Миллиардтан аса қытай, миллиондаған орыс, мыңдаған мұңғыл сияқты басқа халықтардың ішінде жүріп, тағдырдың тәлкегіне төзген, ата-АУЫЛ-руға топтасудың арқасында ғана ТІЛІН, ӘДЕТ-ҒҰРПЫН, САЛТ-ДӘСТҮРІН, ДІНІН сақтап, Ата жұртқа көшіп келген қандастарымызды көргенде, мен ҚАЗАҚ болғаныма мақтанып, сүйінемін.
Бірақ, өз елінде , қалың қазақтың ішінде, қазақ тілін біле тұра өзара өзге тілде сөйлесіп, ұлттық ойлау қабілетінен айырылған қазақтарды көргенде, мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін.
16 миллион біртұтас халықтың ішінен мемлекеттік тілді білетін, ұлттық ойлау қабілеті жоғары, Еліміздің тарихын, салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын, мәдениетін жақсы білетін тәрбиелі-білімді мың азаматты, Парламент пен Үкіметте жұмыс істеуге, іріктеп ала алмайтын азаматтық қоғамымыздың 65 пайызы қазақтар екенін ойлағанда, мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін.
Санасы уланған кейбір мемлекеттік шенеуніктер ұлттық өнерге, ұлттық спортқа, жалпы ұлттық мәдениетке жеткілікті көңіл бөлмей, қалың қазақ айналыспайтын спорт пен өнер түрлеріне қыруар қаражат шашып жатқанда, Ел ішінде ұлттық құндылықтарды насихаттап, таратып жүрген БАУЫРЛАРЫН қолдап, оларға қол ұшын созған ұлтшыл, қатардағы кәсіпкер - АЗАМАТ қандастарымызды көргенде, мен ҚАЗАҚ болғаныма мақтанып, сүйінемін.
Бірақ, қазақ ұлтына, өнері мен мәдениетіне қосқан үлесі бар, еңбектерін Елі таныған Тұлғалардың, талантты жас журналистер мен өнер адамдарының, мемлекеттен қолдау көрмей, үйсіз-күйсіз жүргенін көргенде, мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін.
Қазақ Еліндегі 10 млн. қазақтың есебінен биліктегі қызметтеріне ілігіп, өз қара бастарының қамын ғана күйттеген, қалың қара қазақтың мүддесін ұмытқан, қазақи ұлттық құндылықтарға мән бермей, дүниежүзілік басым күштердің құрығына түскен, уақытша мәнсап-байлыққа мәз болып, өздерінің ұлт жадының «қара тізіміне» ілініп жатқанын сезбейтін кейбір шенеунік - депутат қазақтарды көргенде, мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін.
Тәуелсіздіктің мүмкіндіктерін толық пайдаланып, тың деректерден қазақтың шынайы тарихын оқып-біліп санасын тазартып, білгендерін өздері өмір сүрген ортасына насихаттап, таратып жүрген, қатары күн сайын арта түскен аға буын, орта буын, жас буын қазақтарды көргенде, мен ҚАЗАҚ болғаныма мақтанып, сүйінемін.
Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заңның «Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкілдерімен өткізілетін ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тілдерге аударылып, мемлекеттік тілде жүргізіледі» деген 27-бабының орындалуын Құдайдың құтты күні, секунд сайын өрескел бұзып жүрген шенеуніктерге Қазақ Елінде «әй дейтін Әже, қой дейтін Қожа» шықпағанын көргенде, мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін.
Ата-бабаларымыздың ұлттық ойлау қабілеті мен рухы қонған ауылдағы қалың ҚАЗАҚ - барлық «приватизация», «оптимизация», «легализация» сияқты келеңсіздіктерге төтеп беріп, таза АУЫЗ СУСЫЗ , ЖОЛЫ нашар, байланысы нашар, ГАЗЫ жоқ және ОТЫН-СУЫ тапшы елді-мекендерде, көптеген қиындықтарға төзіп, ата қоныстарын жоғалтпай, Қазақ ЖЕРІНІҢ иесі әлі бар екенін әлемге танытып жүргенін көргенде, мен ҚАЗАҚ болғаныма мақтанып, сүйінемін.
Бірақ, қазақтың жері мен байлығына қызыққан әлемдік басым күштердің «тәрбиесі мен ақылының» нәтижесінде ұлттық-ойлау қабілетінен айырылған, білімді әрі пысық кейбір экономист-саясаткерлердің бүкіл қазақты бес-алты қалаға жиып алып, олардың екі-үш ұрпақ болып өмір бойы тапқан - таянғанын байырғы қала тұрғындарының қолына ұстатқызып, өздерін үйсіз-күйсіз тентіретіп, елдегі экономикалық және әлеуметтік келеңсіздіктерге жол берген надандығын көргенде мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін.
Қазақ Еліндегі болып жатқан келеңсіздіктерді тоқтатуға бүгін күш салмаса, алдағы уақытта оның ұлтымызға апат әкелетінін Билікке ашық айтып, бұл келеңсіздіктерді жоюдың жолын зерделеп, халыққа жеткізген Мұхтар Шаханов, Совет-Хан Ғаббасов, Ғазиз Алдамжаров, Ғаббас Қабышұлы, Дос Нұрахмет, Хайрулла Ғабжалилов сынды Ел ағаларымен қатар Айдос Сарым, Дос Көшім, Марат Бөтеев, Дәурен Бабамұратов сынды т.б. көптеген азаматтардың ұлттық ұстанымдарының беріктігін көріп, мен ҚАЗАҚ болғаныма мақтанып, сүйінемін.
