Seysenbi, 23 Mamır 2017
15 Mamır, 2017 sağat 12:42 Jañalıqtar 4287 8 pikir

Telibekov "sündettelmep pe ediñiz?" degen swraqqa jauap berdi

Jaqında bir top belsendi balanı sündetke otırğızuğa qarsı şığıptı. Daudıñ basında Mwrat Telibekovtiñ "Qazaqstan mwsılmandar odağı" twr.

Orıs tildi birsıpıra BAQ "Qazaqstanda sündetke otırğızuğa tıyım saludı wsındı" dep wrandadı. Söytsek, QMO jetekşisi Mwrat Telibekovke bir top belsendi kelip, özderiniñ wsınısın aytqan. Balanı sündetteu - adam qwqıqtarı men abıroyına nwqsan keltiredi-mis.

Ateisterdi qazaqstandıq feminister tobı da qoldap otırğan körinedi.

Telibekov mırzanıñ bwl "jañalığın" Resey men Qırğızstannıñ aqparattıq sayttarı da jarısa jazıp jatır. (argumenti.ru, rosbalt.ru, kyrgyztoday.org)

Biz daulı wyımnıñ törağası Mwrat Telibekov mırzağa habarlasıp, mäseleniñ män-jayın swradıq.

- Mwrat mırza, sizder sündetteuge tıyım salu turalı bastama köterip jatır ekensizder. Sol turalı söyleseyikşi...

- Jaqsı, jaqsı.

- Qazaqstan mwsılmandar odağı sündetke qarsı şığıptı degen aqparat jelide gulep jür. Siz odaqtıñ törağasısız. Öziñiz sündettelmep pe ediñiz? Köptiñ kökeyindegi saual osı.

- Osı jerde mınanı ayta ketu kerek. Qazir jalpı jwrttıñ, qarapayım halıqtıñ ğana emes jurnalisterdiñ de intellektualdı deñgeyi tömendep baradı. Mwnıñ sebebi nede ekeni belgisiz. Mümkin, ülken audiovizualdı aqparattıñ ağımı. Midı jwmıs istetuge, izdenuge qajettilik joq.

- Oqığanımızdan tüygenimiz - sizge bir top belsendi kelipti. Siz olardı qoldapsız...

- Joq. Men olardı qoldağan joqpın. Kerisinşe, olarğa sündetke qarsı şığudıñ dwrıs emes ekeni ayttım. Olardıñ adasıp jürgenin ayttım. Ökinişke oray oyımdı jetkize almağan sekildimin.

- Olar kimder? Qay wlttıñ ökilderi?

- Men olardıñ wlttarına män bermeppin.

- Keşiriñiz, biraq bwl turalı aqparattardıñ barlığında kerisinşe Qazaqstan mwsılmandar odağı qoldadı dep jür ğoy.

- Ras aytasız. Ökinişke oray qazir meniñ sözderimdi bwrmalap, meni jağımsız keyipte körsetkisi keletin bir top BAQ bar. Mine, solardıñ jasap otırğan isi.

- Olar sizdiñ söziñizdi bwrmalağan bolsa, qarsı şara qoldanuıñız kerek qoy...

- Şınında olardıñ ärqaysısımen sottasıp jatuğa mende uaqıt ta joq. Mağan ne kerek. Aytıp, aytıp qoyadı. Mağan uaqıt qımbat. Aqımaqtarğa uaqıt jwmsağım da joq.

- Mwrat mırza, bir swhbatta, siz mağan QMO-da 500-mıñnan astam müşemiz bar dep ediñiz. Tipti, Prezidenttik saylau kezinde sizdi 1 millionnan astam adam qoldağanın aytqansız. Körip jürgenimizdey, barlıq aqparattarda Mwrat Telibekov jür. Basqa müşeleriñiz nege ünsiz?

- Jaqsı. Basqalardı da aytayın. Amanbaev, Särsenbaev, Jetpisbaev, Ivanov, Petrov, Sidorov t.s.s. Bwl neni özgertedi?

- Meyli. Mwrat mırza, swhbat bergeniñizge raqmet!

- Özderiñizge de raqmet!

