Әлемеуметтік желіде көзімізге еріксіз түскен мына бір ақпар ойымызды тағы бөлді. Журналист Қажымұқан Ғабдолла жеке блогындағы (http://my.mail.ru/mail/oral74/microposts?postid=2A5E4C785CEB331A&commentid=3107000039144800 ): «...Күні кеше Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Мәжіліс депутаты, Халық Қаhарманы Бақытжан Ертаев ағамыз жұртты «Әулие Валентин күнімен» құттыктап, масқара болды.
Өзі әскери адам, өзі Ауған соғысында қан кешіп, қасірет көрген, өзі депутат, өзі Халық қаhарманы ағамыздың: «Жаңаөзен құрбандарын еске алайық!» деуге иманы мен кісілігінің жетпегені ме?!...
Мінеки, біздің тағдырымыз туралы шешім қабылдайтын депутаттың имандылық, адамгершілік, кісілік, мәдени, саяси деңгейінің сиқы - осы».
Әрине, болып жатқан жайттарға пікір айту әркімнің өз құқығы мен шаруасы. Десек те, осыған дейін талай талқыға ұшыраған бұл тақырып алдымыздан неге көлбеңдей береді? Өйткені, өмір шырқ айналған ұршық секілді, кімнің жібі болса да иіре береді. Шамасы, Өмір-ұршыққа иіретін қазақтың жібі болмағасын, әркімдікін қолға кезек-кезек ала беретініміз содан болса керек. Не дейміз, бұл жолы да батыр-депутатты талқыға салғаннан қазақтың жібі иіріле қояр ма екен.
Дегенмен, мына сауалдарға бас қатырған абзал, қайткенде де ұлтпыз, мемлекет атымыз бар. Сол жіп иіретін қазақы қойдың өзі тапшылыққа ұшырай бастағасын не жорық? Қазаққа тән шаруаның қыры болмағасын, билік оған басы ауырмағасын, әркімнің жібін иіріп, соны тоқып, соны киіп жүре береміз бе, Бақытжан депутат?
«Абай-ақпарат»




Ха,ха,ха! Жіпсіз батыр, "мерекең" құтты болсын!
Түсінеміз, ауған соғысы болмаса кейбреулер батыр бола алмас еді. Бірақ сол ақпан мерекесін жасаған қызыл империя қазақтың қырық пайызын қырған жлоқ па аштықтан? Ал, патшалы ресей кезінде ауылдарды жусандай өртеген жоқ па? Ең болмаса өзің туған халқыңның тағдырын неге сыйламайсың? Бауржан батыр олай істемес еді... Оның материалы басқа болатын! Ауғандық соғыс ардагері
Басқыншы армияның қатарында соғысып Батыр болуды мен түсінбей-ақ қойдым. Фашистік Германияның әскерінде олардың өздерінше керемет батырлар болған. Тіпті бір ас ұшқышы советтің 400-ге жуық самолетін атып түсірген екен. Бірақ кім оларды қазір әспеттеп еске алып жатыр. Мен бір пікірімде одан жасым үлкен аға ретінде кеңес беріп едім: нағыз адамгершілік, парасаттылық жасап ауған халқынан кешірім сұрап, "Халық каhарманы" деген атақтан бас тарт ,деп. Әзірге ондай ізгілік қадамға баратын қалпы жоқ..Мен алдымен Президентті қорғаймын! деп сес көрсетіп қояды.
Басымен ойламай, бұйрық орындаушылар қауіпті. бұйрық орындаушылардың Жаңаөзенде не істегені белгілі. Осылардан сақтану керек.
Пікір алынып тасталды!
енди валентин кунин алып тастап аулие Ертаев куни дегенди енгизу керек. сол куни шағылысқандарға есі ауған соғысының қатысушысы деген мәртебе берілсін.
Түймедейді түйедей қылмаңыздар.
досыңды сынағың келсе қолына билік бер, батырды сынағың келсе депутат қыл!
Имансыз адамдардан шаршадым. Бұрынғының бірі жоқ,Жақсылардың көзі жоқ. Соларды аңсап зарлаймын.Әбубәкір Кердері.
Расында бұларға атақты Ресей беруі керек қой, жұмсаған солар.
Аға, ода нең бар, шеттегі 5000000 қазақтың тағдырын айтсаншы одан да!!!
Түймедейді түйедей қылмаңыздар.
--------------------------------
"Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді" дегенді мен айтқан жоқпын. Енді Қазаққа да солай демексің бе? Бұқар
"әулие Валентин күнімен" құттықтағанша, ертеңінде 15 ақпна күні болатын әскерлердің Ауған шекарасынан шығарылған күнімен неге құттықтамайды екен, о сорлы.
Пікір алынып тасталды!
