e-Конференция

e-КОНФЕРЕНЦИЯ: ЖАНГЕЛДІ ШЫМШЫҚОВ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Кешеден бері доллардың бағамы күрт өсіп, теңге еркін айналымға шықтты. Бұл жайтты Үкімет те мойындап, жалпы 7 айда экспорт 44 пайызға, ал импорт көлемі 20 пайызға жуық төмендегенін мәлімдеді.

Сарапшы мамандар қазіргі экономикалық және қаржы дағдарысы алдыңығыларымен салыстырғанда өте ауыр болады деп болжам жасауда. Тіпті, дағдарыстың 5 жылды қамтуы ықтимал екендігі де айтылып жатыр. Бұндай кезде ел іші барынша қатты күйзеліп кетпей ме? Не істеу керек? Қарапайым адам нені біліп, қалай өмір сүруі керек? Тығырықтан шығар жол бар ма? Доллардың бағамы қандай жағдайда тұрақтауы мүмкін? Орта және шағын кәсіп иелері өндіретін тауарлар тұтынушысын қалай табады? Жылжымайтын мүлік түрлері сатыла ма? Осындай сан мәселені сараптап, ойланатын тағы бір кезең туып тұр.

Сауалдарыңыз, айтар ойларыңыз болса, нитернет-конференциямыздың қонағы болып отырған экономист-сарапшы Жангелді Шымшықов мырзаның құзырына жолдай беріңіздер. Мархабат.

Шымшықов Жангелді Ерденұлы 1951 жылы дүниеге келген. Семей мемлекеттік қаржы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор. ҚР БҒМ Ғылым комитеті «Экономика институты» Астана филиалының директоры.

 

Abai.kz

38 пікір 4103 рет оқылды Қосылған: 21.08.15

Задать вопрос

  • 2 + 45 =
    • #1
    • Аңқау қазақ
    • жм, 21/08/2015 - 12:59

    Амансыз ба?
    Қалай ойлайсыз, қандай да бір үкімет мүшелері немесе кәсіпкерлер теңгенің құнсыздануы туралы алдын ала біліп, ертерек доллар сатып алып қойған болуы мүмкін бе? Одан пайда тапты ма?

    • #2
    • Ырысбек
    • жм, 21/08/2015 - 13:03

    Қазақстанда доллар бағамы мүлде әсер етпейтін экономикалық салалар бар ма?
    Екінші сұрағым, доллардың бағасының құбылмалы екеніне қарамастан Келімбетов неге ылғи да ақшаны теңгемен сақтауға шақырды? Одан халық тоналады ғой, ел тоналғанынан олар не ұтады?

    • #3
    • Жатақ
    • жм, 21/08/2015 - 13:11

    Бізде жер кең бола тұра неге мал шаруашылығы дамымайды, неге біз әлемнің азық-түлік державасы болуға ұмтылмаймыз?

