Jwma, 20 Qazan 2017
Qauip etkennen aytamın 8579 22 pikir 18 Mamır, 2017 sağat 10:34

Kreml'diñ kökbeti Qazaqstandı tağı da tildedi

Orıs teleeifriniñ tösektegi teoretigi Vladimir Solov'ev kezekti ret Qazaqstannıñ soltüstigine şüylikti.

"Rossiya 1" arnasınan tikeley efirde taraytın "Veçer s Vladimirom Solov'evım" deytin bağdarlamada Vladimir Solov'ev orıstıñ şolaqbelsendi sayasatkersımaqtarın jiıp, Ukraina Prezidenti Petr Poroşenkonıñ jaña jarlığın talqığa salğan. Söytip, reseylik äleumettik jeliler men telearnalardı Ukraina territoriyasında jauıp tastağan Prezdent Poroşenkonı jerden alıp, jerge saldı.

Özgeniñ aulasına tas laqtırmasa, bası auırıp, baltırı sızdaytın Kreml'diñ sarjağal sayasatkerleri söz arasında Qazaqstandı tilge tiek etedi. Dälirek aytsaq, Soltüstik Qazaqstandı "Orıs älemi" dep atap, Prezident Nwrswltan Nazarbaevtıñ latın älipbiine köşu bastamasına narazılıq tanıttı.

Efir 2017 jıldıñ 16-mamırı küni jariya boldı.

Vladimir Solov'ev pen onıñ spikerinıñ arasındağı şağın dialog tömendegidey örbidi:

S: -Nazarbaevqa keñes beru kerek edi. Al ol endigi audarıp  jatır (kirilicadağı qazaq älipbiin latınşağa audarıp jatır degendi nwsqadı dep tüsindik - red.). Al sizder onı sınamaysızdar...

V.S: -Nazarbaev audarıp jatsa, jaqsı, boptı. Oğan sol wnaydı. Bäri jaqsı. Siz ne qazaqtar da orıs degiñiz kele me?

S: -Al olardıñ orıs äleminen alşaqtap ketkeni şe?

V.S: -Ol tüsinikti. Eger tarihın alıp qarasañız, qazaqtar äu bastan qanday taypalarğa, toptarğa kiretin edi?

-S: -Al Soltüstik Qazaqstan şe? Soltüstik Qazaqstan - orıs älemi emes pe edi? Celinograd, qazirgi Astana...

V.S: - Qarañız, mwnı siz ayttıñız. Endi sizdi eşqayda kirgizbeydi. Ökirip jılay beriñiz. Jirinovskiydiñ dosın tıñdap otırmız ba özi?!

(9:50 minuttan bastap Qazaqstan turalı küresindi sözder aytıla bastaydı.)

Biz qazaqqa janı qas Solov'ev turalı birneşe märte jazğanbız. Ol "Qazaqstan Ukrainanıñ kebin kiedi" dedi. Ol "Qazaqstandağı tolqular Prezidentti taqtan taydıradı" dedi.

Jäne Kreml'diñ däldüriş diplomattarınıñ auzınan aytılğan şovinistik sarındağı pikirlerdi aşıq nasihattadı.

Özi evrey bola twra, "Mı russkie! S nami Bog!" dep kitap jazıp, özin Payğambarğa teñedi. Söytken, Solov'ev kezekti ret Qazaqstandı tildedi.

Orıs kögildir ekranınıñ kökbeti öz bağdarlamasında Qazaqstan turalı nebir swmdıqtı aytıp äm aytqızıp qana qoyğanına qaramay Qazaqstanğa emin-erkin kelip jür.

QR SİM bastağan birqatar qwzırğı organdardıñ nazarına! Elimizdi tildep, şekarasına şüylikken, Täuelsiz Qazaqstannıñ territoriyalıq twtastığın bwzğısı keletin şovinist Vladimir Solov'evtiñ Qazaqstanğa keluine tıyım salınsın!