Пікір алынып тасталды!
Батыр Бауыржанның туған өлкесінен осындай жарыместер қалай шықты екен? Садаға кеткірлер-ай!
Генерал Б.Ертаев ағамызды мықты деген қазақтың жігіттерінің қатарын жатқызып, сырттай риза болып жүруші едім...осы қазакемнің : Әулиелерді алыстан сила,жақындап кетсең пендешілігін көріп қоясың: дегені рас екен-ау...Өкінішті-ақ.
Нұрбол. Алматы.
"Батыр аңғал келеді" деген осы шығар. Ол оны бір діни астарға тіремей, әзілдеп айта салған шығар деп ойлаймын. Біз баяғыдан әскерилердің нені жақсы көретінін білеміз, олар - күшті тамақ (закуска), гармонь мен табак, және әйелдер. Сондықтан оған өкпелеп түк қажеті жоқ. Мен баяғыдан бері дәл осы күнді - 14 ақпанды "қазақтың ғашықтар күні" (Баян сұлу ма, Қыз Жібек пе - шешуге болады) жариялай салайық, осыны өзімізге сіңдіріп жіберейік деп қақсап келемін. Бір адам ойланбайды ғой, ақыры өзіміз улап-шулап жүрміз. Жастар арасында ол болса сәнге айналып, Валентин атымен қанға сіңіп барады... Әбдірашит Б.
Оттапсыңдар, бұл шал ДЕПУТАТ емес, әрине табан жалағыш болады, өйткені банкир баласын түрмеден құтқарып алды ғой, соны да білмейсіңдер ме?!
Бақытжан замандасым, мен сені өте қадірлеп, тілеуіңді тілеп жүруші едім. Мына сөзіңді айқаның бекер болды. Бұдан да сен соттың алдында жалғыз оғыңды өзіңе жұмсағаныңда Бақытжан атың қазақ халқының есінде мәңгілік БАТЫР БАҚЫТЖАН болып қалатын еді. Сен болған жерде 1980 жылы мен де болып едім.
Мына бір жайт көңілге орала береді : неге жамбылдықтардың ішінде ж а ғ ы м п а з д а р көп ?! Жәдігөй-жампоздардың саны мен "сапасы" жөнінен республикалық конкурс өтсе, Жамбып облысының командасы (капитаны М.Жолдасбеков) басқалардан көш бойы озып кетер еді. Құрамын қараңыздар, әбден ысыпған ойыншылар :Шерхан (ЕБ-ні Нұх пайғамбарға теңеген),Ертаев, ән ұрлағыш Қоразбаев (жас ақын Н.Назарбаевтың "Үшқоңыр" деген өлеңіне ән жазам деп Шәкәрімнің "Еңлік-Кебек" әніне қол салған),шешендерге барғанда батыр, үйге келгенде "қатын" Рафаэль,ойбай-ау, күнде кешкілік сүйікті Розасымен қол ұстасып Астананың сұлу көшелерімен бой сергітіп жүрген Әкім Таразиді қалай ұмытуға болады. Басқалары өкпелемесін, атамады деп. Суперкоманда. Әрине, көпке топырақ шашпаймыз. Тараз жерінен шыққан асыл да абзал жігіттер де жетерлік. Бауыржан ағамыздың бір өзі бүкіл қазақтың символы, мақтанышы емес пе. Ал мына жағымпаздарға не көрінді екен, соншама.
Мына бір жайт көңілге орала береді ; жамбылдықтардың ішінде неге жағымпаздар көп?!
Мен баяғыдан бері дәл осы күнді - 14 ақпанды "қазақтың ғашықтар күні" (Баян сұлу ма, Қыз Жібек пе - шешуге болады) жариялай салайық, осыны өзімізге сіңдіріп жіберейік деп қақсап келемін. Бір адам ойланбайды ғой, ақыры өзіміз улап-шулап жүрміз. Жастар арасында ол болса сәнге айналып, Валентин атымен қанға сіңіп барады... Әбдірашит Б.
---------------------------------------------------
Әбеке, ойыңыз орынды, бірақ идея сіздікі болғасын соны орындауға бір шара қолданбайсыз ба? мәселен, бір алқа құрып, джемеушілерден ақша жинап, Қозы-Баян, Төлеген-Жібек парақтарын шығарып, тәттілер өндіртіп, алтыбақан тептіріп, дегендей... Айтасң да қоясың, кім оны орындайды соңына түспесең? Бір әумесерлер 15 сәуірді бас-көз жоқ ғашықтар күні деп әуре болып жүр, оларда не тарихи мәлімет, немесе ол күннің қазақ махабатына қатысы қандай деген дерек болсайшы. Болмаса 19 мамырды алуға болар "Қыз Жібек" филмін түсіруге қыздарға алғаш кастинг өткізген күн. Сонда бәлкім, көзі тірі Құман мен Меруерттер жастарға үлгі болып, тірі тәбәрікке айналар!
