Күн - күйеуін жер көксеп ала қыстай,
Біреуіне біреуі қосылыспай,
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң
Жер толықсып, түрленер тоты құстай.
Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Осы жылдың 1 қыркүйек күні 2 496 465 оқушы мектепке барады. Оның ішінде 297 778-і мектеп табалдырығын бірінші рет аттайды екен.
Айтқыш екен
Өз жерінде жеуге жарар, дәметер ештеңесі болмағандықтан ауыз бәрін шеттен алады. Экспорты - тек қана сөз.


Оспанхан Әубәкіров

Загрузка

Спорт

Жәрдемші

Байжан Дубай. Қытай қазақтың намысын жырта ма, әлде іштен құрта ма?
26 Қараша 2009


Оңтүстік Кореяның Гоянг-Сити қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жанкүйер қауым осы додада Қазақстанның намысын жыртып, жүзден жүйрік шыққан Зүлфия Чиншанлоның алтын медаль жеңіп алғанынан..

 

 


Қуаныш құтты болсын, жанкүйерлер!
7 Қараша 2009


Футболдан Қазақстан Республикасының XVIII чемпионаты жалауын түсірді. «Ақтөбе» командасы біріншіліктің аяқталуына бір тур қалғанда «Тобылды» жеңіп, төртінші рет чемпиондық тәжді «киді». Ақтөбе футболының дамуы үшін барлық жағдайды жасап, тек ойнай біліңдер деген облыс әкімі Елеусін Сағындықов берген тапсырма үдесінен шықты. Алғаш 2005 жылы чемпион атанғанымызда кездейсоқтық деп бағалаған сырт көздер болған.

 

 


Айдос Сарым. Қазақтардың аяғы қисық па әлде намысы жоқ па?
9 Қазан 2009


25 қыркүйек күні 2009-2010 жж. Қазақстанның шайбалы хоккейден ашық чемпионаты басталды. Осы кезге дейін командалардың тым аздығынан шайбалы хоккей еліміздегі «кенже» спорт түрінің бірі болып келгені ешкімге құпия емес. Қазақстан командалары өзінің шеберлігін жетілдіру үшін біресе Ресей біріншілігіне жармасып, біресе Континенталды хоккей лигасының есігін қағуға мәжбүр болды. Сондықтан да  шайбалы хоккей жанкүйерлері үшін осындай толыққанды чемпионаттың өтуі айтулы оқиға екені анық.

Республикамыздың алғашқы чемпионатына сегіз команда: «Қазақмыс» (Сәтпаев), «Сарыарқа» (Қарағанды), «Горняк» (Рудный), «Ертіс-Павлодар» (Павлодар), «Барыс-2» (Астана), «Казцинк-Торпедо-2» (Өскемен), «Арлан» (Көкшетау) және «Бейбарыс» (Атырау) қатысады деп күтілуде. Чемпионатқа қатысушы командалар көктемге дейін сегіз айналымда өзара елу алты матч өткізіп, сәуір айында плей-офф сатысына шығады. Осы ақтық сыннан кейін Қазақстанның шайбалы хоккейден алғашқы турнирлік кестесі жасалып, ел чемпионы анықталады.

 

 


Ақырыс Сейтқазы .Қоржынға тұңғыш қола түсті
24 Қыркүйек 2009


Қыркүйектің 21-жұлдызында Данияның Хернинг қаласында басталған күрес түрлерінен әлем чемпионатында еркін күрес шебері 66 келідегі Леонид Спиридонов қола медальға қол жеткізді.
Құрама штаттардың өкілі Трент Полсон, өзбек Алишох Вахидовты жеңген Спиридонов Иран балуанына есе жіберді. Егер,Мехди Керманидан айласын асырғанда алтынның да ауылы алыс емес еді. Үшінші орын үшін күресте украин Андрей Стадник пен түрік балуаны Мұхаммед Илханды  ұтқан Леонид Қазақстан құрамасының қоржынына сайыстағы тұңғыш медальды салды.

 

 


Таңат Нөсербаев: Жеңіліске жігерсіздік таныту жігіттің ісі емес
18 Қыркүйек 2009


Қазақ футболының қарқыны қанша төмен десек те, ала допты аяғында ойнататын жастар жоқ емес. Кезекті жеңіліске куә болып, стадионнан көңілсіз қайтқан күннің өзінде келешекке иек артып, еңсемізді...

 

 


Ерлан ӘБДІРҰЛЫ. Футболшы = камикадзе?
13 Қыркүйек 2009


Дүниеден озған - Румынияның «Дунэря» клубының бар-жоғы 19 жастағы қақпашысы Александр Ятан. Ел біріншілігінің екінші дивизионында өнер көрсететін «Дунэря» оны бірінші дивизиондағы «Астра» клубынан жалға алған екен. Бірақ Ятан марқұм жаңа командасында жөндеп ойнап та үлгермеді.

 

 


Ақырыс Сейтқазы. Қазақ боксындағы тоқырау ұзаққа созылмауы керек
13 Қыркүйек 2009


Қазақ боксшылары Миландағы біріншілікті алтынсыз аяқтады! 11 боксшыдан жартылай финалға жалғыз жеткен Серік Сәпиев өз елінде де аса таныла қоймаған Андрей Замковойдан жеңіліп, әлемді үшінші рет бағындыру бақытынан айырылды.

 

 


Сапта Сәпиев пен Сываев қалды...
10 Қыркүйек 2009


Қазір барша әлемнің назары Италияның Милан қаласына ауды. Әдеттегідей, тамаша футбол көрінісіне емес, боксшылар бәсекесіне куә болу үшін. Араға екі жыл салып жалауын көтерген бокстан әлем чемпионатына жер шарының 133 елінен 554 спортшы қатысуда.

 

 


Сүйікті командасынан айырылған бапкер
1 Қыркүйек 2009


Биыл 17 шілдеден бастап 2 тамызға дейін Римде су спорты түрлерінен ХІІІ әлем чемпионаты өткен болатын. Осы чемпионат аясында су добынан да бүкіләлемдік біріншілік өтіп, онда Қазақстан құрамасы соңғы, 16-орынға табан тіреді.

 

 


Азиз ЖҰМАДІЛ. «Қайратты» тастап қашқандар
12 Тамыз 2009


Осыдан бірер жыл бұрын ғана еліміздегі футболшы атаулының барлығы «Қайраттың» сапында өнер көрсетуге әуес еді ғой. Тіпті қарсы команданың құрамында ойнағанның өзінде алматылық клубпен кездесе қалса, өздерін бар қырынан көрсетіп қалуға тырысатын. Алайда өкінішке қарай, бүгінде сол саңлақтардың ешқайсысы Қазақстан футболының бойтұмарының сапына ұмтылмайды. Ал алматылық клубтың сапында былтыр ойнаған ойыншылардың көбі команданы тастап қашып кеткені жасырын емес.

 

 


RSS-материал
 

Мұрағат

Қыркүйек 2010
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930123

Айлық статистика

<<  >>




muftyat.kz/jaris/