Nwrgeldi Äbdiğaniwlı

Abai.kz

Автор

Nwrgeldi Äbdiğaniwlı

Kontent-redaktor

Nwrgeldi Äbdiğaniwlı - QR Aqparat salasınıñ üzdigi. Sayasi şoluşı.
22 pikir
1-ге Айнабек 2017-05-21 16:02:51
Әзімбай Ғалидың "қазақтың қанында жоңғардың қаны бар" деген мақаласына жазған пікірінде Айна "ата бабамыз шыли қалмақтан, жоңғардан, шүршіттен т.б. қатын алып, түрімізді жалпақ бет, қысық көз, ұсқынсыз етті, онанда орыспен татардан қатын алса ғой түріміз орыс сияқты әдемі болар еді" деп қарғаған. Сенбесең қара. Онан кейін осында бәріне тағыда ата-бабам кінәлі деп отыр. Қара осы мақаладағы пікірін. Жалпақбет, қысық көз түрің ұнамаса ақшаңды алып Миқайлыптың кілиникасына кел бетіңе біләстикәлық әпірәсия жасап, түріңді орыс қылып береміз деген жауапта жазылыпты оған. Менің қатысым қанша, айтқан өзі, жазған жалғыз мен емес.
1 2017-05-19 21:59:32
Айнаға жауап жазушы:елді мақау көрмесей-өзің Айна болып жазып- өзің оған жауап жазып- жынды құсамасай-жұрттың көзі ашық кəзір.
Султан 2017-05-19 21:54:44
Сіздің мақалаңызда соловьевтың спикері деп түрғаныңыз украиналық саясаткер ковтун ол әдейі соловьевты арандатып тұр бірақ ол ондай қулықтан оңай құтылып кетті . Айтайын дегенім алдағы уақытта осындай мақала жазардан бұрын эфирдегі сөйлеген адамдардың кімдер екендігін тексеріп алуларың керек,мен өзім соловьевтың айтқандарын көп жақтыра бермеймін бірақ осы жолы соловьев қазақстан туралы арға тиетін сөздер айтқан жоқ
Айнаға 2017-05-19 13:05:49
Ата бабаң қазақты орысқа сатып кетсе оны кімнен көресің, тірілтіп алып оларды жауапқа тартасың ба менің түрімді неге жалпақбет, қапқара. қысық көз еттіңдер, орыстан , татардан қатын алмай, орыс шешем болса түрім онда орысқа ұқсап әп әдемі болатын едім қазір деп дүре соқ.
Әбу дұрыс айтады Біржан 2017-05-19 08:09:52
Аштықтан репрессиядан қазақтың қырылғаны рас, ол екі миллионнан асады, ешқандай төрт миллион емес, егер сол кезде төрт млн қазақ қырылса этнос өзін қалпына келтіре алмас еді, бүгін қаза жоғалып кетуі мүмкін еді.
Әбу 2017-05-19 01:22:25
Темір мырза, Фантомас сияқты сырласын шақырып, оный не деп көкитініп біліп, аузына иіріп сөз салып отырған Соловьев емес пе? Қулықты іштен оқып туған арамзаларды бір-бірінен айыру қиын, сондықтан анаусына да, мынаусына да алданбағайсыз. Содан кейін: осындағы Керімхан мырза, "4 000 000" деген цифрды кімнің қалтасынан алдыңыз? Кеңестен нендей жаманшылық көрдіңіз: тегін оқытып, тегін емдеп ержеткізгені ме? Ол өкімет болмай, патшалы Ресейдің астында жатқандардан тусаңыз, аты-жөніңіз орысшаланып, шоқындырылып кетпес пе едіңіз? Ресейдің сол қақпанында қалған, мысалы, түрік баласы сахалардан (якуттардан) сіз құдіретті ме едіңіз? Аздап болса да, ойланып сөйлеу керек қой.
Ғаббас Қабышұлы 2017-05-19 01:03:14
