Жыр бәйгесінде ақбоз арғымақтай көзге жарқ етіп түспегенімен құмырсқадай қыбырмен Һәм сабырмен өз соқпағынан жаңылмай сұлулық мұнарасын сомдап келе жатқан бір ақын бар.
Қажылыққа ниет еткен құмырсқадай,
Бетке алдым өлеңнің қағбасын.
«Жеткізер, - деме, - бұл жүріс қалай?»,
Жете алмасам жолда өлермін.
Жақсы жырдың жолында жан азабын кешкен ақын сарқылмас төзімділікті Сүлеймен пайғамбармен тілдескен шымалдан өнеге ететіндей:
Уа, құмырсқа атың енген Құранға,
Сүлейменге таптатқан жоқ бір Алла...
Уа, тақсырым, тура жолды жұртыңнан,
Тағзым еткен Тәңіріге мұртыңнан,
Тарап жатыр дүниеге тағылым,
Білім жиған біттәй бітім - тұрқыңнан.
Осылайша құйттай құмырсқаның тағдыр-тәлейінен сыр түйіп «Жауратқан жапырақтың көлеңкесі» деп нәзік сезімі үлбіреп, үнемі кішілік пен кісілікті үлгі еткен шайыр кім десеңіз, алпамсадай ақын ағамыз - Төреғали Тәшенов. Ақын тағы бір өлеңінде «Жер қозғалар - Төреғали қозғалмас» деп өзінің маңғаз мінез-құлқын, аспайтын, саспайтын табиғатын бір ауыз сөзге сыйдырады. Өлеңнің өрісі үйлесім, үндестік, кеңірек алғанда алдыңғы буын шайырлар легі, толқынды ой алыптарымен сабақтастық - диалог десек, қарапайым қалып танытқанымен автор Гете, Мағжан рухымен тілдесуге кілт ашады. Оның «Түн баласы, Су анасы» деген жыры ұлы қаламгерлер сомдаған «Орман патшасы» өлеңімен тіндес:
Жұлдыз жайнап, Ай толысқан кез еді,
Гүр-гүр етіп тасиды тау өзені.
Жолаушының астында аты арғымақ,
Жас баласын келе жатыр алдына ап...
Түн баласы тұңғиыққа тартады,
Су анасы тереңге әнін сарқады.
Ұлы ақындар халықтық демонология негізінде іңірде сәбидің жанын ұрлаған «Орман патшасы» бейнесін сомдаса, Төреғали ақын осы кейіпкерді Су анасы, яғни біздің елдің түсінігіндегі Су перісіне тасымалдап, қазақы бітім дарытады. Сыр бойындағы қазақтар дарияның астында су патшасы Үббенің елі бар, ол адамның атын айтып жаңылдырып, өзен тереңіндегі өз еліне алып кетеді деп сенген. Едігенің атасы Бабай Түкті Шашты Әзіз су перісінің қызына үйленген деген аңыз да бар. Міне, Төреғали Тәшенов ұлы ақындардың ойын жалаң қайталай бермей ел арасына жайылған осындай дәстүрлі нанымды тірек етіп, классикалық сюжетті қазақ өлеңіне шеберлікпен жерсіндірген.
Ақынның жан әлеміне нұр құятын тұрақты рәміз түнгі Ай.
Жұлдыз ойға шырмалып көп,
Жатам кейде қалғымай.
Түн ұйқымда ұрланып кеп,
Бағады ылғи аңдып ай.
Алтын сәуле тереземнен,
Жүзіме үнсіз құйылып.
Сиқырлы ою шегер еді,
Зерлі жібін иіріп.
Түркі жұртының түсінігінде Ай мен Күн бір замандарда жер бетінде өмір сүріп, кейіннен бір-бірімен бақталас болған соң аспанға көшіп кеткен сұлу қыздар. Сол себептен де ақын Айды зерлі кесте тоқыған сұлуға теңеп сыр айтады. Келесі бір шумақтарда Ай сәулесінен қараңғы түнде алтын қоңыз ұшырады. Жалпы қара түнде ұшқан алтын қоңыз - батыс пен шығыс ақындарында адамның үмітінің ұшқыны сөнбейтінін сездіретін бейне. Осы тұспал Төреғали жырында өзіне тән машықпен жаңғыртылған:
Түнде отырып алады,
Кірпігімнің шетіне.
Айдан ыршып қонады,
Алтын қоңыз бетіңе.
Қай жырын алсақ та Қаратаудың шертпе күйіндей қоңыр әуенді құлақбұрау еткен ақынның негізгі сүйенері - ұлттық таным мен тамыр. «Қамшы тарту», «Адыраспан», «Үшкіру», «Қара шаңырақ», «Тал бесік» секілді көптеген өлеңінің ұлттық бояуы ерекше ажарлы:
Өзегі бар өр қамшы,
Он екі таспа ер қамшы.
