Ұлтым деген ерлерді қорғай білейік! | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Ұлтым деген ерлерді қорғай білейік!

Жәрдемші


Биылғы сайлауға үлкен үмітпен қараған едік. Ұлт жанашырларын да Парламенттен көреміз деген сеніміміз бос қиялға айналды. Жағанованың «жағымсыз» әрекеті «Руханиятты» партиялық тізімнен ғана шығарып қоймады, ұлт мүддесі үшін күресіп жүрген азаматтарға қиянат болды. «Ақжол» партиясының басшылығы партия құрамындағы елім деп жүрген тұлғаларды «алдап» кетті. Әйтпесе тым құрығанда біз білетін азаматтардың біреуі болса да Мәжіліс депутаты атанар еді. Қазақ халқының болашағына шын мәнінде жанашыр, жүрегі ұлтым деп соғатын азаматтар әлі атқа мінген жоқ. Жылқыны жаяу баққан жылқышыдай тірілігіміз өзгере ме деген ой Жолдаудан кейін тіпті күңгірттене бастады. «Сабыр түбі - сары алтын» деген қағиданы ұстанған билік қазақтың бойындағы рухани «жараның» асқынбайтынына сенімді сыңай танытып бағуда.

Қазақ мүддесі, ұлттық құндылықтар төңірегіндегі шайқаста алдыңғы шепте жүрген ұлт батыры Мұхтар Шахановты сотқа шақырыпты дегенді естігінде сенгіміз келмеді. Бірақ заңды өз пайдасына қарай өзгертіп үйренген билік, өзінен үрейленбейтін «жауларына» «шабуылын» үдете түскен секілді. М.Шахановпен бірге Рысбек Сәрсенбайұлына, Мұхтар Тайжанға, Жармахан Тұяқбайға да айыппұл салыныпты. Өз ойын еркін айтып, қоғамдағы келеңсіздіктер мен «билік пен байлықты көздеген» топтардың ісін ашық сынап жүрген азаматтардың түрмеге қамалып, оларға айыппұл салынуы - бізде демократияның қаңқасы түгіл, көлеңкесі де жоқ екендігін көрсетеді. Олай болмаса, Әміржан Қосановтың, Серік Сапарғалидың, Болат Атабаевтың, Әмірбек Тоғысовтың, Жанболат Мамайдың, Болат Әбіловтың, Айжангүл Әмірованың түрмеге қамалуын қалай түсінуге болады?! Біз олардың қамауға алынуына наразы екенімізді мәлімдеп, тез арада босатылуын талап етеміз!

Бәлкім, құқықтық, демократиялық мемлекетке 2030 жылдарға қарай айналатын шығармыз. 2020 жылға дейін халықтың 95 пайызы мемлекеттік тілді меңгеруі керек деген Президент тапсырмасын Үкімет қағаз жүзінде орындар, Конституцияның 7 бабының 2 тармағына және өзге ұлт өкілдеріне «жалтақтай» берсек, дін туралы жаңа заң қабылдап қоғамдық орындарда намаз оқуға тыйым салсақ, біздің бабалармыздың түсіне де кірмеген елге айналамыз. Қазірдің өзінде қазақ жерінде көп тілді, көп дінді, азаматтық мемлекет құру саясаты жүргізілуде. Негізі біз Қазақстан емес, Қазақ мемлекеті болуға тиіспіз. Ислам дінінің және ежелгі бабалар қағидасын кіріктірген өз ұстанымы, өзінің ұлттық бет-бейнесі бар айбынды мемлекетке айналу үшін қадамдар жасауымыз қажет еді.

Өткен жиырма жылда қазақтың халі оңған жоқ. Керісінше, 25 жыл бұрынғы қантөгіс Жаңаөзенде қайталанды. Кінәліні басқа жақтан іздеп әлек болғанымызбен, күнәні бәрі-бір шын қылмыскер арқалайды.

