"Адамшылықтың алды махаббат, ғадәләт, сезім...
ғадәләт, махаббат сезімі кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол ғақил". (Қырық бесінші сөзден).
Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Халық санағының қортынды нәтижесі бойынша, қазақтың жанбасы 26,1%-ға өсіп, 10098,6 мыңға жетті. Еліміздегі орыс диаспорасы 15,3%-ға азайып, 3797,0 мың болды.
Айтқыш екен
"Әйелдердің мерекесін сылтау етіп еркектер ішіп кетпесін"

Нұрсұлтан Назарбаев (Ақордада қыз-келіншектерді қабылдау салтанатында айтқаны)

Загрузка

Дәурен Қуат. Апарин қазақ баспасөзінен алапес жасап отыр...

Жәрдемші


«Новое Поколение» газетінің бас редакторы Сергей Апарин деген әріптесіміз Латвияда жарық көретін  «Вести сегодня» газетінің тілшісіне сұхбат беріп Қазақстан туралы, еліміздің ішкі-сыртқы саясаты туралы пікір білдіріп біраз көсіліпті. «Қазақстан Ресейден іргесін аулақ салып Өзбекстанның қателігін қайталағысы келмейді» деп иегін әуелете сөйлеген ол әлгі сұхбатында латыштарға орыстілді журналист арқылы былайша доқ көрсетіп қояды:

-  Сендерге (латыштарды айтады.-ред) біз жақтан (Қазақстанды айтады.-ред) «Путинмен дұрыс болыңдар. Путинмен дұрыс болсаңдар бізбен де әңгімелерің жарасады» деген ым жасалды. Соны ұқтыңдар ма?

Апариннің аузынан шыққан сөздің бәрін тізуге біз соншалықты құлықсызбыз. Өйткені ол Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасына байланысты әңгіме айтатын сарапшы немесе кәнігі саясаткер емес, қазақтың байлығына газет басып, кекірігінен азып жүрген еліміздегі ниеті айнымалы бас редакторлардың әрікеткенде бірі ғана. Әйткенменде оның мына бір сөзін оқырман назарына  ұсынғанды жөн көрдік. Латыш газетінің тілшісімен әңгімесінде  «жаңа буыншыл» бас редактор  «Қазақстанда ақпарат алдымен орыс тілінде тарайды» дей келіп: «Қазақ баспасөзі өзінің ақымақтығынан жазып ел ішіне іріткі салудан өзгені білмейді» , - депті. Сенбесеңіз оқып қараңыз:

"25-30 процентов рынка занимает периодика на госязыке. Но серьезного влияния она не имеет. Во-первых, из-за своей очевидной глупости, которая не идет дальше призывов к межэтнической вражде и шариковских "все отнять и поделить". Во-вторых, несмотря на вкачивание госдотаций, они бедны, менее упакованы и малопрофессиональны... Тираж у бизнес-изданий невелик. Малограмотный у нас народ, как ни крути"

Апариннің айтуынаша, біздің елдің сауаты да кем көрінеді. Сонда ол  әр бетінен қазақ мұнайының исі аңқитын газетін кімдерге әм кімдер үшін шығарып келген?

«Новое Поколениенің»  аспанға түкіріп  асқақтаған бас редакторына бізден бұрын «Караван» газетіндегі әріптесіміз Жанар Қанафина хабарласып, «қазақ баспасөзінің өкілдерін ренжітіп алған жоқсыз ба?» деп сұрақ қойып үлгеріпті. Сөйтсе, Апарин жолдас апиынның «кәйіпінен» айыққандай: «Мен ондай сөз айтқан емеспін», - дейді айран асыр болып.  Қанафина ханым «Ендеше сөзіңізді бұрмалап жеткізген «Вести сегодня» газетін сотқа бересіз бе?» деген сауал қойған екен, ол сұрақтан Апарин жолдас «Жер шалғай ғой» деп сырғытпа жауап беріп құтылыпты.  Апариннің жауабына қанағаттанбаған  Қанафина ханым Апаринмен сұхбаттасқан Марьяна Иванова-Евсеева дейтін «Вести сегодня» газетінің тілшісіне хабраласады. Хабарласып жөнді білген екен, аталған газеттің тілшісі Апариннің айтқанын айна-қатесіз көшіріп алып жария еткенін мәлімдепті. Ал, енді  Апарин қарап қалсын ба,  ақпарат кеңістігіндегі дауды бір жақты етпек ниетпен «...артымен сүңгіп» «Новое Поколениеге» салақұлаш мақала жазып ақталып бағыпты.  Ақталып баққандағы сөздеріне сенсек, бұл жігітіміз бұрынғы «Өркен-Горизонт» газетінен қарақанаттанып ұшыпты. Екі тілге де жүйрік көрінеді. Қазақшадан мақалалар аударған кезде қазақ журналистерінің біліктілігіне тәнтті болыпты.  Осылайша ұзынан шұбатылып кете береді.  Ақырында қазаққа Апариннен адал жанды табу қиынға соғады. Әйткенменде,  «Құдайсыз қурайдың  басы сынбайды».  Апарин аузынан қағынбаса, айдаладағы «Вести сегодня» газетінің тілшісі қазақ баспасөзін әлгіндей етіп янаттамас еді ғой?..  Сыртқа аттап басса сырт пиғылын жасыра алмайтын адамның әйдік газетті басқарып отырғанына осы жайттан кейін құрылтайшылары қалай қарар екен? «Шетел баспасөзін бетімен жіберген» (Н. Назарбаевтың сөзі) құзырлы орындар не дер екен? Көреміз...