Мынау көкбетті көкітіп отырған көкесі Путиннің 1994-жылғы оттауизмінің шалығы шығар. Сол жылы Санкт-Петербургта халықаралық Кербер қорының конференциясы болғанда қала мэрі Собчактың қолтығында жүрген, басқаларға белгісіз В.Путин ешкім ойламаған жерде мінберге шығып, ешкімнің ойында жоқты оттаған. Не деп? "СССР құлауға тиіс еді, құлады, бірақ шетте 20 миллион орыс қалып қойды, біз соларды қорғауға тиіспіз, Қырым мен Солтүстік Қазақстан орыстың жері еді, қайтарылмай кете барғаны өкінішті" деген. Ол сондағы сандырағын енді астыртын, жұқалап, саясатына астар етіп отырған болар, әйтпесе мынау сияқты көкбеттері көкімес еді. Ресеймен терезесі тең тәуелсіз Украинаға басқыншылық жасап, сол кесірінен украиндарға да, сол елдің байырғы тұрғынына айналған орыстарға да қаншама қасірет болып жатыр! Тағына жабысып қалған Асадпен әмпей болып, Сирияны бомбалатқаны қалай? Әлде ол да орыстың жері ме еді, онда да орыс жәбір көріп сорлап жүр ме еді? Көксоққандардың заманы туды ғой!..
Айна 2017-05-19 00:17:21
Бәріне сол кездегі ата бабаларымыз кінәлі Қазаіргі қазақтар орыстың құлы емес пе қолдарынан түк келмейді ӨЗ жерлерін қорғай алмайды
Ислам Қуат 2017-05-18 23:44:35
Халықтардың арасына алауыздық жағып "бөліп ал да билей бер" саясатын жүргізіп келе жатқан, құдай таңдаған деп өзін керемет санайтын ұлт өкілдері орыс пен қазақ арасына от жақпаса тыныш жүре алмайды. Бірінің әкесі юрист, бірі жануардың, бірі құстың фамилиясын алып биліктің төрт тармағын басқарып ықпалын жүргізіп отырғандар қазақты да үшке бөліп билегісі келеді. Оны Қазақстанға келтірмеу керек. Қазақтың намысқой жігіттері оны орнына қоятынына бек сенімдімін!
Қайырхан 2017-05-18 23:28:37
Ресей бізден емес, біз ресейден жерге қатысты мәселе қоя аламыз,ежелгі қазақжері Орынбор, Сарытау, Аштархан, Еділдің бойларын қоса тарихта бұл біздің ордалық бабалар жайлаған туған мекен
Біржан 2017-05-18 22:01:39
Целиноград орыстыкі деп соғып тұрған анау Украйндық Порошенконың тұрақты жалдамалы Москвадағы бұлбұлы ғой. Соловьев емес. Айыптасаң аптыр соны, украйндардың бандерашыларының өкілін айыптап, жұрттың көздерін ашыңдар.Осындағы біздің ұлтшылдар украйнның бәрін өлгенше қорғайды, алдымен соның рупоры мына таз пенденің сөзін тыңдасаңдаршы . Ол Ресейдің НТВ, Россия-3, т.б. каналдарында басқа адам жоқтай күнде сайрайды. Мүмкін ақысын Ресейден де, Украйнадан да алатын болар.
Мақсұт 2017-05-18 21:16:07
Осы аз ғана пікірлердің ішінде ең қауіптісі "Қазақ" -дегеннің сөзі- дер едім. "Тамшы тас теседі!- Соловьевтердің саясаты осындай құйтырқы пікір тастап Қазақстандағы "орманға қарап ұлығандарға" дем беру, жұрттың көңілін Ресейге қарай аудару, ақыл -есі ала-құла әлдебір либералдарды адастыру, қалғыту... Рас біз ресеймен " доспыз", бірақ бір қызығы Ресей бізді қарғыбаулап, шынжырын уысынан шығармай, "Адамға ең жақын ..."дос"..." -етпек?! Соны "Қазақтар" түсінбесе -Сорымыз! Қазақтар Солтүстікке қарай ағылуы керек, сол кезде ғана Солтүстіктен төнген "Дамокл қылышынан" сақтана аламыз!
