Едіге Болатбекұлы Рай - екінші курс студенті. 1989 жылы Шу өңірінде дүниеге келген. Алматыдағы Қазақ ұлттық медицина университетінде оқиды. Футболдан Қазақстан құрамасы ағылшындардан жер болып жеңіліп жатқанда мінез танытып, алаңға атып шыққан бойда Англия қақпасына қойып кетіп, қақпашы Гриннің зәресін алған намысшыл жігітіңіз осы.
Алдағы 6 маусымдағы Қазақстан-Англия футбол матчында өнер көрсетер өрендерімізге біздің жанкүйерлеріміздің айтар ақ тілегі осындай. Бірнеше белгілі адамға: “Сіз осы матчқа барасыз ба?” деген сұрақты көлденең тартқанда бұл риясыз ақ пейілді, өз футболшыларымызға деген үзілмеген үміт пен селкеу тартпаған сенімді аңғарып жатқанымыз қандай ғанибет еді.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 6 маусым күні Алматыдағы Орталық стадионда адуынды Англия құрамасын қабылдайды. Бұл – Қазақстан футболшыларының 2010 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы алтыншы ойыны. Ал Қазақстан құрамасының қазіргі бас бапкері Бернд Шторк осындай маңызды ойында біздің футболшыларға үшінші рет жетекшілік етпек. Неміс маманы осының алдындағы екі ойында Англиядан да (түзде), Беларусьтан да (үйде) 1:5 есебімен ұтылған.
Талдықорғанды апта бойы құрлықтық деңгейдегі спорт додасының дүбіріне бөлеген ауыр атлетикадан өткен Азия чемпионатының жалауы түсіріліп, қорытындысы шығарылды. Жарыстың соңғы күні Алматы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті құрметті қонақтарға Жетісу жұртшылығының қонақжайлығын тағы да паш етіп, қазақтың ұлттық салт-дістүрлерімен таныстыру мақсатында құрлықтың мұсылман елдерінен келген бір топ қонақты Талдықорған қаласының төрінде орналасқан Жамбыл ауданының қымызханасында қонақ қылды.
Жақында Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өткені белгілі. Ал сол додадан кейін еліміздің 17 жасқа дейінгі зілтеміршілері Тайландтың Чианг-Май қаласына аттанып, әлем чемпионатына қатысқан болатын. Осы додалардың қорытындысын журналистер арқылы халыққа жеткізу үшін кеше еліміздің Ауыр атлетика федерациясының президенті Қайрат Тұрлыханов Алматыда баспасөз конференциясын өткізді.
Қазақ боксының шоқ жұлдыздарының бірі – Жандос Көкімовпен кездесуді көптен бері көздеп жүрген едім. Тілдесе қалсақ, қызықты әңгіменің тиегі ағытылатынын сездім. Қанша дегенмен, ол кісі осы саладағы алғашқы қарлығаштарымыздың бір ғой. Ел спортына сіңірген еңбегі де ұшан-теңіз. Тарқатып айтсақ, Жандос – Америкаға жол ашқан тұңғыш қазақ! Көкімов – КСРО құрамасы сапында болған санаулы ғана қандастарымыздың бірі!..
Футболдан 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында жалауын көтеретін әлем чемпионатына қатысуды мақсат тұтқан әр елдің ұлттық құрамалары таяу күндері тағы бірнеше кездесулер өткізеді. Бұл шешуші ойындар болмақ. Өйткені осы жылдың соңына дейін қара құрлыққа аттанатын командалар түгелдей анықталуға тиіс.
Күллі әлем елеңдеп, көз тіккен, құлақ түрген Бейжің Олимпиадасы – бүгінде тарихтың еншісіндегі оқиға. Алайда сондағы бөрікті аспанға атқызған ас та төк қуанышымыз да, өзек өртеген кермек дәм өкінішіміз де әлі сол күйі секілді. Сайыпқырандарымыз жеңіс тұғырына көтерілген жүрек тебірентер әсерлі сәттер көз алдымызға келе қалғанда, тап сол мезет дәл қазір қайталанып жатқандай шаттыққа кенелеміз. «Чемпион болады» деген мықтыларымызды қарсыластар һәм... төрешілер жарыстан сүйрегендей ғып шығарып тастап жатқан шақтағы жыларман көңіл еске түскенде, кеудемізді тағы да өкініш кернейді.
Базына сөз Мәскеу олимпиадасының чемпионы, ғажайып балуан Шәмiл Серiков жайлы бұл күнде бiр ауыз сөз айтылмайды. Өмiрден озғанына 20 жылға жуықтаған арыс жайлы әлi де ақиқат ашылған жоқ, құр сыпсың сөз, жанама долбар, әншейiн «ұзынқұлақ». Ал шындыққа үңiлсек, Серiков әлемiнiң өзiндiк тереңi болғанын, онда түрлi қуаныштар мен өкiнiштер, жабығу мен торығулар болғанын аңғарар едiк.
Осыдан ондаған жылдар бұрын қара ниет қаскөйлер қазақтың даңқты спорт жұлдызы Марат Жексенбеков пен жары Зарифа Исмайылқызын қанға бөктiрiп, Маратқа – 16, Зарифаға 8 жерден пышақ салып, адам айтқысыз айуандықпен азаптап, қинап өлтiрiп кеткен-дi... Ол кезде Марат небары 44 жаста едi. Хоккей дейтiн құдiреттi де сиқырлы ойынның падишаһы Маратта ешкiмнiң де ұзында өшi, қысқада кегi жоқ едi ғой. Ендеше неге? Бұл қылмыс сол жасалған күннен берi ашылған жоқ.
| |
|