Күн - күйеуін жер көксеп ала қыстай,
Біреуіне біреуі қосылыспай,
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң
Жер толықсып, түрленер тоты құстай.
Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Осы жылдың 1 қыркүйек күні 2 496 465 оқушы мектепке барады. Оның ішінде 297 778-і мектеп табалдырығын бірінші рет аттайды екен.
Айтқыш екен
Өз жерінде жеуге жарар, дәметер ештеңесі болмағандықтан ауыз бәрін шеттен алады. Экспорты - тек қана сөз.


Оспанхан Әубәкіров

Загрузка

Абай

Жәрдемші

Бауыржан Ердембеков. «Құдайым жаратуын қасқа қылып...»
3 Қыркүйек 2010


Абайдың әдеби ортасын сөз еткенде ақынның айналасын құрайтын ерекше бір топ бар. Өлең-сөзбен барымталасып, аса бір сыйлап жанына жақын тартқан Абайдың адамдары - олар шайқы мінезді, ел ішіндегі күлдіргі, сөзі қисық, қисық та болса түзу Қиясбай, Мұқамораз, Шәукембай..

 

 


Мақсат Өсербайұлы. Абай мен Шаһкәрім мұраларындағы жан мен тән ұғымдарына қысқаша шолу
26 Тамыз 2010


Абайдың толық адам ілімі, тұңғыйық та, терең ілім. Оған бойлаған сайын, өзінің шексіз әлеміне батырып алып кетеді. Мұнысы неліктен екен... Адам баласының дүниеге келуінен бастап о дүниеге дейінгі толғаулар... әлемнің жаратылыс сырлары... ғұмыр мен тіршіліктің мән мағаналары... адамның бітім болмысы... қазақтың міні... Махаббат, ғаділет, рахым дегендердің заңдылықтары тағысын тағы...

Осыншалыққа барған Абайдың жүрегіне, жанына тиген нендей құдірет екен. Менімше мұның түбінде бір ғана хақтық жатса керек. «Лай суға  май бітпес қой өткенге» деген өлеңінде:

Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі,
Өзіне құмар қылған оның әмрі.

 

 

 


Жабал Шойынбет. Абай ақын ба, әлде хакім бе?
24 Тамыз 2010


2009 жылдың жаз айының соңына таман Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың тікелей тапсыруымен Шымкент қаласындағы Абай атындағы саябақтан музей ашу қолға алынды.

Алматыдан белгілі дизайнер Аманжол Найманбай мен осы жолдың авторын Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әли Бектаев «музейді қалай, қай жерде жасасаң дұрыс болады?» деп ақылдасуға, пікір алысуға шақырды. Соңынан облыс әкімі мен оның орынбасары айтқан ұсыныстарымыз көңілінен шыққасын, «сіздер орындаңыздар» деп тапсырыс берді. Мен бірден музейді «Хакім Абай музейі» деп атау туралы ұсыныс жасадым. Мұндағы ойым Семейдегі Абай музейінен ерекшелендіру емес, бірақ сол музейдің тәжірибесін негіз ете отырып, заман талабына сай жаңаша сипатта, жаңа мәнде өрнектеу еді. Екіншіден, біз 2008 жылдың қыркүйегінен бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Серік Пірәлиевтің бастамасымен, ұстазым, белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы екеуміз Қазақстанда тұңғыш рет «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығын ашып, іске кіріскен едік.

 

 


Бауыржан Ердембеков: Абайдың әнші шәкірттері
22 Маусым 2010


Музыка саласында жазба мәдениетінің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі олардың халықтың жүрегінде сақталуында. Композитор болғанымен, нота білмеген Абайдың әндері ауызша таралды. Абай әндерінің халыққа кең таралуына, біріншіден, ән табиғатының халыққа жақындығы, тыңдаушысын баурап алар тосын әуен мен терең мазмұн болса, екіншіден, сол әндерді үлкен сахна - сахарада нағыз күміс көмей әншілердің орындауы еді.

 

 


Тоғанбай қажы ҚҰЛМАНҰЛЫ. Қарасөздер құпиясы неде?
16 Маусым 2010


Ұлы Абайдың «Даналық сөздер» жиынтығы - «45 қарасөзінде» тұнған құпиялар көп. Өйткені, олардың маңызы мен мағынасы Құранмен үндеседі. Әулие Қожа Ахмед Иасауидің өзінің «Диуани хикметінде» (Ақыл кітабы): «Менің хикметтерім, Оқып ұққанға бар мағынасы: құран» - дейтіні сол. Ендеше, бұл тақырыпта ақыл қосып, ой қозғаудың лайықты орны, қаланатын реті бар. Әлбетте, кез келген пікірдің, тұжырымның өзіне тән қайшылықтары болары заңдылық. Дегенмен, қозғау салып, Абай қарасөзінде қозғалатын ілімге бір табан болса да жақындай түсуге талаптанудан ұтарымыз анық.

