Senbi, 22 Şilde 2017
46 - söz 1733 9 pikir 20 Säuir, 2017 sağat 11:44

"Ädebiet portalı" eşkimniñ menşigi emes!

Jüsipbek Aymauıtwlı Qoşke Kemeñgerwlına ädebiet turalı jazğan hatında bılay degen bolatın: «Ädebiet - wlttıñ janı. Wlttıq sana, tağdır, jan jüyesi - körkemönerdiñ bastı taqırıbı. Taptıq jik arqılı ädebiet jasalmaydı...». Bügingi wrpaq biz de osı sözdi quattaymız. Iya, ädebiet bay men kedey, anau men mınau, Serik pen Amanhan, ya bolmasa Mırzan Kenjebay, "ağası men kökesiniñ" özara las, qwsıqqa tolı tartısı emes. Portalğa kelip tüsken dünieni amalsız jariyalaymız. Sol bayağı söz bolmasın dep. Soñında biz kinäli bolamız. Qızıq?!

Täñirim-au, Ädebiet degeniñ iñkär dünie emes pe?! Ädebiet degen - bügingi közi tiri Tınıştıqbektiñ jwpar añqığan tolğauları, Järken şayırdıñ sağınış bwrqırağan jırları, Esenğalidıñ twmadan twnğan tamşıday möldir Ar düniyası, Wlıqbektiñ jorğa jırları, Swrağannıñ swrapıl oyları, Temirhannıñ tulağan tegeuirindi Ruh dauısı, Meyirhannıñ sırbaz ham tekti tebirenisi, Nesipbektiñ arğımaqtay ağılğan, qıranday erkin qalıqtağan poeziyası, Qasımhan men Svetqalidiñ iman añqığan, aspanday aşıq, aymañday tolğauları, Gülnärdıñ jürek janarın mölt etkizetin Jan kübiri, Jannanıñ kökiregiñe lıq etkizip ıstıq öksik äkeletin teñizdey twnıq, tereñ, ädemi äuendi öleñderi emes pe?!

Aynalayındar-ou, ädebiet degen artındağı jas öskin jastarmen jağalasu ma?! Ädebiet degen - ädep emes pe?! Aqın ya jazuşı özine bağa bere almaydı nemese bergen bağası özimen birge öledi. Şığarma ğana mäñgi tiri! Wyat emes pe?! Ädebiet degen - Jan tazalığı! Ädebiet degen - bügingi közi tiri aqiqattı bwrmalamaytın, käusar äñgimelerimen susındatıp jürgen, Täñiriniñ tañdauı tüsken Tölen, qazaqtıñ janın külip otırıp, jılap otırıp söyletetin Tınımbay, el tarihın jeldey esiltip jazatın Qabdeş pen Qajığali, qara sözdi qoyday örgizetin Rahımjan, Twrsınjan, Marhabat, Nesipbek! Adamnıñ soqırlığınan, sözdiñ soqırlığı jaman! Amal ne?!