Үндемеген үйдей пәледен құтылғанымен, үйдей үңгірге құлайды. Билік ұлт жанашырларының әрекетінен сескене бастады, халық жаппай қолдап кетсе іс насырға шабары анық. Сыздауық жара ақыры жарылып тынарын біле тұра қазақ мәселесіне бейтарап қарау, тым салқынқандылық таныту - биліктің өзіне-өзі көр қазуымен тең. Бұрынғы коммунистердің түгелге дерлігі бүгін «Нұр Отан» сапында ұрандап жүр. Билік ауысса олар да жалт бұрылып басқа әуенге салары сөзсіз. Қолында барда мешкейлене түсуді жөн көретіндер семіздік дертіне қалай шалдықпайды екен?! Алла алдына бір орам шүберекпен ғана барарымыз көзі қызғарып кеткендердің санасына кеш жетер.

Қазақстанда ана тілінде шенеунікке мұңын шаға алмай жүрген де, жұмыссыз да, бойында сан түрлі дерті бар науқас та, жұмыс істесе де ең төмен жалақы алатын да, арамза компаниялар алдап кететін де, сөзіне ешкім сенбейтін де, билік айтқанына көнбейтін де қазақ. Басында панасы жоқ, пәтер жалдап көшпелі тірлігін тоқтатпай келе жатқан да қазақ. Несиеге үй алып, мезгілінде қайтара алмай жүрген де қазақ. Ең ауыр жұмысты істейтін де қазақ. Тізе берсең тоқтау қиын. Ең алдымен жұмыстан қысқаратын да қазақ. Жеріне шіркеу салатын да қазақ. Арақ-шарапты өзендей ағызатын да қазақ. Жаманын жасырып, жақсысын асырып жіберетін де қазақ. Береке-бірлігін шайқамайтын қазақ, өз мұңын байқамайтын қазақ өзгенің алдында қашанға дейін тауы шағыла береді? Билікке неге бірауыз қазақша сөйлей алмайтындар келеді. Сайлауға неге ұлт жанашылары түспейді? Билікке жақпағандар құпия қазаға ұшырап, қылмыс неге ашылмайды? Мемлекеттік арналар мен газеттер халықтың көзі мен құлағы емес, биліктің «қол баласы» болып отыр. Осының бәріне қалай тосқауыл қоямыз?! Айта-айта шаршадық, ал алаңға шықсақ мылтықпен атады, ұрып соғады. Енді не істеуіміз керек. Осылай бағымыз ашылмай жүре береміз бе?!

Қазақтар, қазақ үшін жанын беруге даяр азаматтарға қорған болайық, өз батырларымыздың соңынан ерейік, жазықсыздарға араша түсе білейік. Екіжүзділік пен жалтақтықтан арылайық. Алладан басқадан қорықпайық. Бабалар аңсаған мемлекетті құру үшін аянбай күресе берейік. Ұлтым деген ерлерді қолдай, қорғай білейік, ағайын!

 

Бейсенбай тегі Р.З. «Желтоқсан Ақиқаты» РҚБ павлодар облысы ф-лы төрайымы

Мейрамбек Қызырұлы, Республикалық «Жас Қазақ үні» газетінің Павлодар облысындағы тілшісі.

Қалиев Мақсұт, Азат ҚБ павлодар ф-лы төрағасы,

Қалиев Мейрам, Алаш партиясы павлдодар ф-лы төрағасы,

Қалиева Д.М., Жеке кәсіпкер,

Қалиев З.М., жеке күзет қызметкері,

Павленко Ю.Ф. «Лад» РҚБ павлодар облысы ф-лы төрағасы,

Нұрбаев Қ.Ж., тарих ғ.д., профессор

Баязит Қ. Теміржолшы,

Қайыржан Ахметов, Май ауданының құрметті азаматы.

Әміржан Болатхан, тәуелсіз журналист, Екібастұз қаласы.