    • #4
    • Айбек
    • жм, 21/08/2015 - 13:54

    Ассалаумағалайкум аға ,сізден сұрайын деген үш сұрағым бар еді .
    1- сізше осы жолғы теңгенің құнсыздануы жылжымайтын мүлік саласына қандай әсер етеді?
    2- қазыр қоғамда өкімет теңгені жалғасыты құнсызданды керек, Қазақстан економикасін тұрақтандырудың үшін 5 теңге кем дегенде 1 рубл болатындай қылу керек деген сөз бар . қарап отырсақ бұл сөздің де жаны бар сөз . Еуразиялық экономикалық одақ деген ұйыммен басымыз біріккелі отандық өнімнің жолы болмады .қыл аяғы ішпек жемек , ет , сүт , жұмыртқаға дейын ресейден тасыитын болдық .Енді бірі қазақстан сауда ұймына кіргелі отыр, біздің аяғын енді тәй- тәйлап басқан отандық өнімдердің бағасы да базарыда шетелдің алпауыт кәспөріндәрімен зөңгі соғыстыра алмайды. айналып келгенде көрші мемілекеттердің басы байлы құлы болып қаламыз. біз қазыр қымбат теңге арқылы шетелдерді байытып жатырмыз. шетелден тауар тасушыларды байытып жатырмыз. әрдайім шетелдің тауарларын сатып алатын болсаңыз, арзан шикізатімізді сатып،,қымбат дайын тауарын ала берсек қазақстанды кедеилесітіріп, үлкен зауалға алып барамыз . ал осы үшін теңгені түсірдік делік , бырақ біздің отандық тауар өндірушілер көрші мемілекеттердің базарын жеңе алама ?
    24 жыл бойы апырып-жапрып ештеме тындыра қоймаған отандық тауар осы қыслтаяң кезде бірдеме шешеді деп сену қаншалықты орынды ? отандық тауар теңге құнсызданғанда шетелдік тауарды жеңеді деу қаншалықты қисында ? олар қаншалықты бағаны қолда ұстап тұруға қаухарлы ?
    3- қазағымның бір алсіз тұсы болдық десек осы өткен 24 жылда өндірісті көп салаландыра алмады . ұлкен жақтан ауыр өнер кәсіпке ғана сұйендік . бай -бағыланның дені ауыр өнеркәсіпке ғана инвестиция салды. жеңіл өнер кәсіп дамымады , ішпек -жемектен тыс тұтынып отырған тұрмыстық бұйымдарымыздың дені шетелден келеді , ол тауарлардың бағасы міндетті түрде көтеріліп кетеді , сонда оған қосып отандық өнімде қоса шарықтамайма "мысалы ішпек жемек " ? оған қаншылықты сенімдіміз ?
    осы жолғы дағдарыстың бүкіл алемді еңсергенін көп жақтылы саяси қйтұрқылықтардың зауалы екенін көріп отырмыз . мұхиттың аржағындағы алпауыттармен қасымыздағы қос көршімізде де жағыдай маз емес екенін білдік . бастысы ел аман , жұрт тыныш болсан . ауыз біршілік балса, көш бастаған көсемдер адаспаса , құлқынның қамына кетпесе бұдан да шығамыз деп сенемін .

    • #5
    • Невроз казак
    • жм, 21/08/2015 - 14:56

    "Экспо, экспо!" Деп есимиз кетип биз журмиз, ал кормеге койылатындар жай Гана батареямен истейтин, самолет багажына сиятын кэдимги ойыншыктар боп шыкса кайтемиз?

    • #6
    • Ақмылтық
    • жм, 21/08/2015 - 14:57

    Қалыңыз жақсы ма аға? ДСҰ-ның осындай жағдайдан кейін бізге пайдасы тие қоя ма екен? Еуразиялық Экономикалық Одақтың кесірі қаншалықты тиді теңгеге?

    • #7
    • Есен
    • жм, 21/08/2015 - 15:00

    Тәуелсіздіктің бір белгісі екені рас. Теңгенің болғаны жақсы. Бірақ дым күші жоқ. Ресеймен ортақ ақша шығады деген қауесет тарап жүр. Осылай жалғаса берсе ұлттық валютамыз өзгеруі немесе кейінірек ақшадағы нөлдердің алынып тасталуы сияқты өзгеріс болуы мүмкін бе?

    • #8
    • Қызыр
    • жм, 21/08/2015 - 15:05

    Біздің елдегі шенеуніктер мен депутаттар қарапайым халықтан 100 есе көп айлық жалақы алып жатады. Олар өздерінің жалақсын қандай заңға негізденіп тағайындайды? Олар неліктен көп ақша алуы керек?

    • #9
    • Жанарбек
    • жм, 21/08/2015 - 21:38

    -Кеңес одағы ыдырағанда ақша құнсызданып өз ақшамыз тенге кіріп келген Енді ақша құнсызданып жатқанда ЭВРО жаңа ақшасы кіріп келу мұмкін бе?

    Бұндай жағдайда Ақшаны Алтынмен сақтаған дүріс па әлде ұй қозғалмайтын мұлікпен сақтана тимді ме?
    -