 

 


Абайдың аршынына толған ат қандай?
2 Маусым 2010


Абайтанудың қазіргі көкейкесті мәселелерінің бір парасы - ақын өлеңдерінің мәтіннамасына байланысты байыбын таппаған тұстары. Автордың түпнұсқалық қолжазбасы сақталмағандықтан, бұл мәселенің шешілуі күрделі болуы - заңдылық. Біздің ойымызша, Абай шығармаларының мәтіннамасы мен ақынның шығармашылық лабораториясы арасында үзілмес байланыс бар. Демек, қазір жарық көріп жүрген  шығармалардың мәтінін  қалың оқырманға белгісіз, ертеректе жиналып, ғылым игілігіне қосылмаған нұсқалармен салыстыра зерттеу жемісті болар еді.

 

 


Қалмұқан Исабай. Гетенiң өлеңi мен Абайдың аудармасы қатар тұр
26 Мамыр 2010


Ұлы Отан соғысының ардагерi, белгiлi жазушы Қалмұқан Исабай «Жас Алаш» газетiнiң редакциясына келiп, жақында Италияның Триест қаласында 104 кеңес жауынгерiне ескерткiш орнатылғанын, сол жауынгерлердiң 36-сы қазақ екенiн айтты. Сондай-ақ, 23 жасында батальон командирi болған Бейсен Райсов және бiр рота фашистi жер жастандырып, ерлiкпен қаза тапқан 10 қазақ жауынгерi жайындағы деректердi алдыға жайып салды.

 

 


«АБАЙ» ҚОЙЫЛЫМЫНАН КЕЙІН...
24 Мамыр 2010


Абайдың даналығы мен ақындығы, көрегендігі мен парасаттылығы туралы бүгінгінің ғалымы да, ақыны да, жазушысы да бәрі-бәрі көкейіндегі бар асыл сөзін аямай төгіп жазды. Ал бірақ, сол Абайды көз алдыңда «тірілтіп», бар күйзелісі мен тауқіметін дәлме дәл алдыңа әкеле алатын өнер түрі бар ма? Бар, ол әрине, театрда қойылатын спектакль!

 

 


Құл Керім ЕЛЕМЕС, ақын: Абай әдебиетін танығанмен, Ибраһимнің әдебиетіне бойлай алмай келеміз
17 Мамыр 2010


- Азан шақырып қойған есі­мі­ңіз - Керім. Бүгінде өзіңізді құл Керім атап, басылым беттерінде де осы есіммен бой көрсетіп жүрсіз. Керімнің өзінің есіміне құлды тіркестіруінің сыры неде?
- Расында, Керім едім, осы есім­мен 35 жыл өмір сүрдім. Ал­лаһқа сансыз шүкір, дінді жақсы көруші едім. Бірақ оны толық, тіпті бастауыш дәрежесінде де білмейтінмін. Сөйтіп жүргенде, менің Құранды оқығым келді. Шамамен 1995 жылдар болатын. Дәулетбек Байтұрсынұлы деген азаматтың үйінің төрінде тұрған Құранның қазақша тәржіма кітабын көруші ем, соны алып оқыдым. Бірақ жиырма беттен ары аса алмадым. Сосын не істейін, сақтап қойдым да, бір айдан соң иесіне қайтара апарып бердім.

 

 


Сакен Бозаев. Абай сепкен дәндер бүршік жарса...
11 Мамыр 2010


Әлем елдерінде ұлт иесі - ұлт зиялылары саналады. Олар өз ұлтының ұлағаттыры мен ұстанымдарын сақтаушы, бір шаңырақ астында от жағып, қазан асып, ұлтқа бас көз болатын, жөн сілтейтін ұлт аристократиясы деп танылады. Бірақ, біздің биліктегі элиталарымыздың дені ағылшын аристократтары сияқты жоғарғы сословиеден шыққан лордтар емес, кешегі анкеталарына тегіміз қаратабан жұмысшы, шаруа, жұмысшы-шаруадан шыққан интеллигент деп толтырғандардың ұрпақтары.   Кім білсін, мүмкін содан болар,  ғылым мен заманауи технологияларды  шала меңгерген,  заң атаулыдан айналып өткіш ашқарақ атанып, қара халықтан қара үзіп кетіп жатырғаны.

 

 


RSS-материал
 

Мұрағат

Қыркүйек 2010
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930123

Айлық статистика

<<  >>




muftyat.kz/jaris/