Nwrzat Toğjan

Abai.kz

8 pikir
Төре 2017-05-17 13:41:35
Мына мені негізінен жазылған мақалалардан гөрі, осы мақалаға жазылған сауатты пікірлер қызықтырады... Айыпқа бұйырмаңыздар? Мақалалардың көбісі біздерге белгілі мәселерге арналғанымен, кейбірі басқа қырымен, басқа түйсікпен жазылғаны болмаса.Ол жазғыш мырзалардың деңгейлеріне тікелей байланысты. Мына Есенгелді деген атпен шығып жүрген мырзаның "қазақтар шындығында таза мұсылмандар емес", оған (құдайға шүкір), сөзін қосуы... Мұсылмандық жүректе бауырым! Жүректе! Оның өлшемі жоқ, ол сана-сезім? "шала" деген сөз тіркестері бяғы, шала қазақ, шала большевик, шала коммунист (мұнафықтар) сияқты заманға сәйкес ұғымдар. Шала мұсылман деген сөз Исламда жоқ. Сіз мұсылмансыз! не мұсылман емессіз! оның анықтамасы. Шала деген сөз екі жүзділіктің көрсеткіші! Әйтеуір жағыдайым жақсы болсын деп, коммунист болғандар, сол екі жүзділерге жатады. Мені одан Алла Тағаламыз сақтап қалдыІ Разымын Аллаға! Оған сіз дәлел іздеп әуре болмаңыз? Мұсылмандыққа ұмтылудың бірінші белгісі: Надандықпен "ластанған" жүрегімізді тазартып, әлсіреген Ар-Ожданымызға қуат бере гөр! деп, Алла Тағаладан сұрау. Біздердің бәріміз "күнәһармыз" Алла кешірсін? Сүндеттің "пайдасын" көріп жүрген шығарсыз - САБАЗЫМ!?
Есенгелдіге 2017-05-16 19:52:58
Онда Телібеков мен сүндеттелгенмін деп, болмаса жоқ деп дәлелін көрсетсе көрімдігәін сіз төлейтін болдыңыз.
Есенгелді 2017-05-16 14:47:54
Шындығында осы Сүндетке отырғызу тек ғана Діни әдет пен дәстүр емес екенін айтқым келеді. Соңғы зерттеулер осыны дәлелдеп отыр. Бала кезде үрпі мүшенің бас жағын кертіп тастағаннан адам Ия жақсы, Ия жаман болып шықпайды. Мәселе, жекебас гигиенасында да, емес, мәселе басқада.......... Мұрат Тілебековтыкі дұрыс!!!!! Өйткені, қазақтар шындығында таза мұсылмандар емес (құдайға шүкір) сондықтан, ислам дінінің сүннеттерін толық орындау басы артық нәрсе. Мен, осыларды дәлелдейтін сайттың адресін таба алмай, дәлелсіз, дәйексіз жазып отырғаныма кешірім сұраймын.......... сайт адресін табамын, сосын жүктеймін. Ал, әзірге ярыйлар, шулай беріңдер.
Ислам атын жамылған залымдарға лағнет болсын! 2017-05-16 00:35:51
Бұл да сау сиырдың боғы емес. Қайдағы бір шайтандар осыған қатысып тұрады. Батима Жексурун-кызы, Алмагуль-апай Алжыганова, представитель ЛГБТ-сообщества, студент Арман Котбергенов дегендерді мен адам санап сөйлеспес едім.
Төреге Режиссер 2017-05-15 20:34:41
Төреке, Сіз тоқетерін айтқаныңызға разы болдым. Мына жорналист артын ойламапты: ТЕЛІБЕКОВ КӨРСЕТІП, ЕНДІ ДАВАЙ КӨРІМДІГІН БЕР десе не деп құтылар еді?
Төре 2017-05-15 20:24:59
Телібеков "сүндеттелмеп пе едіңіз?" деген сұраққа, жауап ретіде, "насыбайды" шығарып көрсету керек еді! Қап! әттеген-ай! Сонда бәрі жоғарғы дәлдікпен орнына келетін еді? Сізді бәрі-бір жорналшы қауым жаратпайды... Мына менің байқауымша, Сіздіңде оған онша құлқыңыз жоқ болу керек... Көрсету керек еді ... Ұлы нәрседе ұят жоқ, дей салатын едік ... Мүмкіндікті жіберіп алдыңыз ... қап!, қап!...
не істесек екен ? 2017-05-15 18:25:30
Телібековтен мына автор "өзіңіз сүндеттелген бе едіңіз " деп соншама қадала сұрағанда анау азамат мәдениетті түрде жауап қайтармай, жалтарып кетіпті. Авторға обал болған, екен біле алмай қапты негізгі тақырып етіп қойған "мәселесін". Жарайды, Телібеков жауап берді делік, болмаса ышқырын ағытып, "дәлелін" көрсетті делік. Сонда оқырман мен автор онан не ұтады? Не жазып, не қоярын білмейтін журналистердің осындай белден төмен, ышқырдың айналасындағы "тақырыптарға" жармаса кетіп, ойнатуы таң қалдырады. О, дүние, қайда барасың? Кімдер сені "жетелеп" жүрген?
Авторға оқырман 2017-05-15 17:26:24
Қалай, Телібековтің жауаптары құмарыңды қандырдыма? Сенсация іздеген сөз іздегендерге солай жауап бергені дұрыс. Үйрену керек.

Üzdik materialdar

Anıq

Olar qalay bayıdı?

Ruslan Ahmağanbetov 3940