    • #10
    • Әбдірашит Бәкірұлы
    • сб, 22/08/2015 - 1:59

    Жангелді мырза, жоғарыда Сізді Семей қаржы институтын бітірген деп қана қойыпты. Ал, менің білуімше, Сіз алдымен ҚазМУ-дің философия және саяси экономика факультетінің "саяси экономика" бөлімін тамамдаған едіңіз ғой. Сондықтан Сіздің экономика саясатын кеңірек түсінуге қаржыгерге қарағанда мүмкіндігіңіз әлдеқайда жоғары деп ойлаймын. Бұл - кіріспе.
    Мен Сізді ұлттық психологияны жетік меңгерген зиялы ретінде танимын. Сондықтан, Сіз маған "қазақ психологиясы және кәсіпкерлік" деген ұғымдардың аражігін ажыратып берсеңіз деп өтінемін. Оның үстіне, кәсіпкерлік пен өндірісті дамытуда (дамытпауда) ұлттық психологиядан гөрі, билік жүйесіндегі қалыптасқан психология көбірек ықпал етіп отырған сыңайлы. Ендеше, ондағы қалыптасқан, кейде небір ыңғайсыз жағдайды тудыратын, ұятқа қалдыратын "элиталық психологияны" қазақтың ұлттық мінезінің заңды жалғасы дей аласыз ба? Жалпы, "жаңа қазақ" бейнесі қалай қалыптасуда! Ол бейне мейірімді ме, әлде, қатыгез бе?
    Соңғы 25 жылда қазақ ұлтының мінез-құлқына экономикадағы орын алған негізгі кәсіп - сауда және саудагерліктің тигізген әсері қандай? Оңды жағы мен теріс жағы бар болса - ол неден көрінеді?
    Қазақ әлемге қай қырынан көрінуі тиіс? Біздің дарақылығымызды өзіміз керемет деп жүогенде, өзге дамыған елдерде онымыз "боратизм" деп қабылданады деп ойламайсыз ба? Алдын ала жауабыңызға рахмет.
    Сізге құрметпен Әбдірашит Бәкірұлы.
    22 тамыз, сағ. 1.50

    • #11
    • Алмас
    • сб, 22/08/2015 - 8:35

    Жангелді мырза, халықтың зейнетақы қорындағы ақшалардың тағдыры не болады? Адамдар енді қартайғанда қалай күн көрмек?

    • #12
    • Сайлаубек
    • сб, 22/08/2015 - 8:47

    Ассаламағалейкум, сарапшы мырза! Еліміздегі экспорт пен импорттың арасалмағы қалай? Біздегі шикізат өнімдерін шығаратын компаниялар кімнің иелігінде? Оларға тиімді екен деп енді үнемі девальвация жасап отырамыз ба? Қазір көп жерлерде жаңа курс бойынша бағаларды өсіріп жатыр. Ал мемлекеттік саясатты қолдап жүретін бюджеттегілердің жалақысы келесі жылдан бастап өседі дейді. Оған дейін мұғалімдер мен дәрігерлер алты ай бойы қалай өмір сүреді? Қандай көңіл- күймен олар балаларды оқытады, адамдарды емдейді? Халықты қайыршылық жайлайды деп санайсыз ба? Біздің қаржы төңірегіндегі мамандар мен экономистер қаншалықты сауатты? Қазақстанның санкцияға ұшыраған Ресеймен тығыз экономикалық қатынасқа түсуін дұрыс деп есептейсіз бе?

    • #13
    • Қасым
    • сб, 22/08/2015 - 11:08

    Құрметті Жангелді мырза, еліміз тәуелсіздік алған 20 шақты жылдың ішінде билікке жақын тума- туыстары, достары мүмкіншіліктерін пайдаланып әр түрлі жолдармен миллиардтаған доллар көлемінде қаржы жинап алды. Ол қаржы аталарынан қалған мұра емес, еліміздің байлығынан түскен ақша. Осы байлықты шетелден қымбат вилла, замоктар сатып алуға, қымбат шетел көліктерін сатып алуға. ойын- тойға жұмсамай , еліміздің экономикасын көтеруге, өнім өндіретін салаларға неге жұмсамайды.

    • #14
    • Абыл
    • сб, 22/08/2015 - 15:53

    Әкімдер әлеуметік саламен неге бас қатырмайды,қашан көрсен бітпейтін жиналыс,бітпейтін мәдени шара,саяси шара,доп ойнап жатады,осы жұмыстарды әкімсізде оз мамандары жасамай ма, әкімдер әлде жұмыс жасау білмейді менше оларды елдін әлеуметтік жағдайымен ғана жұру керек, мыс құрылыс,жұмыс орындарын ашу,малдандыруға немесе басқа кәсіпкерлікке тәрбиелеу халықты, несие бергізу сияқты а олар әлеләку мен жұр

