Seysenbi, 30 Mamır 2017
21 Säuir, 2017 sağat 10:06 Aybın 680 11 pikir

Jazuşılar Elbasığa ne ayta aldı?

Elbası belgili jazuşı Bekswltan Nwrjekeev, Dulat Isabekov jäne Smağwl Elubaevtarmen kezdesti, - dep habarlaydı Aqordanıñ baspasöz qızmeti.

Elbası önerdiñ, şığarmaşılıqtıñ el-jwrt pen bükil qoğam ömirinde mañızdı orın alatının ayta kelip, şığarmaşılıq ziyalı qauım ökilderine sättilik tiledi, sonday-aq olarğa el täuelsizdigin nığaytuğa qosqan ülesteri üşin alğısın bildirdi.

Äñgime barısında el ömiriniñ mädeni-gumanitarlıq salasımen qatar, qoğamdıq-sayasi saladağı keñ auqımdı mäseleler qozğaldı. Atap aytqanda, latın älipbiine köşu, demografiyalıq ahual, köşi-qon sayasatı, üş tilde bilim beru jüyesin engizu, tağı da basqa mäseleler qamtıldı.

Qazaqstan Prezidenti öziniñ tayauda jarıq körgen «Bolaşaqqa bağdar: ruhani jañğıru» attı maqalasınıñ keybir bağıtı men basımdıqtarına toqtaldı.

Täuelsizdik jıldarında iske asırılğan iri şığarmaşılıq jobalardıñ mañızdı mäseleleri talqılandı. Mäselen, Qazaqstan aumağındağı tarihi-mädeni eskertkişter men nısandardı qalpına keltiruge septigin tigizgen «Mädeni mwra» bağdarlaması, sonday-aq älemniñ jetekşi arhivterinen elimizdiñ tarihına qatıstı qwjattardı jüyeli türde jinaqtap, taldau jürgizuge mümkindik bergen «Halıq tarih tolqınında» bağdarlaması äñgimege arqau boldı.

Nwrswltan Nazarbaev tuğan jerge degen süyispenşilikten bastau alatın patriotizm taqırıbın jandandıru qajettigine nazar audardı.

Soñında Memleket basşısı ruhani jañğıru jönindegi qazaqstandıqtar aldında twrğan mindetterdiñ mañızı zor ekenine toqtalıp, eldi damıtu üşin olardı jüzege asırudıñ özektiligin atap ötti.

Abay-aqparat

11 pikir
! 2017-04-22 22:39:33
бəлі,бұлар тағы да сипалап 3'тілділікті аттап кеткендей дұрыс айтпады -ал баламыз жаңа оқу жылында ағылшын тілінде біраз пəндерді оқитын болдық,көшейік апа деп уəйімдеп отыр, қайда барсаң қорқыттың көрі дегендей ,қайда бұрылсаң да өз тіліңнен мəжбүрлі түрде бас тартқызуға əкеле жатыр.
Дана Қазақ 2017-04-21 15:10:32
БАРIНЕН БУРЫН ДУЛАТ АГАМЫЗДЫН ТРУПТЫ 3 КУН САКТАМАЙДЫ ДЕГЕН СОЗIНЕ КУЛКМЕСКЕ ЛАЖ БОЛМАДЫ. АГАЛАР-АУ ТРУПТЫ 3 КУН ТУРМАК 3 АЙ САКТАСАНДА ОЛГЕН АДАМ ОЛДI БОЛДЫ ЖЫЛДАМЫРАК АПАРЫП ЖЕР КОЙНАУЫНА БЕРУ КЕРЕК САСЫТПАЙ. НЕМЕСЕ 3-КУН СВЕЧА ЖАГЫП КОЙЫП КАСЫНДА ОТЫРЫНДАР ..........https://www.youtube.com/watch?v=eMrB-v4Uz-I
жəй Қазақ 2017-04-21 12:17:37
Əй қайдам, бұлар Қазақтың Мұңын айта қоймас, жеке бастың шаруасы болмаса - юбилей, степендия, пəтер т.т. Осы Дукең соңғы жыл мөлшерінде екі мəрте кіріпті, өткен рандеву қортындысы бойынша Англия театрында спектаклі өтті. Ал қабылдау Билік үшін, насихаттық тəсіл.
Салимжан 2017-04-21 12:01:37
Бәріде дұрыс. Салмақты кездесу. Бұрмалап айтатын ештеңесі жоқ. Президент біреу, халық, депутаттар, өнер адамдары көп. Көп нәрсе Ел президентінің өзі айтқаннан кейін жүзеге асырылып жатса, жақсы болады. Өйткені, алдын-ала сенкционированный дүние болып есептелмей ме?Тілді де, Дінді де жаңғыртып, "шаңын қағып" дегендей, серпіліп алға жылжу деп түсіндім.
Асеке 2017-04-21 11:19:38
Абай кз осы сұхбаттың видеосын салып қойсаңыздар жақсы болатын еді. Мұны негізі көру керек, елбасының аузынан қазаққа шынымен болсын деген осындай сөздерді 25 жыл күтіппін, тіпті жылағым келіп кетті.
Асеке 2017-04-21 11:15:07
Иә, жазушы ағаларым менің, яғни қара халықтың ойындағы ең маңызды нәрселерді айтып берді. Енді солар орындалса деп тілеймін. Әсіресе Смағұл аға тіл туралы, демография туралы, қандастарды көшіру туралы, үштілділік туралы өте жақсы айтты.
C 2017-04-21 11:13:32
Латын әліпбиіне көшуді 2025 жылға дейін толық бітіру керек деп жоспарлап қойдық. Бірақ-та осы сияқты міндеттемелер алып, ал уақыты келгенде еш нәрсеге үлгермей неше түрлі сылтаулар айтып тағы да ары қарай 5-10 жыл қосып жатамыз.Бұл бастама да солай болып кете ме деген ой келеді де тұрады....
Асеке 2017-04-21 11:09:18
Көрдім сұхбатты, өте ұнады, ағаларымыз өте маңызды мәселелерді көтерді, ал елбасы көп сөздерді блокнотына түртіп алып отырды. Тек сол түртілгендер орындала ма, орындалмай ма оны білмедім.
Лаура 2017-04-21 10:55:27
Басқасын білмедім-ау, бірақ елбасының латын әріпіне көшуіміз керек деген ойын мен құптадым. Біз күткен оқиға бұл.
Ерлан 2017-04-21 10:54:09
Өте дұрыс пікірлер айтыпты жазушыларымыз. Болашағымызды тарихымыздан хабардар болуы үшін "Халық тарих толқынында" бағдарламасы жүйелі түрде жұмыс істеуі керек.
Мадияр 2017-04-21 10:51:53
Расында да "Мәдени мұра" бағдарламасы өзекті болып тұр. Еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандардың саны көбейіп қана қойма, сонымен қатар оларды қайта жаңғырту керек.

Üzdik materialdar

Anıq

Olar qalay bayıdı?

Ruslan Ahmağanbetov 6368