Дана Қазақ 2017-05-18 21:14:37
Кто такие террористы коротко ясно .......................... https://www.youtube.com/watch?v=epu2PcT7g3U
Дана Қазақ 2017-05-18 20:42:35
Раньше я был пропутинский до мозга костей, но в 2014 году радикально поменял свое мнение............https://www.sports.ru/tribuna/blogs/dud/1277834.html
Арбитр 2017-05-18 17:26:59
Таласатын ештеңе жоқ, қайсы айтса да, Целиноград орыстыкі деп отырған - нағыз білімсіз топастың өзі, оны кім, қашан Целиноград еткенін білмей сандалғандардың передачасына осындағы Руза дегенді жіберу керек, бәрін орнына қойып қатырып келеді.Жеңе алмаса өзіне сын. Біз арбитр болып экраннан қарап отырамыз.
Темір 2017-05-18 17:05:15
Оу автор, көз ба сізде без ба??? Соловьев емес қой олай деп айтқан!!!
Керімхан 2017-05-18 16:44:44
Осындай мәселелерді көтеретіндерден Кеңестік большевизмнің қолынан қырғын тапқан 4 000 000 нан астан қазақтың құнын сұрай беру керек.
Қазақ 2017-05-18 16:03:34
Әр мемлекеттің өзіндік позициясы бар. сол бойынша жүреді. Ресеймен біз доспыз бірақ біздің негізгі позициямызды өзгерте алмайды. Елбасы мұны әрқашан айтып жүр. Сондықтан Соловьевтің бір бағдарламасынан кейін солтүстік облыстардан айырылып қалады екенбіз деген бос сөз! Ал Ресеймен ара-қатынасымыз бүлінуі мүмкін емес, себебі, екі елдің алыс-берісінің, ынтымақтастығының тамыры тереңде жатыр.
Руза 2017-05-18 13:37:42
Арасенге: Жоба басшысы емес, қатардағы да әр жорналшы, өз "қонағының" не айтарын алдын-ала білетіндігінен сөйлетеді эфир бергенде. Бұл аксиома. рф-ның бүкіл көршілеріне де елге тарайтын тв-ға, ешкім көшеден әкелінбейді. жирин., лимоновтардың да негізгі трибунасы-шов.-фашистік насихат жасайтын осы трибуна! Арасында біздің жағымызға істеп қоятын "реверансы", жуықта кремл бұлбұлын елімізге шақырған сатқын медиабасшыларға арналған болу керек) Олар да қазақ деп аталадығой). Сондықтан адаспаңыз, бауырым.
Арсен 2017-05-18 13:08:58
Автор озиниз видеоны кормеген сияктысыз гой. Ол провокациялык создерди Соловьев емес онын жалтыр бас конагы айтты гой..
Руза 2017-05-18 12:41:32
ҰҚК қайда қарап отыр? Біздің Керекудің, мен тіркелген 2 поликлиникасындағы, Геннадий Колесник деген стомотолог, статья говно деп отыр! Жаңа збандадым хатшысына, поликлиниканың. Айтты бастығым келгенде айтамын деп. Скринға түсіріп алдым. Не деген масқара, не үшін еліміздіңғ ауасын жұтып, нанын жеп, теңгесіне өмір сүріп, басқа елдің тілеуін тілеп отыр бұл? Бұл нағыз сепаратизм, ішіміздегі 5колонна! Олар, рф-дағы елімізді әдейі шайқалтып отырғандардың тірегі. Елімізге ішінен іріткі салушылар!
Ермек 2017-05-18 11:01:12
Куда смотреет СБ?

Üzdik materialdar

Ruhani jañğıru

Qanat Äbilqayır. Qarız ben Parız

Abai.kz 7759
Qauip etkennen aytamın

Qazaqstanda jürgen qıtaylar kimge süyenedi? 

N.Qoşamanwlı 15034
Ätteñ...

Wltqa qarsı kez-kelgen azamattı «jarnamalau» kerek

Äkeş Baybatır 29054