    • #15
    • мұғалім
    • сб, 22/08/2015 - 18:47

    мұғалімдердің еңбек ақысына 27% қосама әлде біліктіліке деп -2-3мың теңге қосама

    • #16
    • Пессимист
    • сб, 22/08/2015 - 22:34

    Құрметті сарапшы мырза! Біздің билік басындағылар "дүниежүзілік кризис" деп шулайды да жатады. Қайдағы кризис? Менімше ешқандай кризис жоқ. Бұл бізде ғана ( біз сияқты тек мұнайды сатумен ғана айналысатын ат төбеліндей ғана елдерде), және ең бір қызығы, қолдан жасалынған. Биліктің топастығы мен тойып бермейтін қомағайлығы және осы үрдісті заңдастырып, соған сәйкес құрылған, елде жоқ "ерекше" экономикалық жүйе. Әйтпесе, айтыңызшы көкетай-ау, басқа елдерде мұнай -сұнайы арзандап, оған сәйкес басқа дүниелері де арзандап, мәре-сәре қарқ болып жатыр ғой. Ал біз мұнайымызбен қоса төрт аяғымыз көктен келіп, жатырмыз тыпырлап. Қашан тұратынымызды, тіпті енді тұра аламыз ба, жоқ па, оны бір Алла біледі. 25 жылда бір де бір зауыт салынбаған, тіпті етті де соғысып жатқан Украинадан алып отырған біз қандай елміз? Сіз осы "Жүйенің" экономисісіз бе? Онда экономист ретінде қаншалықты құндысыз? Сіздің іс-әрекетіңізден маған, мен сияқты миллиондарға қандай жақсылық бар?
    Соңғы кезде, неге негр болып тумадым екенмін, деп өкінемін. Егер менікі дұрыс болмаса, онда дәлелдеңіз.

    • #17
    • Бутрос Гали
    • жб, 23/08/2015 - 10:15

    Жыл сайынгы "медиафорумдар" мен "дин съездерин" елге пайдалы деген бир Адамды кездестирмеппин. Халкынын суканы суймейтин шаруага кумар бизден баска тагы бир мемлекетти Атай аласыз Ба?

    • #18
    • Алпамыс жм 23/08/2015
    • жб, 23/08/2015 - 16:20

    Амансыз ба? Жангелді мырза! Қазақстанның экономикалық табиғи потециялымен және 17-ақ миллион халқы мен біз дағдарыстың ,қүнсызданудың не екенін білмей өмір сүруіміз керек еді.Өкінішке орай олай болмады. Себебтері: 1. Экономиканы Бабалардың қалдырған мұрасына (шикі затқа) байлап (жақсы әке жаман ұлға 40 жыл азық) дегендей,- отанндық экономиканы дамыта алмадық, атап айтқанд: а). кіші және орта кәсіпкерлік, б). жеңіл және тамақ өнеркәсібі, г). ауыл шаруашылығы, д). ғылым,білім,денсаулық саласы, з). халықты әлеуметтік қорғау..т.т. Халықтың тұтынатын тауарларының 60-70 пайызы шетелдіке. Атап айтқанда не ине не түйме шығара алмадық. 2003-2009шы жылдары мұнайдың және басқа да шикі эаттардың бағасы шарықтап тұрғанда, үстіміздегі аталып өткен бір саланы да айағына тұрды деп айту қиын. Керісінше қала күні, бала күні дедік, түрлі деңгейде халықаралық шаралады жоғары деңгейде өткізіп келеміз әлі де өткізе бермекшіміз. Отандық экономикамыз шала-жансар күйінде кедендік және экономикалық одаққа кіріп кеттік, біздің тауар өндірушлер бәсекеге қарсы тұра алмауда, енді арбамызды сүйретіп дүниежүзілік сауда ұйымына кіргелі отырмыз. Кеше өкімет теңгені еркін айналымға жіберді," Енді барлық жағдайды нарық шешеді",-деді майлы мұртты кісі, яғни барлық жауапкершілікті халыққа арта салды. Енді ғалым экономис ретінде сізге сұрақ? 1. Осындай шақта, дағдарыс 5-6 жылға созылған жағдайда кәзіргі өкімет қаншалықты сенімді,қиыншылықтан алып шығуға кабілетті ме? Өкімет басшысының және Ұлттық банктың төрағасының орнында кімдерді көргіңіз келеді? 2. Қазақстан эконмикасын алда қалай елестетуге болады, дефолть болуы мүмкін бе? Тәуелсіздігімізге қауып төніп турған жоқпа? Алдын ала рахмет.