Bauırjan Qarağızwlı, "Ädebiet portalınıñ" bas redaktorı

9 pikir
Әдебиет порталына 2017-04-22 20:18:48
Басатын болсаңдар талантты, халық қабылдайтын шығармаларды басыңдар. Ананың халтурасын басып ек, мынаның халтурасын баспасақ өкпелеп, шатақ шығарады деген принципті қойыңдар. Қазіргі өзін "жазушымын" деп қомпиятын, екі институт, оған қоса Москвадағы әдебиет институтын "бітірген" халтурщик графомандардан жұрт жалықты. Солардың кесірінен өте сирек жақсы деген шығарманы ешкім білмейді, оқымайды. Осы сайтта өзін отыз жылдан бері жазушы санайтын бір халтурщиктің көркем шығармаға қатысы жоқ "романы" басылып еді ешкім оқымай қойды, бірен-саран пікірдің бәрі жаман. Қазір таланты жоқ, бірер әлсіз шығармадан кейін жазуға таланты да, қауқары да жоқ графомандар тарихты "қайта жазумен" әлек. Мағауин деген графоманның орыстың ғалымдары мен жазушыларының жазғандарының ізімен жазған "Шыңғысхан" деген жазбасы қазақ әдебиетіне не пайда әкелді? Жәй ғана Шыңғысханды қазаққа бұрмалаған конспект. Шыңғысхан туваға да, якутке де, бурятқа да бірдей ішінара қатысты тұлға. Ол моңғол. Қазаққа тек арғы түркі тайпалары арқылы ғана қатысы бар. Ол түркі тайпаларының өзбекке де, қырғызға да, түркіменге де, ұйғырға да, татар мен башқұртқа да, басқаларға да қатысы бар. Сондықтан Шыңғысханды қазаққа икемдеусорақы қате. Орыста мақал бар: сен сыйыр болсаң - сүт пен қаймақ, ет бер, ол үшін желінің мен қоңың болуы керек" деген. Сондықтан жазушымын деп қомпиған адам ең алдымен оқырманға көркем шығарма берсін, ол үшін оның таланты мен қабілеті болуы керек. Олар ешқандай оқу бітірмей кезінде "Адасқандар" мен "Ботакөзді", "Сұлушашты" жазған Сәбиттен, "Дауылдан кейінді жазған" Ғабиден Мұстафиннен үлгі алсын.
Дəурен 2017-04-22 01:38:45
Бауыржан жас та болса өз жолын тапқан талантты ақын. Тек қана ақын ғана емес үлкен бастамалардың басында жүрген ойлы азамат. Дұрыс сөз айтып отыр. Жалындаған жастарды қаралағанды қойыңыздар.
мен 2017-04-21 13:45:07
Мырзан Аға қазақтың шыншыл өткір пышақтай шындықты турап айтатын Аға.оны пəлен пүштен деудің жөні жоқ.Айтары бар Ағаны тыңдай білу де -шындыққа тура қарау.айтары жоқтар қаншама...
Мақсұт 2017-04-20 21:47:35
Автор ашынып -ақ жазған екен, келісуге де болады, келіспеуге де болады. Келісуге болатыны -соңғы 25 жылда қоғамды жік- жікке бөліп, адами құндылықтарды қалтамен бағалайтын қарау дүние әдебиет әлеміне де жегі құрттай кіріп, жеміріп барады. Бұл -рас. Мұның авторы -Мемілекет басындағылардың жеміссіз, жапырақсыз, иіссіз тұлдай дарақ саясаты. Келіспейтін жері, әдебиет - қоғам ауырса ауырып, қоғам түзелсе -түзеліп, адам өмірімен біте қайнамаса - несі әдебиет?! Абай ақсақалдай "Мыңмен жалғыз алыспаса" қалғып, мүлгіген ақын, жазушылар кімге керек? Махамбеттей адуындап шабытын шар қайраққа жанып сілтемесе -не пайда ондай көлеңкеден шықпайтын "Әдебиеттен?" Әдебиет -Сіз айтқандай арғымақ, тұлпар болса, бүгінгі күні оның өрісін тарылтып қойды Кім қолдан жем берсе -соның қойшы торысы. Әдебиет -қыран құс болса, бүгінгі күні ол да тауық қорада "иесін" күтіп жалпылдауда. Солардың ішінен шын " Иесін" Ары мен Өнеріне бағалағандар бар шығар, солар ғана ертеңгі күні Қасиетті Шаңырағымызды көтеретін.
Алаш баласы 2017-04-20 20:32:17
әдебиет деген Әнес Сарай, Рахымжан Отарбаев, Әбіш Кекілбай, Фариза Оңғарсын, әдебиет деген кіші жүз және мен Жағалбайлыдан шыққан мен Қарағыздың Бауыржаны десеңші бауырым!
Мейрамбай 2017-04-20 18:01:47
Тек ақша жайлаған, АҚША билік құрған заманда осылай болады!!!! Басқаша қалай болады?! Бүткіл әлемді, АҚШАЛЫ ат төбеліндей байлар билеп-төстеп отырған жоқ па?! Ашкөз, байуды ойлаған адамдар, топас өнер адамдары.. ......
Салимжан 2017-04-20 17:58:04
Ой, сол СССР-дің кезінде де, қазіргі Тәуелсіздік алған кезде де, көбіне бір-бірін қызғанған ақын-жазушыларды көресің. Өзі, өнер атаулы осындай құйтырқы талас -тартыстан тұрады -ау деп ойладым. Іштарлық пен қызғаншақтық "өнер деген ауылдың" - қақ ортасында жайқалып өсіп тұрған мәуелі алма ағашы сияқты ағаш. Біздің елде, белең алған "ауызы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін" деген тезис әліде бар. Бұдан кейін, талантсыз, өнерді саудаға салып, байуды ойлаған, парықсыз, қолға су құйуға жарамайтындар "Өнер жұлдыздары" болып жүр. Кезінде, ЦЕНЗУРА - деп қақсадық. Ал, қазір Абайдың екі жол өлеңін айта алмайтын нақұрыстар, шетінен Ақын, Әнші, Артис, Публицист, Суретші, Мүсінші, Жазушы болып жүр. Менімше осылай кете беретін болар. Халықтың 90% жек көріп тыңдамайтын, тыңдағысы келмейтін эстрада әншісінің өлеңдерін күн сайын теледидардан қақсатып қайталау ФАШИЗМ сияқты қылмыс екенін білмейтіндер көбейді.
Есбол 2017-04-20 17:46:55
Қазір, соңғы 25 жылда барлығы өзгерді. Көптеген нәрселер (бұрын бүркемелеп жүрген) "жалаңаштанып" қалды. "Ашық-шашық" күйге түсті, адамдардың санасы мен мақсаттары. Өнердің барлық саласында "Ұсақталу" басталды. Көркем әдебиет оқитындар күрт азайды. Драматургия, қазір археологиялық экспонат сияқты - алыстан, талып естіледі. Неге? Өйткені, актуальды емес қойылымдар. Керек десеңіз адамдар сол "актуальды" спектакльге де бармайды. Себебі, уақыты жоқ. Әдебиетшілер мен Ақындардың өздері де, бұл тенденцияны сезеді. Прозайктердің мен ақындардың заманы өтіп бара жатыр. КССРО-ны жамандасақ та, ол кезде үлкен, көп тілді, бәсекеге қабілетті ӘДЕБИЕТ болды. Қазіргі адамдарға "Кәусар әңгімелердің" - қажеті шамалы. Оларға, Кәусар доллар керек, 20-өміріне жететін байлық керек. Ақыл-естен арылған мақұлыққа айналу басталып кеткен сияқты.
Заман 2017-04-20 12:08:25
Тұрмыста да өнер де бір-бірін аяқтан тарту қай атаңнан жұқты екен ҚАЗАҚ!? Беретін өнеге қалмады ма жастарға?!

Üzdik materialdar

Ätteñ...

Wltqa qarsı kez-kelgen azamattı «jarnamalau» kerek

Äkeş Baybatır 20543
Anıq

Olar qalay bayıdı?

Ruslan Ahmağanbetov 21535