Набиев Қ., жұмысшы,

Нұрсеитов С., «Қазақ тілі» ҚБ мүшесі,

Тастыбаев Р. Жеке кәсіпкер,

Утенов Ж. қоғам белсендісі,

Маженов Қ., зейнеткер,

Семжанов Ж., зейнеткер,

Керегенов Қ., мүгедек,

Жукенов Қ., Жеке кәсіпкер,

Аябергенов Е. Жастар белсендісі,

Айтпаев М., жастар белсендісі,

Жакиев Е., жастар белсендісі,

Балгазинов О. жастар белсендісі

Аязбаева А. Жеке кәсіпкер,

Түсіпбкова А. зейнеткер


 




Керекулік азаматтарды 100 пайыз қолдаймын. Халық батырларымызды қорғай білейік. Артынан еріп, жемқор, орыс жанды билікті төңкеріп тастап, Қазақ мемлекетін құрайық. Тек жас көшбасшы керек. Рұхани көшбасшымыз Мұхтар Шаханов. Енді зиялы қауым жас ұлтшыл азаматтардың бірін, ең мықтысын таңдап алып, халыққа ұсынса екен. Бақ таластық, тақ таластық сонда ғана тоқтап, тұлғалар мен халық жұмылып әрекет етер еді. Ақбас Ақсақал.



Қасқыр қойдың терісін жамылу үшін әуелі «демократия» дейтін ұғымды алға тартады. Біз бұл атаудың мазмұнына алданып жүрміз. Мақсатын толық түсінбейміз. Әлемдік демократияның авторлары – американдық һәм батыстың озбыр саясаткерлері. Бұлар тәуелсіз мемлекеттерді тәуелді жағдайда ұстау үшін: ғаламдық демократияны дамыту, пікіралуандығын тудыру, социологиялық зерттеу институттардың жұмысын жүйелеу, адам еркіндігін қорғау… т.б. деген сияқты дүниелерді ойлап тапқан. Былай қарасаңыз, демократия жап-жақсы сияқты.



Бірақ… бірақ демекші… басын ашып алған дұрыс. Әуелі, қоғамға, адамзат баласына зиянды нәрсе демократияға жатпайды. Неге? Адамзатты азғындыққа, малғұндыққа тәрбиелейтін ұғым-түсінік демократия емес. Мысалы, *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*лер мен қызтекелердің құқығын қорғау демократия ма? Демократия деп – адамның пайдасы үшін қызмет ететін дүниені айтамыз.



Сол сияқты әркім аузына келгенін айту немесе жазу, біреуді масқаралау… бұл да демократия емес. Неге? Өйткені, демократияны желеу еткізіп, жұртты албаты сөйлетудің түпкі мақсаты – өсекке үйір қылу, өтірікке үйрету, үрей тудыру, сол арқылы қара бұқараны - мемлекеттік ақпараттың қайсысы шын, қайсысы өтірік, ажырата алмайтын күйге түсіру. Осындай күйге ұрынған бұқара билікке сенбейтін болады. Сөйтіп, билік пен бұқара арасында темір перде орнайды да, күндердің күнінде бұл пердені бұзу үшін бүлік туады. Хаос тудырудың негізі белгісі – жоғарыдағыдай халық сенбейтін ақпараттар тарату. Шынын айту керек, қазіргі жұрт мемлекеттік БАҚ-тың хабарларларына күдікпен қарайды.



Екіншіден, жасанды демократия халықты табиғи болмысынан ажыратады. Айталық, кіндігін ашып сырға тағу немесе шашын кемпірқосақ сияқты қызылды-жасалды түске бояу, ата-ананың айтқанына көнбеу, үлкеннің бетінен алу… демократия ма? Одан кейін қазір елімізде қаптап кеткен қоғамдық ұйымдар – «Жалғыз басты әйелдің құқын қорғау», «Күйеуінен зардап шеккен әйелдерді қорғау», «Итсүйерлер одағы», «Сырақорлар ұйымы»… бар ма бізде? Бар. Бұл не сонда? Қысқасы, демократия әркімннің өз қалауын жоғарыдағыдай ақихат етіп алуына жол ашуда. Нақтырақ айтқанда, ақихат дегеніміз ¬– әркімнің нәпсі қалауына айналған.
Бұндай мың түрлі нәпсілер қалауы ешқашан бір-біріне үйлеспейді. Сөйтіп, бүтін қоғам, яғни, қазақ халқы ыдырайды. Нәпсі қалауына ерген адам жаман мен жақсыны, зиянды мен зиянсызды ажырата алмайды. Дәл осындай алмағайып кезеңде, халық болып, ақ пен қараны ажырата алсақ: пайдасы өзімізге, егер де ажырата алмасақ, пайдасы жауымызға. Демек надан адам жаудан да қатерлі.



