Beysenbi, 17 Tamız 2017
46 - söz 1342 12 pikir 10 Tamız, 2017 sağat 11:05

Latınğa kezinde qarsı edim, endi oyım özgerdi

Kezinde "qazaq tili tolıq üstemdikke jetpeyinşe, latın qaripine köşu erte" degen pikirde edim. Osı turalı ülken swqbat ta bergen bolatınmın. Qazir köp oylana kele, latınğa köşu qajettigin wqtım..
Sebebi, qazaq tiliniñ evolyuciyalıq jolmen üstemdikke jetui tım wzaqqa ketetin türi bar. Al memleket pen onıñ biliginiñ öz jigerimen memlekettik til üstemdigin ornatuğa bara almaytınına közim anıq jetti. Öytkeni, halıq sanınıñ köbeyuin kütip otırğanımızda  tilden özge mentalitetti, bolmısımızdı joğaltu qaupi tönip keledi.
Jastar da şet elge ketudi köksey bastadı (resmi türde aytılatın patriotizm nasihatına naqtı ömirdiñ säykes kelmeuinen tuındaytın psihologiyalıq diskomfort - otansüygiştik sezimdi joya bastadı).
Sondıqtan, qazirden bastap, wlttıq köştiñ bağıtın bwru qajet. Sonıñ biri - latın qarpine köşu. Sonda, ilesetinder - ilesedi, ilespeytinder - qaladı. Al, "ilespeytinderdiñ" köbi onsız da şet elge ketsek dep josparlap jürgender!
Söytip, köşti (memlekettigimizdiñ damuı dep wğıñız) bir retke (şınayı qazaq memleketi bağıtına bwru dep wğıñız) keltirmesek bolmaytın türi bar...