Шемен қатқан шер қамшы,
Тобылғы сап тер қамшы.
Алты тұтам ат қамшы,
Жеті тұтам жар қамшы.
Қара басы хан қамшы,
Жыланбуыр сар қамшы,
Жігіт болсаң жанға алшы!
Ақынның бұл жыры оқырманға Досмамбет жырау толғаған: «Қарағайлы көдік бойында, Қамшым қалды ойында. Бүлдіргесі бұлан терісі, Өрімі құнан пілдің қайысы» деген толғауын еске бірден түсіреді.
Әлбетте, қамшы сөзінің түпкі мәні - «Қам-шы», яғни түркінің Қамдары, бақсылары ұстайтын ритуалдық құрал деген мағына беретін концепт, ұлттық код екені зерттеулерде белгілі болған. Досмамбеттің қолынан қамшысының қамысқа түсуі, сонымен бірге тағы басқа да батырлардың қара түнде қалыңға қамшысы, немесе найысы түсіп кетуі, оны батыр қайтар жолда тауып алуы - бахадүрдің зеректігі ме құт-кие иесі екендігін көрсететін дағдылы емеурін. Досмамбеттің қамшысының түсуі - оның қаруынан айырылып, аруағы қашып, ажалға тап болуын, өкінішін ишаралағандай. Ал прозадағы Оралхан Бөкей қамшысы («Қамшыгер») қазақтың бахадүрлігінің қайталанбас біртуар рәмізі. Алайда екеуі де өткен іс, екеуі де өкініш, элегиялық сарын. Ал азат Алаштың еркін ойлы ақыны қамшыны бақсының дуалы қаруы, батырдың қуатты жарағы, бидің ақ сөйлер құралы екендігін баса дәріптейді бүгінгі күннің үддесінен. Ол алдыңғы екі автордан өлеңін басқаша түйіндейді, бұл Төреғали ақынның ілгергі буынды үлгі тұтқанымен оны жалаң қайталай бермеймей жаңаша із салатын жампоз шайыр екенін байқатқандай. Ақын қамшының қадір-қасиетін ұқтыра келе бостан елдің бозтайлақ ұрпағына «Мен салмадым, сен салшы» деп қамшы аманатын арқалатады:
Бастықпаған асауын,
Баса тартып жіберген.
Құдай қосқан қосағын,
Қоса тартып жіберген.
Тіл алмаған тентегін,
Тіле тартып жіберген...
Иесі болған дүр қамшы!
Киесі болған пір қамшы!
Мен салмадым, сен салшы...
Ақеділ ТОЙШАНҰЛЫ,
фольклортанушы,
филология ғылымдарының кандидаты
«Абай-ақпарат»
ҚҰЛАҚҚАҒЫС:
24 - ақпан күні Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде ақын Төреғали Тәшеннің «Жауратқан -жапырақтың көлеңкесі» атты мерейтойлық шығармашылық кеші өтеді.




Бұл не сонда өзі? Бұл - мақаланы оқып шыққаннан кейін көкейде қалған сұрақ. Оқымай тұрып осындай сұрақ пайда болып еді және не нәрсені де оқымас бұрын осындай сұрақтың пайда болуы заңды. Енді оқып шықтым - сұрақ көкейімде сол күйі жауапсыз қала берді.
зиялы жазушылар айналысына оздерінше бір мемлекет құрып алып,бірін-бірн мақтап,датап,отыратын отырыста айтатын тос қой.
Қадірлі Төке!
А.Байтұрсынұлының жұнағындай болуға өлеңіңмен де, мақалаңмен де атсалысып жүрсің. Ол кісіге тойлау бұйырған 50 жылдық саған да бұйырды. Құтты болсын!
ҚазПИ-де оқып жүргенде:
Досым-ай, жазшы өлеңді,
Үгітпен емес, үмітіпен.
Өлеңің дәйім тұрсыншы,
Жұлдыздар ұқсап үріккен...
Жұлдыздар ұқсап үріккен,
Тұрсыншы көктен сыр айтып.
Жалықтым сұлу өлеңнен,
Сұлу сөздерден біріккен,- деуші едің.
Кейде шашың ұйпа-тұйпа болып, кеңестік кердең өмірге лағынет айтып:
Шоғында жанып темекінің маздаған,
Күндерім өтіп барады еріккен.
О, Муза, сенен жеріп пе ем?.. - деп, өз-өзіңе келетінсің.
