ҚазТАГ-тың хабарына қарағанда, кеше Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов президенттің қабылдауында болып, Елорданың сәулет-құрылыс жұмыстарымен таныстырыпты. Әкімнің Елбасына көрсеткен эскиздерінің ішінде, республикалық конкурстар нәтижесінде іріктеліп алынған «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументі мен Құрманғазы Сағырбайұлына арналған ескерткіш те бар екен. Ішіміз жылып қалды. Туғаны жоқ тура бидей болмаса да туған билігің тарихың мен тұлғаңа тас мүсін орнатпақ ниетін көрсетіп жатса, «Бұғанда тәуба» демейтіндей, тасбауыр, тасжүрек емеспіз ғой. Бәрекелді!
Ескерткіш десе, 2009-дағы дау еске түседі. Тұңғыш рет Тәуелсіз Қазақ мемлекетін құрған хандардың еңселі ескерткіштерінің қала шетінде қараусыз жатқаны қалың қазақтың намысына тиіп, Алаш дегенде шығарға жаны бөлек abai.kz ақпараттық порталы бастап қазақ баспасөзі әлгі мәселені әй, кеп-кеп шуылдатты дерсің. Баспасөздің еңбегі зая кетпеді. Ақыры, хандарға қайтадан, жаңа ескерткіш қойылды. Әмбесі, Астананың әкімі өзі тарихшы, әрі тарихи жәдігерлерді жинаушы, өнерге өте-мөте жақын адам. Ескерткіштер де өнердің бір түрі ғой. Сондықтан, Астанадағы ескерткіш атаулы өнерді түсінетін адамның қолында десеңіз болады.
Бірақ, сонда да Астана жақтан ескерткіш деген әңгіме шықса, арты қалай болар екен деп алаңдап отыратын болдық. Бұл - 2009-дағы хандардан кейін сейілмей қалған кесірлі күдік болса керек.
Айтпақшы, Астана ағымдағы жылды ескерткіштермен бастады. «Мәңгілік ел» деген қақпа ашты. Шындығында ол жерде Отырардың қақпасындай қасиетті қақпа түгіл, сықырлауық есік те жоқ. Есесіне, жұрт арлы-берлі аспанға қарап, тамашалап өтетін аркасы бар. Суретін көргенде неге екенін білмеймін, Париждегі Триумфалды арка көз алдыма келе қалды. Француздардың аркасынан Астананың аркасы көлемі жағынан көп кіші. Екеуінің де өзіндік ұлттық ерекшеліктері бар екен. Бірақ, Астананың аркасын өзіміздікі деп қабылдай алмай-ақ қойдым. Бірақ, Астананың аркасынан бұрын арқасы бар ғой. Арқасы!
«Абай-ақпарат»
Төртінші суретте - Алматыда ашаршылық құрбандарына арнап қойылатын делінген ескерткіш орнындағы қара тас. Алайда, ашаршылық құрбандарына қойылуы тиіс ескерткіш әлі күнге дейін орнатылған жоқ.
Бесінші суретте - Париждегі триумфалды арка
Алтыншы суретте - Астанадағы "Мәңгілік ел" қақпасы








Пікір алынып тасталды!
Имекең өнерге сондай ақ қазаққа сондай жақын адам ғой дау жоқ жақсының жақсылығын айт нұры тасысын!
Факультетте шеберлік сабақтарын белгілі және кеңінен танымал журналистер жүргізеді. Мысалы, қоғам қайраткері, «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының бірінші президенті Ғаділбек Шалахметов, ЮНЕСКО жанындағы бұқаралық коммуникация және журналистика жөніндегі Дүниежүзілік ORBICOM ұйымының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты Намазалы Омашев, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов, сонымен қатар белгілі саясаттанушылар - ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі, саясаттану ғылымдарының докторы Венера Жексембекова, диссертациялық кеңестің төрағасы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Жаңылжан Жүнісоваларды атауға болады. Факультетте ҚР ЖМ ҰА 2 академигі, журналистика академиясының 3 академигі, 10 ғылым докторы, 21 ғылым кандидаты, 1 Рһ.D докторы, 4 ҚР БҒМ «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері, 2 ҚР еңбек сіңірген қайраткері, 4 ҚР мәдениет қайраткері қызмет етеді.
