Düysenbi, 20 Qaraşa 2017
1280 33 pikir 13 Qırküyek, 2017 sağat 11:02

Mwhtar QWL-MWHAMMED: Latın älipbiine köşu Elbasımız wsınğan "Ruhani jañğırudıñ" berik irgetası

"Nwr Otan" partiyası Törağasınıñ Birinşi orınbasarı Mwhtar Qwl-Mwhammed latın älipbiine köşudiñ mäni men mañızı asa zor ekenin ayttı.

Demokratiyalıq küşterdiñ "Qazaqstan-2050" jalpıwlttıq koaliciyasınıñ otırısında Mwhtar Qwl-Mwhammed: "Bwl älipbi auıstıru emes, bar qazaqtıñ boyına ana süti, äke tärbiesimen daritın qazaq tilin zamanağa say jañğırtudıñ keşendi jüyesin, dwrıs söyleu men jazu mädenietin qalıptastıru. Endeşe latınğa köşudi Elbasımız wsınğan "Ruhani jañğırudıñ" berik irgetası dep bilemin", – dedi.

Sonımen qatar, otırısta Koaliciya müşeleri, belgili til mamandarı, filolog ğalımdar jäne tağı basqa sarapşılar men qoğam qayratkerleri öz pikirlerin bildirip, bwl bastamanıñ wlttıq birtwtastıqtıñ nığayuına ülken septigin tigizetinin ayttı. Şara soñında Demokratiyalıq küşterdiñ "Qazaqstan-2050" jalpıwlttıq koaliciyası barşa qazaqstandıqtardı Elbası bastamasın qoldauğa şaqırıp, halıqqa öz Ündeuin jariyaladı.