Äbdiraşit Bäkirwlı

Facebook-tegi paraqşasınan alındı

12 pikir
Құралай Ескелді 2017-08-14 17:36:22
Дұрыс айтасыз ілесетіндер ілеседі, ілеспейтіндердің өздері-ақ кетіп қалады.
Адия Сарсенбек 2017-08-14 17:07:56
Латын қарпіне көшу болашақ ұрпақ үшін де өте маңызды мәселе. Үйрену оңай, ағылшын тілін қазір екінің бірі біледі.
Асем Жанатовна 2017-08-14 16:59:12
Расымен, латын әліпбиіне көшу заман талабы.
Айдана 2017-08-14 13:17:20
Негізі, техникалық, жаратылыстану салаларындағы жаңалықтардан артта қалып кетпеу үшін жасалып отырған қадам деп түсінемін. Бір күн емес, бір жыл емес болашақтың қамы.
тТт-ға саудабай 2017-08-13 15:33:27
Зәру болған жатынға, тегін білмес, затын да, сені апарып қосамыз, некеңді қиып латынға.
Жазира 2017-08-12 09:08:08
Бастысы, асықпай жан-жақты ойластырылып іске асса жап-жақсы көшіп алармыз деп ойлаймын.
ТтТ тТт-ға 2017-08-11 22:09:08
Сен көшкен соң латынға, Ол көшкен соң латынға, Қайдан білдің оны сен Айналмасқа қатынға ?
тТт 2017-08-10 22:18:29
Cен көшпесең латынға Мен көшпесем латынға, Айналамыз түбінде, Мылқау, тілсіз қатынға.
3 2017-08-10 18:49:13
латын тіліне шекеміз шылқығаннан көшіп отырғанымыз жоқ .
Даулет 2017-08-10 16:46:29
Ойыңыздың өзгергені дұрыс болған екен, шын қуаныштымыз. Латынға көшкеннен жапа шекпеспіз деп ойлаймын.
Айназ 2017-08-10 16:44:46
Латын тіліне көшуді өз басым заман талабы деп ұқтым. Тек біз емес, біраз мемлекет көшіп алды ғой, қыңқ еткен жоқ.
Басқа елдің де тілін біліп, өз тіліңді де құрметтеп,қадірін біліп, дамяыита аласың.. 2017-08-10 16:04:26
Баяғы султандардың заманында гүлденген мемлекет болу үшін оны басқадан тартып алумен кеңейтуді мақсат етсе, қыру жоюмен, басқа мемлекетті өзіне қосып алып, дайын күйінше байып отырса, ал қазіргі елді шебер басқарумен ғана мемлекетіңді байыта аласың емес пе деп отыр осы жарықтық системасы. Ондай болса , Кеңестегі пендешілік азынаулағы көбірек болғаннан футуризм өміріне бел байлап келе жатыр едік, құр сөз болса да дұрыстықты аша білдік, бірақ сен салар да мен салар, қапқа тарыны кім салар болды емес пе.аяққы кезде... содан барып,гулдіңде солуы басталғаны шығар, шынайы көзі жеткеннен де, бір- біріне алаңсыз сенушілікте жойыла бастады екен, батылдықпен барлығымыз тарала қалдық , бұтақ ,бұтақтар жерге егіле қалғандай егіліп, басқа молекулаға шашырадық. бірақ жоқ болғанжоқпыз... Барлығымыз сондай жерден жасампаздықпен, ойшылдықпен, батыл қадамдықпен жүрген инерциямызбен , бірденнен басқа адам өмірін қалай жасауға болады екенбіз, оған да жылдар керек қой, әрбір адам шет қалмай, мемлекет болуы үшін, өз үлесімен келмей ме екен, ұлы қозғалыстың басталуынан-хаостан да пенде қателігі сонда ғана көріне түсері анық, көп есе жұмыстың көп орындалғанынан, және көп түзеле білгеннен барып, бір жарықтық оймен дұрыстықты таңдайды.. Ондай сенімге халықта бірге болуы тиіс дейді?! Ендеше пендешілік деп соны айтады екен, барлық адам дұрыстыққа кәміл сеніп,сенімі бір жерден шыға отырса ғана түзеле береді екен, соны білген агенттер қолқалап болмағаны ғой , халық ойына іріткі салып, отырып революцияға шақырып ойлануға мұрша бермей, әлсіздендіру мәселесімен синтетикалық өмірді өздері жасаймыз дегені ме қайдам деп отыр политиктер әлі де..?!! Ендеше 1-ден тұнықтығы бар,байсалды ел болам десеңіз сеніңіз бұл системаға да . Дұрыстығы мол болғаннанда,өткен кеткен болмашы алғашқы хаостығы бар ойларды қозғай беру де дұрыс болмас ,2 -ден президент мақсатының барлығы осы жылдарға бөлінгені, өзі бастап , өзі жалтармай қоя салмай, барлығыңа шын көңілмен, тоқтау Жер- арттырып, кеңейтіп, молайтып,әрпінде өзгертіп,үлгеріп, бірте бірте жалпы системаға көше алуды орындауды білімділікпен әрлендіріп те, білімі бар формуласымен саныңызды, паркіңізді, тыныштық уясы бар- қасиеттілігі бар бір істі толық табыспен келесілерге өз ісін президенттікке біреуіңе лавр жапырағыннан шір-шеңберін силамақшы.. Ендеше тағы президент болуда , әр елде әр басқа халқына өміріне қарай, өте қиынның қиыны бар жұмыс екен, байқасаңыз,, Бүкіл Әлемнің ұлғая беруі қалай қиындықта болса,Құдірет энергиясымен болса , энергияны қалап отырс аңыз да, өте қиындықпен келгені ел басқару да, міне осы әлем тағдырындай қиын ендеше.. Бұл системада да әр адам әр агенттерге ере бермей, өз ойы, өз тұрмысын дамыта алу тиіс екен онда.Болмаса құр мен бақыттымын деп, сенсізде өмірде барлығы бақытты болуға тиіс мемлекет болғандықтанбасқаны көрер көзге жаныштау сөзбен де даралана ,мақтана, асқақтауға бара бергенше, ақылды болсаң әр тағдырды тәкаппарлықпен ,мен- мендікпен кемсіте ойлап, Құдірет өмірін де кем өлшемеуің тиіссің.. Бар болғаны Құдіреттің сеніде қалауға арнаған кірпіші шығарсың, оныда ойланғаның дұрыс, барлық дұрыстық уясының ойы осыдан басталады, періште де емессің!? Өмірдің барысын Одан да Құдірет өмірінде , біздің жердеде әр адам бақытты болуы тиіс деген қол үшін беру сөзі де болуы тиіс бұл мемлектімізде, тек позиьтивті жақсылық пен, мейірім керек , бірлескен сенім керек болуда, сондағана рухталған өз білімі бар,бақытты болуға тиіс өмірі бар адамдар көбейе түседі екен. әр қайсыңыз көркеюге тиістісіңіздер, ол деген сөз үлгеру стадиясымен жауап бергеніміз, әрі .ковчегіңізді бейбітшілдікпен сақтағаныңыз бүкіл ел алдында. Ол да болса жаманшылыққа да болса, жақсылықпен қайтарып, ұлы ел болғаныңыз міне осы жасыл желекте болса, жусаны аңқыған өмір жақсы қайта... Автордың да көп ойланып, бірақ болсада жауап бергеніндей , Рахмет сізге,елді ерте білгеніңізге...Шіркін осы уақытқа дейін білгеннің тілін алмай не ойланып жүрмін дегендей...құдайға шүкір, оқып отырып, тоқыдық дегеніміз осы шығар.. әрбір адам осылай ойласа да жаман емес деп отыр ғой өткен даналарымыз да шіркін..

Üzdik materialdar

Ruhani jañğıru

Qanat Äbilqayır. Qarız ben Parız

Abai.kz 2884
Qauip etkennen aytamın

Qazaqstanda jürgen qıtaylar kimge süyenedi? 

N.Qoşamanwlı 7457
Ätteñ...

Wltqa qarsı kez-kelgen azamattı «jarnamalau» kerek

Äkeş Baybatır 23407