Ұлттық журналистика ұстындарының бiрегейi, ұлағатты ұстаз, көрнектi ғалым, бiлiктi ұйымдастырушы, қаламы қарымды публицист, сөз өнерiнiң жанашыры, сонымен бiрге өнердiң өзге де түрлерiнен \"бар таласым\" деп, биiктердi бағындырып жүрген сегiз қырлы, бiр сырлы Намазалы аға Омашұлы өмiрi мен шығармашылығы туралы сыр шерту маған әрi жеңiл, әрi қиын. Кайрат Сак
При чем тут Омашев?
Имекең жақсы адам! Жүрегінде оның сәуле барына сенем!
«Мәңгілік ел» деген қақпа ашты.
---------------------------------
Ағайын, "мәңлілік ел" деген сөз дұрыс емес. Дұрысы: "МӘҢГІ ЕЛ" . Осылай, атауынан бастап, бүлдірдік-ау!
"Мәңгілік ел" де, "Мәңгі ел" де дұрыс емес. "Мәңгілік ел" - "мәңгі ел бола алмай кетерміз" деген астарлы синонимге итереді, "Мәңгі ел" дегеніміз - шамадан тыс асыра бағалау. Екеуі де саяси конбюктураның саудасына түсе алатын атаулар. Оны "Қазақ елі" Аркасы деп атаса болар еді. Оның әртүрлі вариациялары (мысалы, "Қазақтың елдік белгісі" т.б.) да болуы мүмкін. Сонда ол саясаттан тым жоғары болады, және елдің мызғымас бірлігіне қызмет етеді, жасампаздыққа бастайтын символ бола алады.
Әбдірашит Бәкірұлы
"Мәңгі ел" деген атау дұрысы болатын. Бұл ештеңені де асыра бағалау емес, жер бетінде мәңгі ештеңе жоқ. Бұл эпитет - түркілер, жалпы көшпенділер дүниесіне таныс, жүрегіне жақын атау. Ұлы Түрік қағандығын құрған Бумын қаған да, Түрік-Сір қағандығын құрған Білге қаған да өздерінің құрған елдерін "Мәңгі ел" ("Вечный эль") деп атады. Зерттеушілердің көбі де, Шыңғысханның елінің атау "монғол" - "мәңгі ел" ("мың қол" дегеннен емес) деген сөзден шыққан деп дәлелдеп жүр. Шыңғысхан - көне Түркілердің әскери-жауынгерлік және дәстүрлік салттарын берік ұстанған тұлға.
Кішкене халыққа үлкен намыс қажет
Мен үшін Омашев пен Қайрат Сақ ағаларым мәңгі болса, өзгесін ұрғаным бар!
Мәңгі деген омоним милау, миы айналған дегегн де мағына береді. Содан қашып мәңгілік деп икемдеген. Мәңгілік ел дегенде әйттеуір басы айналып қалған, милау ел деген мағына жоқ. Соған да шүкір.
қасиетті ҚҰРАНымызды парақтасак мәңгілік ешнәрсе де жоқ.бәрі уақытша.бәрі сынақ.ӘЙТЕУІР ТҮБІ БІР АҚЫРЗАМАН БОЛАДЫ.онда таулар да бұлт сияқты ұшып жүреді.-делінеді қасиетті кітапта
11-ші конак оте дурыс айтады. Казакта "мангі есектей" деген тіркес бар!
"Мәңгі" деген сөз Қазақта әдеби тілде жоқ. Тек аймақтық диалект ғана бар. Мүмкін, тіліміздегі "мәңгірген", "мәңгүрт" деген сөздерден осы "мәңгі" (мыйы айналған) сөзінің түбін тауып алуға болатын шығар. Шыңғысханның немересі, монғол империясының ұлы ханы Мөңке (Мэнгю) ханның есімі де осы мәңгі сөзінен шыққан.
"мәңгілік ел" емес "мәңгүдік ел" деген келетін сияқты
Иманғали президент болсын деп бір Алладан тілеп жүремін. Оралман
Имекең жақсы адам. тек жанындағылр Астана әкімдігіндегі бұрынғы адамдарды түгел дерлік қаңғытып жіберді. Орындарына Алматыдан арнайы адам алдырды. Сонда Ақмолалықтар қолынан түк келмейтін, жұмыссыздардар қатарына қосылды. Олардың қатарында АЛЖИРДің бүрынғы директоры да бар. Имекең жақсы адам, Алматыдағы Шаңырақта бар қазақты булдозермен қырып тастаған. Имекең жақсы адам, тек жанындағы командасына ара тұра болса да әй, үй сыртында кісі бар деп айтпайтыны болмаса
Пікір қосу