Бірақ, Әлемдік Басым Күштердің мүдделерін дәл орындайтын «кеңсеге» айналып бара жатқан біздің Үкімет пен Парламенттегі өзге тілде оқып-өніп, шетелдіктерше «ойлайтын» кейбір бауырларымызды көргенде, мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін.






Рас, біз осындай халықпыз. Бір ұлт ішімізден екіге жарылып өмір сүріп жатырмыз. Өкінішті...
Саяқ
Оян қазақ!
Ех, біздің толық оянуымыз үшін тағы қанша жыл қажет екен? Кезінде, бұдан 1 ғасыр бұрын Ахаңдар (Ахмет Байтұрсынұлы) маса боп шағып оята алмаған қазақпыз ғой.
Мен де катты куйiнген адамнын бiреуiмiн.Ендi осы елдегi шындыкты кормес ушiн ботен елге кетiп барамын. Мунда отырып кунде куйгенше, алыста тыныш жатайын!
Сорлы қазақ мынау құсап бәріміз өз құлағымыздың тыныштығын ойлап кетіп қалайық әр елге. Енді ғана еңсесін тіктеп келе жатқан еліміз қайта құласын елге деген жерге деген патриоттық сезісі жоқ сорлы! Жоғал бар қазақтың жерін басуға қалай дәтің шыдап жүр! Еліне жаны ашымайтын оңбаған!
Ермұхан
Кетіңдер. Күйініңдер. Байырғы қазақтарға тыныштық беріңдер. Жаның ауырза жазылатын жаққа кет. Біз осы жерде тудық, анау-мынау арандатуларыңа ермейміз. Келген екенсіңдер тыныш жүріп бейімделіңдер біздің бейбіт өмірге.Ұнамайды екен ұрылып өскен жерлеріңе тайып тұрыңдар. Тыныштығымды алмаңдар. Мына жазғаның жұртшылықтан жалған бедел жинаудың жолы.
Болат аздап эмоцияға беріліп жазыпты, бірақ та сіздің мынауыңыз барып тұрған арандату ғой. Шеттен келген біреу албаты нәрсе жазбасын дегенге саяды ғой.
Осылай, қарныңның тілеуін тілеп жата бер!!!
Ата-АУЫЛ-руға ТОПТАСУҒА негізделген ҰЛТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК һәм ТӘРБИЕЛІК ОРТАМЫЗ осы заманға сай жаңғырмайынша,батысқа қарап "аузын ашып- көзін жүмып",азғындаған космополит "бауырларымыздың" планетарлық масштабтағы (жеке бастарының мүддесі үшін)"қажырлы еңбектерінің арқасында,Қазақ Елі Әлемдіу Басым Күштердің "жемі" бола береді....
Кетіңдер деп бір орыстың бетіне айта алар ма екен мына сорлы. Айналып кеп өз баурыңның көзін шұқып, көңілін қалдырып отырғанын біле ме екен байғұс! Жаттың айтағымен, жақынының жанын жараласаң Қазақ болғаныңнан не пайда. Бейбіт өмір дейсің бе? Өз еліңде отырып жаттың тілінде сөйлеп, бөтеннің босағасын сағалап, күштінің артын жалаған, басқаның дініне бағынып, кәпірдің харамын талаған бейшора тірлігіңе масаттанып отырмысың. Бар болсын ондай тірлігің.
Т.Т
дәл айттың-ау!!!
Уйыктай бер Казах!Енди оянып,орыныннан турсан карынын ашады.Саган буйырайын деп турган да,жейтин де ештене жок!Тоналып калдын!
кашан бәрі өзгереды қашан азат боламыз
1) Ол үшін қазақтарға патриоттық сезім болуы керек. Бір-бірімен өз ана-тілімізде сөйлесейік. Және сөйлескенде де таза қазақ тілінде сөйлесуге тырысу керек, себебі кез келгеніңіз байқап көріңіздер, қазақшамыз таза емес, арасында орыс сөздері жүреді. Ол дұрыс емес, тіл таза болуы керек.
2) Білім-ғылым, НОУ-НАУ әлемдік технология жетістіктері, басқа да шығармалар, ғылыми еңбектерді қазақ тіліне аудару керек, онсыз тіл қазақтардың өзіне де керек болмай қалады, бүгінгі күнде осылай болып отыр.
3) Ғылым мен техниканы меңгеріп, жақсы маман болмасақ, бизнеспен айналыспасақ (тек алып-сатарлық емес, кәдімгі өндіріспен айналысатын бизнес), онда біздің елімізде ешқандай да беделіміз болмайды...
Қазағымның ауылдарында орасан күш туылды енді сол күштерді еңсесін көтеруге мүмкіндік берсеңдер Қазақстан Ғажапстанға айналатынына кәміл сенемін! Қаладан қайыр қалған жоқ! Ауылда туған жас патриоттарымызға мүмкіндік берсек!Қазағымның алар асуы әлі алда болады! Егерде қалада туып қазақша екі әріптің басын құрайалмайтын мылқау ұрпаққа сенсек Қазағым құлдырайды! Оян Қазақты Ауыстырып Ойлан Қазағым деп айтқым келеді
Қаладағының бәріне топырақ шашпаймын негізінен көбісі осындай тілдің қадірін білмейтін патриоттық сезімі жоқ пенделер! Қатты айтсам кешірім сұраймын
Ермұхан
Тілдің жарасы жеңіл, егер адалдық пен қаталдық болса. Біздегі кемшілік алғышартын орындамай, дән сеппей егін орғымыз келеді де жүреді.
-Анахарсис
Пікір қосу