Senbi, 21 Qazan 2017
Bilgenge marjan 1333 33 pikir 10 Qazan, 2017 sağat 21:36

Latın älipbiine balama joq!

Latın älipbiine baylanıstı kereğar pikirler aytılıp jatır. Pikirtalas kerek, biraq osı bastamanı is jüzine asıru odan da mañızdı! Bizge qazir naqtı qadam qajet!

Şını kerek, bwl mäsele bizdiñ ötkenimiz ben bolaşağımızdıñ aynası tärizdi. Men biliktiñ qazir jasap jatqan köptegen isterimen kelispeymin, ol jöninde özimniñ oyımdı aşıq bildirip kelemin. Biraq, eki bastamağa tolıq kelisip, qoldap jürmin. Ol - "Ruhani jañğıru", sonıñ işinde latın älipbiine köşu mäseleleri. Ruhani jañğıru degenimiz, "modernizaciya", adam, qoğam öziniñ ömirinde künde, sağat sayın özgeriske dayın bolıp, özgere bilui qajet. Olay bolmasa, tarihtıñ tasasında qalasıñ, uaqıt keñistiginen şığıp, wlt retinde joyılasıñ. Qazaqqa wlt retinde joyılu qajet pe? Joq. Meniñ oyımşa, özderiniñ janı-tänin qazaq dep sezinetin jandar, bwl mäseleni oylanbastan qoldauı qajet. Latın älipbii, bizdiñ düniejüzilik ğılım, jañaşıldıq, ruhani älemine ötuimiz üşin qajet dünie. Düniede bükil halıqtıñ 80 payızı latın ärpine köşip ketken. Ekonomika, nou-hau, ruhani älem osı boyınşa damıp jatır. Osınday auqımdı, bizdiñ bala-şağa üşin özekti mäselege kelgende jauaptı bolıp, "bir jeñnen qol, bir jağadan bas şığarıp" özimizdiñ öremizdi körsetu qajet-aq.

Bireuler bwl igi bastamanı oyınşıqqa aynaldırğısı keledi! Tipti, tağı da kelispeuşilik, keri tartuşılıq basım ba degen oy keldi. Bizge latınğa ötu kerek. Biz üşin emes, bizdiñ bala-şağa üşin. Özimizdi oylamay-aq qoyayıq. Men eşkimge özimniñ oyımdı mäjbürleuden aulaqpın. Biraz uaqıt bwrın bir bauırıma: "Latınnıñ qanday da bir mätini qabıldanğan küni eldiñ aldı bolıp köşemin" dep edim. Sol oyımnan äli tanğan joqpın.

Öz basım täuekelge dayın... Qazaq, bir wlttıñ puşkasınan, pulemetinen qorıqqan joq. Endi latınnan nege qorqıp, seskenip otır? Atam aytuşı edi, "qorıqqan joq, jauap beretin qwralı bolmadı" dep. Tehnika bolmağan. Sol tehnikanıñ jaña älpetine jetu üşin, bizge jaña twrpat qajet. Özimizdiñ twrpat...

