай мiнез ерекшелiгiнен көру керек шығар?.. Төмендегi материалда орыстар туралы жазған шетелдiктердiң қысқа пiкiрлерi ғана қамтылды.

 

 


Әмiржан ҚОСАНОВ, «Азат» партиясының басхатшысы ШАРТ
15 Сәуір 2010


Бiздiң билiктiң бизнеске деген пейiлi бесенеден белгiлi. «Ашсам - алақанымдасың, жұмсам - жұдырығымдасың!». Әрi қарай жалғастырсақ, «Қарсы шықсаң - қапастасың, именбесең - Интерполдасың!». Осыдан бiрер күн бұрын Ақордада президенттiң өз басқаруымен өткен отандық бизнес өкiлдерiмен кеңес осы ащы да абырой бере қоймас ақиқаттың растығын тағы да тайға таңба басқандай көрсеттi.

 

 


Қазыбек ИСА. ЕЛ АЗАТ БОЛҒАНЫ ШЫН БОЛСА, - ТІЛ НЕГЕ АЗАТТЫҚ АЛМАЙДЫ?!.
15 Сәуір 2010


Қасірет қаптауда қалада-

Қазақтар орысша сөйлеуде...

Өлікке айналып бара ма,

Намыстан айрылған көркеуде...

 

 


Соттағы сорақылықтар жалғасып жатыр
15 Сәуір 2010


Астана қаласындағы №2 Сарыарқа аудандық сотында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің ісі бойынша сот процесі жабық есіктің арғы жағында өтіп жатыр. Алайда, Мұхтардың қорғаушысы Нұрлан Бейсекеевтің айтуынша, сенсациялық сотта қаралып жатқан қылмыстық істің бірде-бір құжатында «аса құпия» деген мөр жоқ көрінеді. Ең сорақысы сол, осы «құпиялықтың» кесірінен М. Жәкішевтің оққағары Талғат Қыстаубаевтың қорғаушысы Хамида Айтқалиева соттың есігі түгілі, тесігінен де сығалай алмай жүр. Өз әрекетінен түк шықпаған соң, ашынған Айтқалиева құзырлы мемлекеттік органдардың өкілдерінің үстінен сотқа шағымданатынын мәлімдеді.

 

 


Қазақстанда халықшыл оппозиция бар дегенге сенесіз бе?
15 Сәуір 2010


Өзін демократиялы ұстанымдағы мемлекетпіз дейтін кез - келген елде әртүрлі көзқарас пен ұстанымдағы партиялардың болатыны заңды құбылыс. Саяси еркіндікке көшкен 20 жылға жуық уақыт ішінде Қазақстанда билікке оппозиция боларлық бірнеше партия мен қозғалыстар тіркеліпті. Алайда соңғы 7-8 жылда «биліктің партиясы» аталып жүрген «Нұр Отанның» беделі күн санап емес, сағат санап өсіп жатқанын көріп жүрміз. Саясаттанушыларымыз әзірге «биліктің партиясына» қарсы тұрарлық қауқарлы партия да қозғалыс та жоқ дегенді айтады. Ал, оппозиция өкілдерінің өкпесі қара қазандай. Олар күштерімізді бір жерге топтастыруда, қол, дауыс жинауда көптеген кедергілердің үнемі кесе көлденеңдей беретінін алға тартады. Расында да солай ма? Елімізде билікке қол жеткізуді емес, алғашқы орынға халқының қамын ойлауды қоятын «халықшыл» оппозиция бар ма өзі? Ой-көкпардың бүгінгі қонақтары осы мәселені ортаға салмақ.

 

 


Адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдардың есебі
12 Сәуір 2010


Шамамен 15,6 миллион халқы бар Қазақстан Республикасында Президент Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясы үстемдік ететін парламенттік жүйе қалыптасқан. Конституция билікті президенттің қолына..

 

 


RSS-материал
 

Мұрағат

Қыркүйек 2010
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930123

Айлық статистика

<<  >>




muftyat.kz/jaris/