Осы бар ғо, парламентті тағайындағанда(сайлағанда емес) міндетті түрде 2-3 жареместерді қосып жіберетін сықылды. Өткенде Бақит сыздықова,Тәңірбергенотар болды.Мен түсінбеймін, парламентте ақылды, білімді, сауатты депутаттар отқаны елімізге тиімді емес пе? Әйтпесе, олардың түрлерніе, айтқан сөздеріне қарап қазақстан каналдарын өшіріп тастайсың.
жиырмасыншы қонақ, ауызыңды абайлап ашқаның жөн! бес саусақ бірдей емес! бір атадан ала да туады, құла да туады! нагыз халықтың ұлдары Жамбыл өңірінде де жетеді Бауыржаннан басқа да! оларды тізбелемей ак кояйын. ал сен жершілдікке салып, жік ашпа! желкен узіліп кетер бір күні! Асан Арнур
Осы кісі депудат болғанда қуанып едім, қазақы адам ғой деп... қайтейін енді! Оралған.
жамбылдықтар көршілері Шималарға емес, Қызылордалықтарғ ұқсауға тырыссын. Сонда бірдеме болар.Қызылордалықтардың ішінде кішіжүздіктер көп.
мақұл-мейлі-бопты!
Бақытжан Ертаев ешкандай да батыр адам емес!!!
кезінде басқыншы ұлттың әскер сапында жүріп тын-тыныш жатқан өзіміздің мұсылман бауыр халық ауғандарға тізесін батырған адам!!
азаттық алған жылдары ол Солтүстік Кореяға қырық ұшақ сатып істі болған адам. бірақ бізде ауыл бір сиыр ұрлаған адам сотталады да, қырық ұшақ ұрлаған адам парламентте депутат болады. Ал халықтың сөзін сойлейтін Бекболат, Мұхтар Шаханов сиякты адамдарға парламентте орын жоқ…….
Осы бар ғо, парламентті тағайындағанда(сайлағанда емес) міндетті түрде 2-3 жареместерді қосып жіберетін сықылды.
-----------------------------------------------------
Ол шынында да солай. Саяси технология бойынша жұрттың назарын парламентке аударып тұру үшін Ғани Қасымов, кім еді әлгі тележүргізуші болып кеткен ағамыз сол секілді әртістерді әдейі таңдап, ханның аппараты іріктеп отырады.Осы жолы Ақ жол" мен Компартия тізімін жасақтаған аппарат Айталы секілділерді "шалдарды жолатпаңдар!" деегн нұмқаумен өткізбеген. Ал, мына батыр халық қаһарманы тізімі бойынша өтіп отыр. Бірақ абыройын былғап алдау деймін бұл кісі
"Аскерилердин миында бир-ак ирек /извилина/ болады", деп бир касиетти жан айтушы еди... Обал-айй! Еки иреги барлар аздау ма деп каламын,себеби оларда барлыгы буйрыкпенен болгасын, омиринин барлыгы буйрыкка багыну немесе буйрык берумен гана шектеледи. Обал-аййй! Жаным кулазып кетти .. Мумкин ол киси азилмен немесе кекесинмен айткан шыгар,а? Солай дейикши жане солай екенине сенейикши,айтпесе кимге сенемиз,а? Обал-аййййййййййййййй!
Бакытжан мырзанын Ерл1к жасаганына шек келтируге болмайтын шыгар, жазгыщтар? Осыны жазган жанды сол согыс аланынан корсе гой, отырган жерине жиберип кояр ма еди,кайтер еди?! Себеби мундайды оз колынан келмейтиндер гана куншилдикпен айтады!
Соғыстың да соғысы бар. Ауғанның еліне басып кіріп6 бейбіт халықты, оның ішінде қарияларды, әйелдер мен балаларды қырып салған армияға бар әлемде барлық уақытта лағнет айтады. Б. Ертаев несіне батырмын деп жүр, соны түсіндіріп бере ала ма екен, өзі. Айталық, мектеп оқушысы сұрақ қойды дейік: : Ағай, қандай ерлік жасадыңыз, неше жаудың көзін құрттыңыз, деп... Жалпы, алдында әскери самолеттерді заңсыз Солтүстік Кореяға сатқаны үшін түрмеге қамалған адамның іле-шала "Халық каhарманы" боп шыға келуі бір жұмбақ нәрсе. Әрине, кейін уақыты келгенде бұл жұмбақтың да жауабы ашылады. Ертаев туралы тағы бір жарлық шығуы мүмкін.
Пікір қосу