Жасай бер, түнерген келбетіңмен, жүрегіңмен халқыңның ауыр азабын көтере бер. Саған жақтас - бір Алла, ниеттес - адалдығыңды сыйлаған қарапайым азаматтар! Аман бол! Балаларыңның қызығын көр! Арғы-бергі дәуірлердегі айдай сұлу арулардың рухани ләззатына бөленіп, Айша ханыммен жасай бер, жадырай бер!
Қиырдағы алғашқы курстастарың
("Алғашқы махаббат жүректі тербейді...
Қо-о-ш-тасқым келмейді...")
Қадірлі Төке!
А.Байтұрсынұлының жұрнағындай болуға өлеңіңмен де, мақалаңмен де атсалысып жүрсің. Ол кісіге тойлау бұйырған 50 жылдық саған да бұйырды. Құтты болсын!
ҚазПИ-де оқып жүргенде:
Досым-ай, жазшы өлеңді,
Үгітпен емес, үмітіпен.
Өлеңің дәйім тұрсыншы,
Жұлдыздар ұқсап үріккен...
Жұлдыздар ұқсап үріккен,
Тұрсыншы көктен сыр айтып.
Жалықтым сұлу өлеңнен,
Сұлу сөздерден біріккен,- деуші едің.
Кейде шашың ұйпа-тұйпа болып, кеңестік кердең өмірге лағынет айтып:
Шоғында жанып темекінің маздаған,
Күндерім өтіп барады еріккен.
О, Муза, сенен жеріп пе ем?.. - деп, өз-өзіңе келетінсің.
Анау өлең ше - анау Әдекеңнің:
- Басың тептім базар күн,
Қиялым менің құралай!..
Жатақхана түбінен бөтелке жинайтын қауға сақал орысты көріп:
- Лев Николаевич Толстой, ты что делаешь? Ты патриарх. Пусть пустых бутылок собирают пустые люди,- деп айқайлаушы едің ғой "бозаның" буымен.
Сен 1-курста ылғи автобустан адасатынсың. Азанда барлық студент жоғары жаққа қарай (институтқа қарай) мінсе, сен қаланың шетіне қарай жүретін көлікке төмен қарай отыратынсың.
Береговой көшесінің бойындағы 74 тиын тұратын лапша есіңде ме? Сен сол жерге кіргенде, шыққанда көзілдірігіңді төмен басып, ыңылдап бірдеңе дейтінсің. Арық-тұрақ болсаң да, рухани қуатты едің. Арақ сені ешқашан жеңе алған жоқ. Бірақ темекіні қатырып тартатынсың. 50 қызды бәсекелестіріп қойған "Қызыл етік" өлеңіңді ұмытамыз ба?..
Жасай бер, түнерген келбетіңмен, жүрегіңмен халқыңның ауыр азабын көтере бер. Саған жақтас - бір Алла, ниеттес - адалдығыңды сыйлаған қарапайым азаматтар! Аман бол! Балаларыңның қызығын көр! Арғы-бергі дәуірлердегі айдай сұлу арулардың рухани ләззатына бөленіп, Айша ханыммен жасай бер, жадырай бер!
Қиырдағы алғашқы курстастарың
("Алғашқы махаббат жүректі тербейді...
Қо-о-ш-тасқым келмейді...")
Т.Ташенинге!
Төреғали - Ғалидың сырын алған,
Есенин, Фет, Блоктың жырын алған.
Абайды басқа қойып, бергілерді
Бас бұзбай, тиіспей-ақ қырын алған.
Шадияр Ғали деген ақ беренім,
Өлеңде кім айтады "бақ беремін?".
Елуде төрт кітапты жұртқа тарттың,
Бұйырса "Мемсыйлықты" ап беремін.
1983 жылы қыркүйек-қазанда болжамаған ой...
"Бұл кім?" - десең,
Бұрғы жанар, бұйра бас,
"Пушкин" десең, бұл ойыңнан бұра қаш.
Бұл кәдімгі
Төрекең ғой әспеттеп,
Төбесіне көтеретін күллі алаш.
Төне шапса,
Төңірегін төңкерген,
Төрекеңе бар ма екен жан тең келген?!
Төне жазса,
Төгіліп жыр жаңбырдай,
Прозасы гүл боп жерді көмкерген.
Туған жұлдыз
Теріскейде, Созақта,
Нұрын шашып, жырын шашты қазаққа.
Бүгін міне,
Ердің жасын еңсерді,
Құттықтайық, асығайық сол жаққа.
"Қазақстан-Заман" газетінің ұжымы
Төреғали - танылмаған тұлға! Насихаты жоқ. Әйтпесе талайды қанжығасына бөктеріп әкететін сұржекей сұрапыл шайыр
Пікір қосу