Abai.kz

33 pikir
Кесимова Алтынай Конысбаевна 2017-09-28 10:47:16
Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге көшуіне жол ашады. Себебі бұл бұл бүгінгі күннің басты талабы болып саналады. латын әліпбиі әлемдік комуникацияда басындыққа ие. сонымен қатар бұл батыс бастама туркі лақтарымен жақындай түсеміз.
Умбеталиева Айнагуль Дуйсеновна 2017-09-28 10:37:27
Қазақ тілі - өз ана тіліміз екенін ұғынғанымызбен латын әліпбейіне көшу мемлекетіміздің алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өркендеуімізге, жан-жақты дамуымызға үлкен үлесін қосады.біз латын әліпбиіне көше отырып өркениетті елдердің қатарына қосылып дамимыз. латын әліпбиіне көшу біздің болашақ үшін маңызды.
жəй Қазақ 2017-09-14 15:16:13
Нұр Отан партиясының бүткіл аппараты жабылып мақұлдаған екен, жөн делік. Бір ғана "Əттегенайы" Қазақстан халқын Орыс пен Қазаққа, екіге бөліп біреуі Кирилица, екіншісі Латыница пайдаланатыны. Əншейінде біртұтас Қазақстан халқы дейміз, онда неге екі тіл, екі əліпби, білім үшін оқып жатқан Ағылшын тілі, əліпбиі тағы бар. Жағдай жасалсада, халықтың бір бөлігі Мемлекетке атау болған Ұлтты қорсынатын тəрізді. Келешекте бөлек жайылғысы келетін Азаматтар Қазақстанға керекпе, ". . . Орманға қарап ұлыған қасқыр" Мал қорымас.
Кедей қазақ 2017-09-14 14:29:24
"Тойдың болғанынан боладысы қызық" деуші еді. Латын әліпбиіне көшкеннен бұрын көшеміз дегені у- шу туғызып жатыр. Алда әлі сегіз жыл бар, не болды соншама шулап?! «Тұлыпқа мөніреген сиырдай» құр жоба күйіндегі дүниеге босқа алданып отырған қазағым- ай, бәлен жылдан кейін бәлкім болып қалар істі алданыш ету "қашпаған қашардың уызына қарағандай" екен. Оданда халық үшін өзекті мәселерді шешкен жөн ғой. Бүгін дүкенге кіріп көңілім құлазып қайтты. Бағаға не болған, еш себепсіз көтеріліп жатыр. Дүкенші бензин қымбатты, сосын бәрі қымбаттайды деп безірейіп тұр. Ал жалақы әлі жоқ, кімнен қарыз алсам екен, а?!
Че 2017-09-14 14:13:29
Əлемдік өркениетке жемқор дүниеқоңыз алаяқ ченовник министр депутат басшыларды құртып 25 жыл тонағандарын құстыртқанда ғана жетеміз !
Серік 2017-09-14 14:02:36
Уралап жатырмыз ғой. Көп жағдайда соның астында қауіптер мен үміттер қалып қалады. Мұқтардың сөзіне салсақ латын тіліне көшу ағылшынға жаппай көшуді қамтамасыз етеді дейді. Күмәндімін, латынға баяғыда көшкен өзбектер мен түркімендер қазір ағылшынша ағып тұрма ма екен?!. Әрине латынға көшу керек шығар, бірақ сондай дабыраның қажеті қанша. Шетел тілін үйрену үшін алдымен мақсат, жігер және уақыт керек. Орта мен қажеттілік болса тіпті жақсы. Әліпбиді өзгерту шетел тілін автоматты түрде үйрете алмайды.
Батыс көрген қазақ 2017-09-14 09:58:09
Баяғыда-ақ көшуге болатын еді. Бірақ әлі де кеш емес. Жастар қолдап, көпшілік оң баға беріп жатқан кезде көшіп алу керек енді. Латын алфавиті бізге әлемдік өркениетке есік ашады. Міне сол үшін керек бізге латын алфавиті
Мирас 2017-09-14 09:33:10
Латынға көшу керек. Бұл орыс тіліне тәуелділіктен арылтады. Тіліміз тәуелсіз болған кезде 100 процент тәуелсіз боламыз
Gwlim 2017-09-13 14:59:38
Zhalpy aelemning 75% latyn qaripin qoldanady, sol 75%-gh nege qosylmasqa Жалпы әлемнің 75% латын қаріпін қолданады сол 75%-ға неге қосылмасқа
Есен 2017-09-13 13:57:40
Че дұрыс айтасыз.
Че 2017-09-13 13:20:18
Мақалада жағымпаздар трольдар қаптап пікір білдірсе онда халыққа түк пайдасы жоқ кесірі бар деген.
Гарри 2017-09-13 12:30:25
Латын әліпбиіне көшудің мәні мен маңызы аса зор
Параплан 2017-09-13 12:29:09
Латын әріптерін қолдаушылардың саны күн санап көбеюде
гость 2017-09-13 12:28:07
Қазақ тілі үшін жаңғыру болып табылады.
Marat 2017-09-13 12:27:20
бұл да бір рухани жаңғыруға өз үлесін қосатын бағдарлама.
аноним 2017-09-13 12:25:55
Қазақстан өзге елдерден тәжірибе алып, олардың жасаған қателіктерін қайталамауға тырысуы керек.
Ereke 2017-09-13 12:24:40
Керемет жаңалық, латын қәріпіне өтуді қолдаймын.
gudok 2017-09-13 12:24:02
Латын әріптеріне бой сіңдіріп алсақ, ар жағында ағылшын тілін меңгеру де оңай болып қалады.
Samsunk 2017-09-13 12:23:06
Ең бастысы Ө Қ Ә Ү Ұ деген әріптеріміз жоғалып кетпейді екен.
vodenoi 2017-09-13 12:22:21
латын әріптеріне өтіп жатсақ оның пайдасы көп екен!
Nekropolit 2017-09-13 12:21:08
Ең бастысы бұл бастаманы жастарымыз қолдап отыр, осы мені қатты қуантады.
Факе 2017-09-13 11:41:27
Менің ойымша, қоғам, әсіресе жастар жаңашылдықты қабылдап, құптап отыр. Өйткені, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады
Зарина 2017-09-13 11:34:55
Негізінде Нұр Отан партиясымен көптеген түсіндірілу жұмыстары жүргізілетінін барлығымыз білеміз. Өзімнің ұжымыма көп талқылыспен келеді, бұл әрине қуантады. Енді латын әліпбиіне көшу жаңғыруын да халыққа түсіндіресіз деген ойдамын.
Мәдәлі 2017-09-13 11:34:25
Латын әліпбиін қолданатын xалық саны 5 млрд екен. Құдай-ау бүкіл латын көшіп кеткен ғой. Орысқа қарайлайтын шама жоқ. Олардың өздерінің алфавиті бар. Ал бізге әлемдік өркениетке қосылу үшін латынға уөшу керек
Ғабит 2017-09-13 11:32:16
Менің ойымша латын әліпбиіне көшу бүкіләлемдік практикаға баяғыда еңгізіілген. Себебі еліміздің дамуына бар үлесімізді қосуддамыз, сондықтан да мен қолдаймын.
Жанат 2017-09-13 11:31:04
Біраздан бері айтылып жүрген мәселе болатын. Еліміздің латын әліпбиіне өтуі біздің мүмкіндіктерімізді әлемдік тілге бір табан жақындата түседі.
Арайлым 2017-09-13 11:28:30
Ұлттық құндылықтар әрқашан ана тілден бастау алады. Латын әліпбиі қазақ дыбыстарын нақтырақ айқындайды.
Патриот 2017-09-13 11:14:57
Қайран Мұxтар аға ұлт десе оның болашағы десе етігімен су кешетін санаулы жандардың бірісіз ғой. Латын әліпбиіне көшу жай алфавит ауыстыру емес депсіз. Түсінген жанға осы сөздің астарында үлкен мән жатыр ғой. Біз бұл қадаммен ұлттық сананы жаңғыртып әлі күнге орысқа тәуелді болып отырған тілімізді біржола бөліп аламыз. Осыны түсінген жан латын әліпбиін қолдау керек
Жарқын 2017-09-13 11:11:16
Латынға көшуді қалың елге жеткізуді НұрОтан қолға алса, арты жақсы болары анық. Қанша айтсақта бұл партия ел мен билік арасындағы көпір.
Қайрат 2017-09-13 11:09:02
Латын әліпбиіне көшу өте дұрыс бастама. Осы істі халыққа жан-жақты түсіндіруде "Нұр Отан" партиясы өте жақсы жұмыс істеп жатыр. Мұхтар Құл-Мұхаммед білікті де білімді азамат қой. Бұл мәселені халыққа сауатты түсіндіреді деп ойлаймын.
Елдар 2017-09-13 11:08:54
Латын алфавиті өз басыма еш қиындық тудырмайды. Үйрену оңай Саяси партиялар қолдағаны ұнап тұр Жастар да қолдайды
Аружан 2017-09-13 11:08:37
Құл-Мұхаммед қолға алған бастамалар міндетті жүзеге асары анық.
Төре 2017-09-13 11:07:14
Үлкен күшке ие партиялардың бірауыздан латын əліпбиіне өтуді қолдау көңілге қуаныш ұялатады. Бұйырса 5 жылда емес 1 жылда жылдамдатып өтеміз ағайын.

Üzdik materialdar

Ruhani jañğıru

Qanat Äbilqayır. Qarız ben Parız

Abai.kz 10108
Qauip etkennen aytamın

Qazaqstanda jürgen qıtaylar kimge süyenedi? 

N.Qoşamanwlı 18247
Ätteñ...

Wltqa qarsı kez-kelgen azamattı «jarnamalau» kerek

Äkeş Baybatır 31598