Мұхтар Шахановты мына сайттар пайдаланып қолтығына ши жүгіртіп билікке қарсы пайдаоанбақшы. Жалған елбұзар демократияға ілесіп, ақихат іздеп дүрлігушілер – надан адамдар. Бұған имансыз ұлтшылдық қосылса тіпті қиын. Отқа май құйғандай болады. Олар өздерінің ісін – халыққа, қазаққа пайдалы деп ойлайды. Ең бастысы мына жүйе құласа, бақытқа кенелеміз деп армандайды. Түк те олай емес. Билікті құлату ісі – қазаққа жақсылық жасау үшін емес, екінші бір жалмауыздар билікке келу үшін жасалынатын шаруа.



Батыстың демократиясы бізге үлгі емес. Қайта халықты қараңғылыққа итермелейтін, адастырушы құрал. Бұның түп мақсаты – тұрақтылықты шайқау. Мысалы, ұйып бара жатқан айранды сәт сайын келіп шайқап тұрса, қайтеді. Ұйымайды. Іріп сарысуға айналып кетеді.



Ей, қазақ баласы, өз тағдырыңа біреулердің араласуын қалайсың ба? Қаламасың, қамдан! Ақымақтардың қолындағы демократия дейтін айбалтаны жұлып ал да, өзін тыныштыққа шақыр!



Ұлтым деген ерлердiн катарына Козлов, онын екi колшокпары Жасарал мен Хасен Кожа-Ахмет, шала казак Болат Абилов, кулдык сезiмнен арылмаган, казирги билiктен еш айырмашылыгы жок Туякбай сиякты адамдарды косып шатастырмайык.
Ұлтым деген ерлер - Бекболат Тiлеухан, Мухтар Шаханов жане тагы баскалар!



"Қазақстанда ана тілінде шенеунікке мұңын шаға алмай жүрген де, жұмыссыз да, бойында сан түрлі дерті бар науқас та, жұмыс істесе де ең төмен жалақы алатын да, арамза компаниялар алдап кететін де, сөзіне ешкім сенбейтін де, билік айтқанына көнбейтін де қазақ. Басында панасы жоқ, пәтер жалдап көшпелі тірлігін тоқтатпай келе жатқан да қазақ. Несиеге үй алып, мезгілінде қайтара алмай жүрген де қазақ. Ең ауыр жұмысты істейтін де қазақ. Тізе берсең тоқтау қиын".
Иә шын мәнінде осылай! Елдегі басқа ұлттардың басында да осындай жағдай бар, дегенмен қазақтың басында бұл жағдай басым түрде кездеседі!
Ал мұндағы, пікір-таласушылар айдалаға лағып кеткен сияқты! Көтерілген мәселе ұлт болып тұтасып, халық серкелерін қолдау, қорғау!
100 пайыз қолдаймыз! Досан