    • #19
    • Дәуір Сарша
    • дн, 24/08/2015 - 0:34

    Сонау жылы Павлодарда Ғалымжан Жақияновқа сот болғанда куә ретінде Ғалымжанды әуелі жақтап, содан Астанаға, қызметіне оралып, екінші күні Павлодарға қайта келіп, Ғалымжанға қарсы куә болған Шымшықов деген болып еді, оның аты есімде қалмапты, сол сіз емессіз бе? Әлде туысыңыз ба?

    • #20
    • Динара
    • дн, 24/08/2015 - 8:32

    Президент сайлана салып теңгенің "еркін жүзуі" тек бес жылдан кейін болады деді. Арада бес ай өтпей президент уәдесі тас-талқан болады. Кім не десе де, қалай қорғаштасақ та президент өтірік айтты. Енді бұл сөзін қалай ақтап алуға болады, дағдарыс болатынын білсе неге олай айтты, неге өтірік айтты? Бұның жауапкершілігі не болады?

    • #21
    • Ораз
    • дн, 24/08/2015 - 8:34

    Алда-жалда мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін бе? Мұнай державалары(оның ішіне Қазақстанды қосуға болады ма білмедім) мұнай бағасына әсер ете алмай ма? Мысалы арзанға сатпаймыз деп?

    • #22
    • А.Мұқабай
    • дн, 24/08/2015 - 10:21

    Жангелді мырза, мына іргемізде тұрған Қытайдың Шыңжаң өлкесінде небары 48 миллион гектар ғана жайылымдық жер бар екен. Қолда бар мәліметке сүйенсек, 2011-жылғы бұл өлкеде 1 миллион 990 мың тонна ет өндіріліпті. Бұл – манағы 60 мың тоннадан 33 есе көп ет.
    Ал, Маңғолияда әрбір адамға орта есеппен 12 бас малдан тура келеді. «Мал баққанға бітеді!» дейді дана халқымыз. Шеттегі қандастарымыздың қомақты бөлігі осы Қытай мен Маңғолияда тұрады. Сол елдерді осынау мол табысқа кенелтіп отырған жұрттың ең басым бөлігін қазақтар екені белгілі.
    Есіңізде болса, осыдан төрт-бес жыл бұрын Н.Назарбаев ортаға қойған 60 мың тонна ет өндіру жобасын ортаға қойған. Ол әлі орындалмай келеді. Өйткені, ауылда мал шаруашылығымен айналысатын еңбеккүш жоқтың қасы...

    Сіз осы жағын Сіз қалай ойлайсыз? Шеттен келетін қандастарымыздың көшін қалай тездетуге болады? (Кеңірек толғап, тұшымды жауап беруіңізді өтінем).

    • #23
    • Лаура
    • дн, 24/08/2015 - 12:58

    Біздің елде бірер жыл бұрын 20 мың теңгелік банкнот басылды. Оны шығаруға ұлттық банк кісінің тілі келе бермейтін қаржы жұмсапты. Кейін ол айналымға түспеді. Бұл туралы ешкім жауапқа тартылған жоқ. Ақша ұрланып жатыр, ұрланып жатыр. Ешкім заң алдында жауап бермейді. Неге бұлай? 20 мың теңгелік неге айналымға түспей қалды деп ойлайсыз?

    • #24
    • Алаш
    • дн, 24/08/2015 - 15:30

    Егер мұнай баррельіне 20 доллар болса, бір доллар қанша теңге болуы мүмкін?

    • #25
    • Қоңыр
    • дн, 24/08/2015 - 15:33

    Қаншама шетелге шығып жүрмін, қарасам біздің елде тамақ өте қымбат еекен. Сервистерімен көрсеткен қызметтері өте сапасыз. Солай бола тұра тамақ қымбат. тамақтың сапасы туралы айтпай-ақ қояйын. Сіз де шетелге шығып жүрген шығарсыз, не үшін бізде қымбат? Ет бар, ұн бар, молшылық қой бізде. Немесе азық-түлік неге қымбат деген сұрақ қояйын.

    • #26
    • Әбіл Қайрат
    • дн, 24/08/2015 - 20:57

    Жангелді мырза, кеше гәзеттен оқыдым: Қазақстан халықаралық Азия банкінен 1 миллиард доллар қарыз алатын болыпты, ал ол неше жылда және қанша процентпен қайтарылады? Президент, өйткенше, екеуі де миллиардер қызы мен күйеубаласы Құлыбаевтардан ала тұрмай ма, олар процентсіз береді емес пе?