Erlan Sairov, sayasattanuşı

Abai.kz

33 pikir
Политолог 2017-10-13 17:54:31
...балама жок? оны ким айтты? Назарбаев па?
Политолог 2017-10-13 17:54:18
...балама жок? оны ким айтты? Назарбаев па?
Дәрібек Тәттімбетов 2017-10-12 21:57:03
Менің ойымша латын әліпбиіне көшу бізді жолсыз соқпаққа салып жіберуімен бірдей. Біріншіден бұл қазақша жасалынып отырған қиянат,өйткені қазақ латынға көшкеннен кейін не болатынын білесіздерме ? Қазақ екіге бөлінеді қаланың шала және жаңа қазағы, екінші топ даланың ,яғни ауылдың қазағы. Қаладағы қазақ мектептері біртіндеп жабылады,себебі қазағым бұрынғыдай баласын орыс мектебіне береді. Себебі көп ата-аналар балаларына сабақ жасауға көмектесе алмайды. Егемендіктің алғашқы жылдары Алматының көптеген қазағы балаларын қазақ мектептеріне беріп кейіін бір жылға жетпей орыс мектебіне берді неге солай істедің сұрағанымда баланың сабағына көмектесе аламдық қыйын болды деп жауап қайырды. Ал енді бір мемлекете екі тіл ,екі әліпби,тағы не ойлап та бар екен. Жақында Мұрат Әуезовтің латын әліпбиін жақтап жазған пікірін ФБ дан оқыдым. Сонда ол кісінің әкесінің латын әліпбиімен жазған шығармасын алпыс жылдан береу бетін ашып оқыдымекен? Осындай жағдайдың қайталабасына кім кепіл. Енді қазыр қолданып жүрген қырық екі әріп кімнің бүйіріне қадалып тұрғанын білмеймін ғалым біткеннің бәрі қарсы болып шыға келді. Бұл әліпбиді өңдеп қалыпқа келтірген Ахмет Байтұрсынов болса ,аяғына жеткізген Мәулен Балақаев . Қазағым бекерге дауырықпайық, ой ойланайық . Егер қатты керек болса Француздың әліпбиін алайық . Латынды қосымша шимай шатақпен қорламай.
Кәкімбек 2017-10-12 12:26:24
Бұл жоба бір дыбысқа бір таңба деген талапқа сай келеді деп өзімізді өзіміз алдаусыратпайық. Мына тоғыз әріп "ә, ғ, и, ң, ө, ш, ч, ү, у" бір әріпке бір үтір тіркесу арқылы тоғыз таңбамен емес, он сегіз таңбамен жазылып тұр! Қосымша белгілер әріп қызметіне жұмсалмауы тиіс. Олар оқуға да, жазуға да оңтайлы емес. Және компьютерлік бағдарламаларда да қиындықтарға душар етеді. Яғни әліпби техникалық талаптарға толық жауап бере алмайды. Сонымен бірге ұлттық әліпби талаптарына да жауап бере алмайды. Қазақтың "у" дыбысының мәніне өзге тілдердегі "w" таңбасы толық сәйкес келіп тұрғанда, оны үтір тіркелген "y" таңбасымен күрделендіру не үшін қажет? "Ш" дыбыс таңбасы да солай. Бұл жерде "ш" дыбысы үшін "с" қолайлы еді. Қосарланған "ч" (тш) дыбысы үшін арнайы әріп белгілеу қазақ әліпбиі үшін мүлде жөнсіз. Қысқасы, бұл нұсқа да қазақ тілі тұрғысынан ғылыми ұстанымдар жемісін емес, әкімшілік нұсқалымдар жеңісін көрсетеді.
Амантай 2017-10-11 22:04:46
Латын әліпбиіне көшу өте маңызды іс. Ел, халық мүддесіне қатысты келелі істе салмақты ой, салиқалы пікір, ұсыныс бірдіргенге не жетсін. Кері тартып, кежеге кергеннен ештеме ұтпасымыз анық. Соңғы жоба сәтті шықты. Айтылып жатқан пікір, ұсыныстарды ескере отырып, әлі жетілдіріп, нақтылау қажет. М: У әрпі W -мен таңбалануы қажет. М: Waqyt . Қазақша Іі әрпінің онсызда ноқаты бар. Оған тағы бір ноқат қосып и,й әрпін жасау өте қонымсыз. Сондықтан Ий-ді Y‘y‘ мен таңбалаған дұрыс. М: Aray’lym. С әрпі басқа әріпте қолданылмағандықтан одан ноқатты алып тастау керек. Ниет, ынта болса кәрі де жаста латын әліпбиін қысқа мерзімде, еш қиындықсыз үйреніп алатынына еш күмән жоқ.Үкімет әліпбиді бекітіп берсін, сол сәтте -ақ ол мыңдаған жеке адамдардың қолданысына еніп кетеді. Аса қажетті осы істі жан-жақты қолдау көрсетейік ағайын!