әрине, елімізге және жер жаһанға беделі де абырой асқақ, қазақ елінің танымал бірі де бірегей ел ағасы Мұхтар Шахановқа айыппұл салу ұят секілді. және басқа азаматтарға да айыппұл салмай, сонымен бірге біраз азаматтарды түрмеге қамалуы дұрыс емес. бұл бізге жат нәрсе. дегенменде ел әдет, әдебпен қатар заңды қастерлейтін елміз. егер де шеру заңды өтсе, қатысушылар іріткі салуды мақсат тұтпаса ө бұл билікке сын болары хақ. ал егер де сәл қызу қанмен қатты қатты сөздер айтылса әрине әркім оған жауапты болуы тиіс қой. менің ойымша, бәрі де өз орнына келеді. оқиғаны тым саясаттандырудың қажеті жоқ. сонымен бірге руханият пен ақжолға қатысты айтылған сөздерді оқи отырып, таң калғаным бірде біреуі партия қатарынан табылмады аталмыш азаматтар. сол себепті сырттай жүріп, бәлкім біреудің арнайы тапсырысы шығар, бірақ мен ондай ойдан аулақпын. руханият партиясы ұлт жанашырларына қиянат жасады дегені асыра сілтеушілік! қандай қиянат жасады? алғашында сайлау науқанына дайындық барысында өрескел қате жіберді, партияны бір адаммен байланыстырудың қажеті шамалы. ақжолға келер болсақ ө елім дейтін азаматтарды алдады. атын атап, түсін түстеп беру керек еді нақты кімді алдағанын? әйтпесе топырақ шашып отыру дұрыс емес. тек елім дейтін азаматтар ғана қазақ болашағы, алаш мұраты, елдің сөзін сөйлеу керек деген пікірге келу мүлдем қисынсыз. 7 жастағы баладан 70ке келген тіпті асқан ақсақалдар да осындай мәселелерді қозғауға ие. жеке меншіктеп алу белгілі бір мәселені өте дұрыс емес. тисе терекке, тимесе бұтаққа дегендей ғой бұл мақала...Парламентте судай жа4а депутаттардың ішінде адал, еліне жеріне отансүйгіштікпен қарайтын, арлы азаматтар жетерлік. солардың ішінде Бақытбек Смағұл, Бақытжан Ертаев ағаларамы да бар.сонымен қатар, айта кететін бір жәйт - Ұлтым дейтін ерлерді бәрімізде қорғауымыз тиіс, дегенменде ондай азаматтар көп арамызда. мәселе айғаймен бедел жинамау керек, қайта нақты іспен дәлелдеу қажет. ең бастысы әрбір қазақ азаматында Ұлтым Елім Жерім Халқым деп жүрегі лүпілдеп тұруы тиіс және лүпілдеп тұрады... Дәурен



Айналайын Дәурен, не деп кеттіңіз? Қалайша руханият қиянат жасамады. Мұхтар ағадан бастап, жағанова ұлтшылдарды жарға жықтығой! Партияның быт-шытын шығарған сол мыстан емеспе, ал аты керек болса! Ал Перуашевтің алдайды деп мен де ойлағам. Бүкіл қазақ электоратын жинап берген беделді, танымал ұлтшыл тұлғалардан бірін өткібей тастадығой! Міне сізге екінші фамилия. Саясат жасаудың қажеті жоқ дейсіз, бұның бәрі қып-қызыл саясат болса, табиғат деу керепізбе?
Бейсенбай тегі Руза



Мында біреулер Болат Абиловтың, т. б. атын қоспау керек дейді. Қажымұқан Ғабдолладай ардақты тұлға бауырмның айтқанындай, оларға бауырым елжіреп отырған жоқ әрине (олардың азаматтық орыстілді мемлекет құруын көксейтініне түбегейлі қарсымын. Келешекте елсіз, қазақсыз, мемлекетсіз қалғымыз келмейтін болса, тек ұлттық, қазақтілді мемлекет болу керек біздің нысанамыз!), бірақ аталғандардың барлығы зардап шегіп отырғансоң, барлығын атауды жөн көрдік, жақшада айтылғандарға аванспен айтқанымыз, өзімізше..



13 қонақ, мен Руза едім.
Бастысы Айналайын Абай кз, Айдос, Дәурен Бауырларым! Мың да бір рахмет басқандарыңызға. Алла алдарыңыздан жарылқап жүрсін ұлтым деп жүрген жүректеріңіз, істеріңіз үшін. Қайтейін, кейде бірпікірлерімді өшірдіңіздер деп ренжіп те жүремін Сіздерге, ал осындай жағдайда осылай айтамын. Сендерді, Ұлтым деп жүргенсоң, өзімсінгенімғой. Жалпы алғанда, ұлтшылдығы бар адамның сендерді жеккөруі мүмкін емес деп ойлаймын, айналайындар!



Ұлтым деген қазаққа сот жоқ Қазақ елінде! Жаса, Руза!

Көк Тәңірісі - Тәңірінің Тұқымы жоқ, заты жоқ. Жер Тәңірісі Темірдің Тұқымы - түрік, заты - от!



