Düysenbi, 21 Tamız 2017
545 4 pikir 20 Säuir, 2017 sağat 10:16

Halıqaralıq sot Reseyden qırım tatarlarınıñ qwqığın saqtaudı talap etti

epa05832559 A general view to the judges at The International Court of Justice (ICJ), the principal judicial organ of the United Nations, during a public hearing in the case of Ukraine against the Russian Federation, in The Hague, the Netherlands, 06 March 2017. Others are not identified. Ukraine accuses Russia of violating UN conventions and to support 'illegal armed groups' in the Donbas as well as mistreating ethnic Ukrainians and Crimea Tartars on the Crimea peninsula which was annexed in 2014. EPA/BAS CZERWINSKI

BWW-nıñ Gaagadağı halıqaralıq sotı Ukrainanıñ şağımına qatıstı şara qoldanıp, Reseyden qırım tatarlarınıñ qwqıqtarın saqtaudı jäne Mäjilis qızmetine şekteudi alıp tastaudı talap etti. Resey biligi qırım tatarlarınıñ Mäjilisin "ekstremistik" dep tanıp, oğan tıyım salğan edi.

Bwğan qosa sot anneksiyalanğan Qırım twrğındarına ukrain tilinde bilim aluğa mümkindik jasauın talap etti.

Degenmen Kreml'diñ Donbastağı jikşilderge qoldauına qatıstı Reseyge şara qoldanu turalı Ukraina talabı qabıldanbadı. Halıqaralıq sot Kiev wsınğan dälelderdi mwnday şara qoldanuğa jetkiliksiz dep tanıdı. Gaaga sotınıñ bügingi şeşimi aralıq ükim retinde qabıldanadı, öytkeni Kievtiñ Reseyge qarsı ötinişi endi ğana qarala bastaydı.

Ukraina Reseyge qarsı şağımın Halıqaralıq sotqa biıl qañtarda ötkizgen. Kiev Mäskeudi BWW-nıñ terrorizmdi qarjılandıruğa qarsı küres jäne näsilşildik alalauşılıqtıñ barlıq formasın joyu jönindegi Konvenciyaların bwzdı dep ayıptadı. Mäskeu bwl ayıptaulardı joqqa şığarıp otır.

Abay-aqparat

4 pikir
Төре, немекеңе 2017-04-21 19:09:55
Сіз білетін щығарсыз, Шешендер мен Ингуштарде Гитлерге ақ-боз ат, ұлттық киім дайындап қарса алмақ болғанын. Иә, солай болған. Бірақ үлгіре алмай қалды. Оларды сол "серіліктері" үшін жер аударған. Бұл ненің көрінісі? Бұл жарасы жазылмайтын "кектің" көрнісі. Олар ержүрек халық, кек олардың мұқалмас қаруы. Сондықтанда қазір олар жеке "ел" болып отыр. Ал Қырым Татарлары әртүрлі халықтың жиынтығы. Ел болып тас түйіндей қалыптаса алмаған. Адам баласын кек буса, кек алу үшін шайтанменде одақ болары сөзсіз. Бұл өте күрделі даулы шешімін табу қиын мәселе... Лақап атыңызға жол болсын...
пенсионер 2017-04-21 09:02:53
Төре кімді айтып отырсың қыпшақтың ұрпағы деп
Төреге немісбек 2017-04-20 21:57:16
Апырай Төреке сөзіңе абай болсай! татарлар Шыңғысхан ұрпағы, төрелер дейсің. Қырым татарларын неге қуды Қырымнан? Олардың тоқсан пайызы фашистерді қолдап, соларға адал қызмет етті, партизандарға көмектесті деп тұтас өз ауылдарын атып, асып, өртеп жіберген. Сол үші 192 мың татар Өзбекке басқа жерге көшірілді. Батыр болсаң ол татарларды осыдан отыз-қырық жыл бұрын іздеп, мақтап, қолпаштамадың ба? Енді келіп сайрайсың, Төреке!
Төре 2017-04-20 20:39:37
Негізінде ертеде Қырымды Шыңғысхан ұрпақтары иелік еткен. Кейіндері билік жүргізген өңшең Герейлер Татар аталып кеткен Шыңғысхан ұрпақтары - Төрелер. Олар Қазақ - Қыпшақтардың ұрпақтары. Қырым тарихи жағынан қарасаңыздар Қазақ жері! Нағыз Төрелер Қазақ жерінде отыр емес пе?

Üzdik materialdar

Ruhani jañğıru

Qanat Äbilqayır. Qarız ben Parız

Abai.kz 3184
Qauip etkennen aytamın

Qazaqstanda jürgen qıtaylar kimge süyenedi? 

N.Qoşamanwlı 8011
Ätteñ...

Wltqa qarsı kez-kelgen azamattı «jarnamalau» kerek

Äkeş Baybatır 23856