балым 2017-10-11 19:09:41
ал енді нақты әрі тұрақты түрде осы әліпбиге көшуді мақсат тұтқан екенбіз, шама келсе әр жерден сөз таластырмай, ой бөлісіп, өз ұсыныстарымызды ұсынып көрелік.
шұға 2017-10-11 19:09:25
осы латынмен талай ата баба сауат ашып, хат қалдырды ғой. Орыстардың кириллін қашанғы дәріптейміз, өз әліппиімізге көшелік!
Болат 2017-10-11 19:09:09
Қазіргі таңда бұл бір тренд тақырып болды. Адамның ой өрісін өлшегін келс латын туралы пікірін сұра. 100%ықпал етеді, шын айтамын))
Айдын 2017-10-11 19:08:15
Латын әліпбиіне балама жоқ, есесіне әркімнің ақ бар таласы. Бірақ оның өзі қуантады, қоғамда серпін бар, серпіліс бар.
Арай Жундибаева 2017-10-11 10:40:41
Латын әліпбиі жаңа буын үшін қажет. Латын әліпбиіне өту - біраз жылдарды қажет етуі мүмкін. Дегенмен кирилл әліпбиіне дейін жарық көрген мұраларымызды тануға, түрік тілдес алықтардың басын қосуына тиігзер үлесі мен пайдасы зор.
Қара 2017-10-11 09:47:31
Латынға көшу суға шешінбей түскен немесе қойды бауыздамай санын кесім жегенмен бірдей !
DANA QAZAQ 2017-10-11 09:43:32
https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=kkEmfePshGo
DANA QAZAQ 2017-10-11 08:13:02
СОНДЫКТАН АНА ЖОЛГЫ ОСЫ САЙТТА БОЛГАН ГАЛЫМНЫН НУСКАСЫН КАБЫЛДАУ КЕРЕК.
DANA QAZAQ 2017-10-11 08:02:24
МЕН МЫНАНЫ АБАЙ.КЗ АШЫЛГАНДА ЖАСАГАМ. СЕНБЕСЕНДЕР АРХИВТЫ АШЫНЫЗДАР.
DANA QAZAQ 2017-10-11 08:00:09
1. A --- A 2. Ә --- Ah ah 3. Б --- B 4. В --- V 5. Г --- G 6. Ғ --- Gh gh 7. Д --- D 8. E --- E 9. Ж - J 10. З --- Z 11. И --- U 12. K --- K 13. Қ --- Kh kh 14. Л --- Ll 15. М --- m 16. Н н --- N 17. Ң --- Nh nh 18. O --- O 19. Ө --- Oh oh 20. П --- P 21. Р --- R 22. С --- Ss 23. Т --- t 24. У --- W 25. Ұ --- Yy 26. Ү --- Yh yh 27. Ф --- F 28. Ч --- Ch 29. Ш -- Sh sh 30. Ы – ix 31. і ----- i
DANA QAZAQ 2017-10-11 07:55:52
Суюнбай --Sy’i’y’nbai’,......Гулюм – Gy’li’y’m,.......Уюкбай – Y’i’y’kbai’,........Алия – Ali’i’a,......Ләйлә - La’i’la’,.......КАЗАХСТАНДА БАСПЕН ОЙЛАЙТЫН АДАМ КАЛГАНБА, АЛДЕ БАРI КОТПЕН ОЙЛАЙТЫН БОЛГАНБА. КАЗАХТЫН УТIРЛЕРI КУТТЫ БОЛСЫН.
Адамбыз. 2017-10-11 06:20:11
Ауырып жатырмыз.энергосбытқа барсақ бəрі кабинеттерінің ішіне жылу қосқыш қосып есіктерін жауып алған,біз жылу беретін бе едік деп айғайлайды.
Адамбыз. 2017-10-11 06:16:27
Абай кз-сіздерге өтініш:Алматыдағы пəтерлердегі түнгі суыққа əрі қарай шыдау мүмкін емес,балалар да өзіміз де пуыоып жатырмыз.үкімет осыны біле ме?жылуды табиғатқа ауа райына қарай беру керек қарашада береміз деп "числоны күтіп отырмай,ерінбегендер жылудағы ларды сотқа берсе де мынадай түнгі үй іші темп-на шыдау мүмкін емес.,,көмек сұраймыз.кск-ға айтсақ бізге айту керек емес дейді.мал емеспіз адамбыз қораға қаиадық əрі қарай тері жүндерің жылытат дейтіндей.уат сап ном.болса жазар едік.күндіз мегаға барып балалармен жылынып келеміз,түнде шыдау мүмкін емес, тамақ істейтін газды қосып қоюға мəжбүрлеп отыр бұл жылу бергіштер. Өтінішімізді кімге айтамыз?
Жас қазақ 2017-10-11 00:30:37