Болаттай болып ал бауырым.Бұл бірінші.Екінші,қазақ ортасын бөлуді қашан қоясыңдар.Үшінші,еркек болсаң кел деген жерге кел.Мен үшін емес,өзің үшін.Біреулеріңді де ертіп кел.Жоғарыда айтылган адамдарыңның бәрімен кездестірейін,сонда бәлкім түсінерсіңдер,кімнің кім екенін.Ғаламторда отырып алып ұсақ-түйек, өсек-аяң жиғанды қоятын кез келді.Құрманғазы Желтоқсан86.



...2020 жылға дейін халықтың 95 пайызы мемлекеттік тілді меңгеруі керек деген Президент тапсырмасын Үкімет қағаз жүзінде орындар...
Дәл айтасыз, бізде барлық бағдарламалар қағаз жүзінде орындалып, „Хабар мен Қазақстан„ арналарынан көрсетіледі....



17-ге. Ризамын. Осы мақаланы жазған Мейрамбек деген жас жорналшы жігіт. Дедовщина болып тұрғой))). Бұрын жұмыста ғылыми мақала жазсаң, завод директорын, одан орынбасарын, үшінші ғана өз фамилиям тұратын... Сосын кішкене қорыққаным да бар, жас қой деп, өзі қорықпаса да..



Бақытжан Ертаевты көріп жүрміз ғой ,қалай сайрап жүргенін. Жағымпаздардың алдына шығып кетіпті, Мырзатай Жолдасбековтің орнын алған ау деймін. Ол кісіні ел азаматы деп айтпай ақ қойыңыз.



Ұлтым деген ерлердiн катарына Козлов, онын екi колшокпары Жасарал мен Хасен Кожа-Ахмет, шала казак Болат Абилов, кулдык сезiмнен арылмаган, казирги билiктен еш айырмашылыгы жок Туякбай сиякты адамдарды косып шатастырмайык.
Ұлтым деген ерлер - Бекболат Тiлеухан, Мухтар Шаханов жане тагы баскалар!.....

Пах,шіркін ай , айтады екенсің ау, сенен басқа адам көр соқыр ма екен. Осы айтқандарыңның ішінде Бекболат Тілеуханнан басқасы Ұлтым деген ерлер!



Қайран Руза!
Жанкештілік жасап жүрсің-ау! Аман бол әйтеуір.



Мына тізімге мені кіргізбегені қалай? а ? осынау ой көбіңде тұрған шығар! Особенно Ұлтым деген ерлер! 20 шы Пах деген бейәдеп сөз! Көңілің соқыр болса көзіңнің көргенінен не пайда? Тауықтай мимен әлемді өлшеу мүмкін емес! Кімнің кім екенін мына МАКТАУ тізімдеріңсіз ақ халық біледі! Бекболат Тілеуханның азаматтығы аталғандардан кем еместігін әр саналы қазақ айтады! Өз көңіліңе жаққанды хош көріп,қалғанын өш көретін көртышқан болмау керек!



Бекболаттай болып,Бекболатқа жетіп алу керек ондай сөзді айтпас бұрын.Қазіргі парламенттің сиқын қара. Ұлт мүддесін қара басынан жоғары қоятын қандай депутатың бар.Жоқ.Өңкей жепутат отыр партада,екі қолы қалтада.Елі көмек сұраса,ұйықтап қапты масқара!



М.Шахановқа айыпбұл салу қазаққа аяғыңды аңдып бас дегендік. Қазақстан саясаты қаншама лас! Беті әдемі, арты ірің, нәжіс.



билік ауысатын жерге келіпті. Қазаққа қарсы биліктің Қазақстанда жұмыс жасауы абсурд.



Бекболат Тілеухан " карманный" мәжіліске кіре алмай қалдым деп өкпелеп жатырған болар. Маңғыстаулықтар білді кімнің кім екенін. Жаңаөзен қырғынына 50 күн болды, Бекболат Тілеухан қайда, елде ме өзі, әлде бір жерде қыздырынып жатыр ма? Үн жоқ қой. Әлде, Жаңаөзендіктер ол үшін қазақ емес пе? Қазақты, қазаққа қырдыртып жатырғанда былш етпей отырған адамды, ұлт мүдесін қорғаушы деп қалай айтасың. Ұялыңдарсайшы ең болмағанда, ағайындар ау.



