Күн - күйеуін жер көксеп ала қыстай,
Біреуіне біреуі қосылыспай,
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң
Жер толықсып, түрленер тоты құстай.
Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Осы жылдың 1 қыркүйек күні 2 496 465 оқушы мектепке барады. Оның ішінде 297 778-і мектеп табалдырығын бірінші рет аттайды екен.
Айтқыш екен
Өз жерінде жеуге жарар, дәметер ештеңесі болмағандықтан ауыз бәрін шеттен алады. Экспорты - тек қана сөз.


Оспанхан Әубәкіров

Загрузка

TASAM Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне байланысты алқалы жиын өткізеді

Жәрдемші


Еуропада қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық дәрежесі Қазақстанның халықаралық қауымдастықтың субъектісі ретіндегі тұғырының нығайғандығын дәлелдеуде. Бүгінгі таңда ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер өз көңілін қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету шеңберінде Еуразия аймағының көп қырлы мәселелеріне назар аудара отырып, олардың оң шешілуіне тәжірибелі Қазақстанның айтарлықтай әсер ететіндігіне сенім арттыруда. Демек, Қазақстанның төрағалық етуі жөніндегі қабылданған оң шешім - Ұйымға мүше елдердің барлығының іс жүзіндегі теңдігін айқындауда.

Қазақстан ЕҚЫҰ-мен өзара әрекеттестік аясында заманауи халықаралық мәселелерге қатысты ұжымдық әдістеменің келешегі зор екендігін көрсетуде және бұл жағдайда өзара тиімді жинақталған ынтымақтастық тәжірибесін есепке алғандығын дұрыс деп есептейді.

Егемен еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі барысында ұйым қызметінің қаншалықты нәтижелі болатындығы шетелдік саяси институттардың қызығушылығын арттыруда. Осы орайда,  Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстанның қазіргі рөлі мен қызметінің негізгі басымдықтары жайында Түркиядағы беделді үкіметтік емес ұйымдардың бірі және аталған елдің сыртқы саясатына ықпал етуімен танымал «ТүрікАзия стратегиялық зерттеу орталығы»  (TASAM) алқалы жиын өткізбек.  Алқалы отырыстың тақырыбы - «Қазақстан - 2010 ж. ЕҚЫҰ төрағасы» деп аталады.

Аталған іс-шараның өткізілуі Түркияның Стамбұл қаласында ағымдағы жылдың 25 ақпанында (13:00-17:00) «Sheraton» қонақүйінде (Ataköy) болады.  Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселесінің маңыздылығы мен күрделілігін ескере келе, «дөңгелек үстелге» қатысушылардың тізімі беделді жергілікті эксперттер мен ғылыми ортаның және шетелдік дипломаттар мен қабылдаушы елдің сыртқы саяси мекемесінің  өкілдерімен толықтырылып отыр. Сонымен қатар, «дөңгелек үстел» барысында туындайтын пікір-талас барысы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланады.

 

Стамбұлдан, арнайы www.abai.kz ақпараттық порталы үшін

 


 



Басқаны қойшы, 21-ғасырдың хас батыры, ҚАзақтың біртуар нағыз ұлы, Қанат Ибрагимов туралы айтсаңдаршы!

http://www.azattyq.org/video/5879.html


Е-е, бұл Түркиядағы елшіліктің жұмысы болар. Көріну керек, нәәән бастыққа ұнау керек. Айтпақшы, таяуда Түркияда күрдтердің сөзін сөйлеп, насихатын жүргізді деп бір газеттің бас редакторын 21 жылғы бас бостандығынан айырды. Байқаңдар, бауырлар, қардоштар, бұндай масқараларыңды біздің Саудик естіп қойып жүрмесін. Ха ха!


Пікір алынып тасталды!


Пікір алынып тасталды!


TASAM дегенге бұл не керемет деп қарасам, тәйірі, түкке тұрмайтын бір институт екен ғой. Бірақ, бір сұрақ: осы тақырыптың жалғасын Астанада өткізуге бола ма? Өйткені, Еуразия қауіпсіздігі деген өте күрделі мәселе. Қазақстанның көп жауапкершілік алмауын қалаймын өз басым.

Ислам Абдуғаниоғылы

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

1 + 9 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Қыркүйек 2010
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930123

Айлық статистика

<<  >>




muftyat.kz/jaris/