Латынға көшу дұрыс мәселе, қазақ ұлт ретінде енді ғана қалыптасуда бұл қадам дәл уақытында болып жатыр, уақыт өтеді осы істін дұрыс болғандығына әлі талай көзіміз жеттеді.
екі жоба, бір миссия 2017-10-11 00:10:29
осындайда болып қалуы ықтимал әртүрлі жағдайаттарды есептей жүру, сақтана жүру артықтық етпейді. өткенде Рахат Мамырбеков бір жазбасында "Таңбаны өзгертеміз деп құр далақтап шапқанменен, "кирилл-тонды" шешу қиын болып тұр" деп қалай тауып айтқан? жариаланған екі жобаны салыстырып бағар болсақ, екеуінеде ортақ бір "миссианың" шеті қылтиады. бұл екеуі де Қазақ жазуының крил дәстүрінен алыстап кетпеуін берік ұстанған екен. олай күманданудағы негізіміз осы жобаның екеуі де "крилицаның көңілін ауыртқылары келмегендігінен" көрініп тұр. бұл жобалардың негізгі миссиасы крилицадағы мәлім елдер латиницаға көшкен жағдайда Қазақ жазуының оның "қолтығына" қайта оралуына дайындық секілді көріне береді. әзіргі жағдайда мұндай "миссианы" өзіміздің адамдарға орындата салу тіптен оңай: біздің даңғойларға "көреген" "әлемдік жарастырушы" "славян және түрік жазуларын латиницаға жобалаушы" ... ... деген сыяақты беcплатно сөздерімен арбайтын болса қазақ тілінің мүддесі адыра қалар. тіпті крил жазуындағы кейбір елдер латын графикасына көшерден бұрын қазақ жазуынан тәжірибе жасамақ болып отырсада қайсы қазақ сезе алар?
Altai' 2017-10-10 23:35:14
Avtordy tolyqtai' qoldai'myn! Qorqatyn tu'gi joq, a'li-aq u'i'renip ketemiz. Alg'a Qazaqstan!
Қанат Атырау 2017-10-10 23:29:22
Жақсы . Түрік, өзбек, әзербайжан латыншасынан айырма бар. Әлі де қарайтын шығар.
Даурен 2017-10-10 23:04:54
Көптің көңілінен шыққандай соңғы нұсқасы. Кейбіреулері посттарын латын қаріптерімен жазыпта үлгерді
Перизат 2017-10-10 23:02:39
Латын әліпбиіне көшу керектігін барлығымыз түсініп жүрміз, тек көз қорқып тұр.
Доп 2017-10-10 22:45:00
Болашақта: Былай қараймын жоқ, былай қараймын жоқ. есектің астына қараймын жоқ. Исчез КИРИЛЛИЦа ахахахахаххахаххахахахахахахахаха
Нить 2017-10-10 22:42:42
Өз сөзіне қарама-қайшы сөйлеп тұрғой
Рога 2017-10-10 22:41:40
Алғашқы латынолог Қазақстанда кім атанады екен?!
Тенгри 2017-10-10 22:38:58
Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ
Щенок 2017-10-10 22:32:37
Сонымен қабылдандыма әлде әлі ойланып жүр ме?!
Коха 2017-10-10 22:29:54
Латын, латын, латыыыынн! Сені аңсадым латыыын)))))
Бақа 2017-10-10 22:28:07
Ағамыздың айтқанына толық келісем
АЛМАС 2017-10-10 21:53:26
ЕШБІР ҚАЗАҚ ПРИНЦИПТІ ТҮРДЕ ЛАТИНИЦАҒА ҚАРСЫ БОП ЖАТҚАН ЖОҚ. МӘСЕЛЕ ӘЛІПБИДІҢ ҚОЛАЙЛЫ НҰСҚАСЫН ІЗДЕСТІРУ. ЕКІНШІ МӘСЕЛЕ ЕЛІМІЗДІҢ ОРЫСТІЛДІ БӨЛІГІНІҢ КРИЛЛИЦАДА ҚАЛУЫНА ЖОЛ БЕРМЕУ. БІР МЕМЛЕКЕТТІҢ АЗАМАТТАРЫ ТЕК БІР ЖАЗУ ГРАФИКАСЫН ПАЙДАЛАНУЫ КЕРЕК
Ulzhan 2017-10-10 21:50:01
Латын әліпбиіне көшуді қолдаймын. Неге десеңіз ол бізге жат емес. Ғалымдар мен биліктегілердің латын әліпбиіне көшу барсында басқа түркі тілдес елдердің жасаған қателіктерін жібермесе екен деген ой да жоқ емес . Өткен айдағы парламентке ұсынған нұсқадан қарағанда кешегі нұсқа тәуірлеу.Бірақазақ əлі де шикілей деп ойлаймын

Üzdik materialdar

Ruhani jañğıru

Qanat Äbilqayır. Qarız ben Parız

Abai.kz 7852
Qauip etkennen aytamın

Qazaqstanda jürgen qıtaylar kimge süyenedi? 

N.Qoşamanwlı 15182
Ätteñ...

Wltqa qarsı kez-kelgen azamattı «jarnamalau» kerek

Äkeş Baybatır 29149