25-пен келісемін. Шындығында қазіргі кезде қазаққа қарсы билікпен тұрып жатырмыз.



Ултты Манкыстау шегімен улшеу аясы тарлардын, акылы аздардын шаруасы білсек.
Кан тогуге туртки болгандарды Улт ерлери деп ен тагу, биликтен аспай калгандарыннын белгиси. Бир бирине сайсындар, ойланындар! Жанаузен баримизге онай тиген жок!!! Аттен, аттен Козлов сиякты шыбыштын бастауына ерген анкау ел ай!



28-ге: бүкіл аңқау ел біліп отыр қантөгіске кім түрткі де болганын, кім істегенін, жалгыз сіз әулие болып отырган, не айтып жатқаныңызды өзіңізде білмей



Ұрының к..ті қуыс. Тым- тырыс қалғандардан секем алу керек.



Таксиде келе жатып, бір ұйғы-ака: "Қазақстанда 128 ұлт бар" деп есті. Оны жоққа шығармақ болғандарды "ұлтшылсыңдар, ұлтараздығын қоздырып тұрсыңдар" деп қызды. Ең соңында: "Сендер үш жүзге бөлініп, бір-біріңді атып, қырылып бітесіңдер" деді. Бар қолымыздан келгені баратын жеріне жеткізбей, түсіріп тастадық. Бірақ өзгелердің қазақтың қасиетті үш жүзге бөлінуін өзімізге қарсы қалай-қалай пайдаланатыны туралы зіл батпан ой қалды. Енді кеп, ел алдына шығып, бір ауыз болса да халықтың жағдайын айтқандарды бөліске салғанымыз қалған екен! Мұны да іштегі сырт көздер "шоқ-шоқ" деп немесе "үрр-рит, соқ!" деп отырғаны анық. Бүгін ең алдымен Қазақ болып біріксек, қисығымзды өзіміз-ақ тезге салып жөндеп алар едік. Дәл осы күндері "Бөлінгенді бөрі жейді" болмасын!



Ұйғыр дұрыс айтқан екен. Барлығы қазақтың өзінен. Мен Алматыға келгенде, өз қазағымнан гөрі жылы қабылдаған осы ұйғырлар болды. Бұрын ұйғыр деген халықты мүлдем білмейтін едім. Дәстүрі сақталған, қарым- қатынасқа жақсы. Елімдегі қазақтар сияқты. Жергілікті қазақтар суықтау, кекиген, орыстанған.



Менің Бекболатта алты аласым, бес бересім жоқ. Пікір қайшылығым да жоқ.
Бекболат менің өмірде бар екенімді білмейді де. Мен алыс ауылда туып өскен Маңғыстаудың бір қазағымын. Айтайын дегенім кешегі Жаңаөзен оқиғасы кезінде әшейінде "елім" деп еңіреп жүрген осы ағамыздың тырс етпей қалғанынан кім екенін ұқтым. Расында да бетпердесі сыпырылды. Анаубір видеосында қазақты не құтқарады деген, сонда сайрап отырған еді, ал құтқарды ма сол жолы кешегі қанды қырғында? Жоғарыдағы адам дұрыс айтты. 50 күн өтті енді қылышыңды *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*қа шаба бер Бәке. Есі бар қазақ досы мен жауын ажыратты деп ойлаймын. Мен досымның кім екенін білдім. Айтпаймын бірақ. Айтсам қазір осында соғыс басталады. Өзім танып, өзім біліп жүре берейін. Сендер де танырсыңдар. Қазіргі кезде ең дұрысы бағытыңның дұрыс екенін білсең айтпағаның. Айттың ба талауға түсесің.



Кетиндерши бари на х...! Кыртынбайлар! Кайдагыны айтып жау издеген мигулалар! Миларын агып кеткен, бедный казахтар!

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
2 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>