    • #27
    • Шолпан
    • сс, 25/08/2015 - 13:00

    Қырғызстанмен арада ашылған шекараның қазақ еліне не пайдасы болуы мүмкін?

    • #28
    • Қазақ
    • сс, 25/08/2015 - 13:00

    Премьер-министрдің, үкіметтің, елбасының жұмысына көңіліңіз тола ма?

    • #29
    • Талап
    • сс, 25/08/2015 - 13:01

    Қазақстанның мұнайы мен Алтын қоры қаншалықты? Онымен қазақстан әлі қанша өмір сүруі мүмкін?

    • #30
    • Ақберді
    • сс, 25/08/2015 - 13:04

    Қазақстанды тығырықтан шығара алатын, үкімет білмей тұрған, білсе де істемей тұрған қандай да бір амал шарғы, іс-айла бар ма? Халық ақшасын қалай сақтағаны, қалай жұмсағаны дұрыс?

    • #31
    • Ғазиз
    • сн, 26/08/2015 - 18:09

    .Қазақстан халқы Қытайдың, Индияның бір қаласының халқындай ғана. Байлық, жер деген жетеді. Бірақ елдің жағдайы мәз емес? Неге? Осыдан кейін біздің экономикамыздың тізгінін ұстап отырғандарды кімдер деп айтамыз? Құдай бере салған байлығымызбен баяғыда-ақ 25 елдің ортасында жүретін мүмкіндігіміз бар сияқты. Сіз қалай ойлайсыз?...

    • #32
    • Серік
    • сн, 26/08/2015 - 21:40

    Жәке, саламатсыз ба?
    Қазақстан жақында ғана Дүниежүзілік сауда ұйымына 162-ші мемлекет есебінде мүше болды, 5 елден тұратын Еуразиляқ экономикалық одаққа тағы мүшеміз. Қалай ойлайсыз: Бізге 162 мемлекеттің сауда ережелері тиімді ме әлде экономикасы, технологиясы көп артта қалған Еуразиялық одақтан пайда көп пе?

    • #33
    • Болат Сыздық
    • бн, 27/08/2015 - 12:01

    Жәке! Ресейлік ғалым Владислав Иноземцевтің экономикалық талдауларына назар қойып жүрмін. Әлемдік және ресейлік экономика мен әлеуметтік ахуалды талдаулары көңілге қонады. Оның болжамдары толықтай жүзеге асырылып жатқандай. Ресейдің артта қалған экономикалық керуеніне ілесеміз деп біз де кешеуілдей бермейміз бе? Мен экономист емеспін, Иноземцевке қарсы пікірлер де бар. Олар қаншалықты орынды? Иноземцевтің талдауларына сіздің берер бағаңыз қандай? Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік жағдайы туралы жан-жақты әрі объективті талдау жасап жүрген жекелеген ғалым немесе ғалымдар бар ма? Бар болса кімдер? Еңбектерін қайдан оқуға болады?

    • #34
    • admin
    • бн, 27/08/2015 - 12:53

    Қадірлі оқырман:
    Abai.kz порталының кезекті интернет-конференция қонағына сауалдар қою осымен аяқталды. Алдағы уақытта жауаптар жарияланатын болады.

    • #35
    • Қанат Байұзақов
    • сб, 05/09/2015 - 15:53

    Ассалаумагалейкум! менин сизге сауалым: Қазақстан мен Ресей шикізатты экспорттаушы елдер болса да, бір түсінбейтінім, теңге қымбаттады, ал рубль төмендеді? сонымен қатар юаньнын құнсыздануы бизге қаншалықты әсер етеді?

    • #36
    • жайбаср 14.09.2015
    • дн, 14/09/2015 - 13:14

    Сіздің жауабыңызды күте-күте айяғымыз ауыр болды. Сұрақтар да актуалдығын жоғалта бастады. Ұыйытап қалған жоқсызб?

    • #37
    • Алаңбай. 14.09.2015.
    • дн, 14/09/2015 - 13:23

    Осы кісі өзі өмірде бар кісіме. Бар болса әу демеуші меді?

    • #38
    • Керей
    • сс, 22/09/2015 - 18:35

    Буган койганша Корадагы сиырымнан сурайвн Моооооооооо деседе бир жауап Жаттанды бирденелер Жауаптары арине Абай кз Кыртып кеттин

Вход