Айтпақшы, қазақ баспасөзінен алапес жасаған Апарин жайына қаныққыңыз келсе мына төмендегі сайттарды ашып оқуыңызға әбден болады.

http://www.fenster.lv/rus/media/ves/team/ Латвиялық медиа топтың сайтыhttp://www.np.kz/index.php?newsid=5114 Апариннің ақталуы

http://www.izdatel.kz/2007/12/19/gazeta_novoe_pokolenie_zapustila_novuju_versiju_svoego_sajjta.html Новое поколениенің жаңа сайты

«Абай-ақпарат»

 


 



Құзырлы орындар не десін, Дәурентай-ау!Солардың бейшаралығынан шарасыз болып отырған жоқпыз ба?


Апарин қазақ баспасөзінен алапес жасап отырса, онда оның өзін аластау керек екен? Сұрақ дұрыс қойылған құрылтайшылары мынандай залымды басшы етіп ұстап отырмаулары керек енді.
Жарқын


бйліктегілер орыстарды қолдап отыр бәрібір.


Мен журналист емеспін. Бірақ, қанымның қарайғаны сонша мына Апарин дегенді түтіп тастағым келіп отыр. Сотқа беріңдер оны. Сотқа беруге толық қақыларың бар!

Еркеш


Еркеш мырза, түтіп тастай да сотқа да бере алмайсың. Апариннің айтып отырғаны - толық шындық. Қазақ тілді басылымдардың көбісі - мемлекеттік дотацияда отыр. Неге десең - мемлекеттік саясатты - халық ішіне таратып отыр.Сол үшін олар (мембағыттағы басылымдар) саясаттан бейтарап емес,жалтақтау. Мұның негізгі кінәсы - демократиялық саясаттың жоқтығы.Сенбесеңіз, барлық облыстар мен аудандардағы газеттерді алып қараңыз... Мұндай саясаттың бір ғана бағасы бар - ол момақан қазақ халқын алдарқату. Біз байып алайық сендер ертең қолға аласыңдар деген сымақты.Біз өзіміз ғой мақалдап мәтелдеп, көш жүре түзеледі деген сияқты жұбатқыш келеміз. Бәріне - өзіміз, менталитетіміз кінәлі...


Құрметті ,,Абайлықтар,, мына Апариннің ақталып жазғанын ана ,,Вести сегодняның,, сайтына жіберуге бола ма. Қызық болсын. Аналар оқып көріп не дер екен.


Во-первых, из-за своей очевидной глупости, которая не идет дальше призывов к межэтнической вражде и шариковских "все отнять и поделить". Во-вторых, несмотря на вкачивание госдотаций, они бедны, менее упакованы и малопрофессиональны... Тираж у бизнес-изданий невелик. Малограмотный у нас народ, как ни крути"

Во-первых дегенімен келіспеймін! Дауым бар!
Ал, во-вторых дегенімен толық КЕЛІСЕМІН! Мені Қытай асырып жіберсеңдер де осы сөзін құптаймын. Қазақ тілінде шығатын "либой" газет-жорналдарыңды оқыңдар. Ара-кідік кездесетін жақсы мақалалар бар. Бірақ, шындықты Апарин деген орыс айтып отырғаннан кейін даурығамыз да. Әйтпесе өтірік емес қой! Дәурен де, сүйінші сұрағандай ентігіп!


"Апарин жолдас апиынның «кәйіпінен» айыққандай: «Мен ондай сөз айтқан емеспін», - дейді айран асыр болып".
...........................................................................
Хахахахахаха! Апиын тартпаса да соған ұқсас бірдеңе иіскейтін шығар...


МАскара. Биздик билик нагыз кул. ал кул ешкимди суйе алмайды. орыстардын кулы. Экономиканын дамыган не керек, тилин алашубар, динин анау, Назарбаев не ойлайды тусинбеймин.


Экономиканын дамыганына сенимдисиз бе?....


Дұрыс болған екен, Апариндердің бетіне жел тигізбей еркелетіп еді біздің билік пен қаржылы алпауыттар. Олар былай шыға салып не деп жүр, көрдіңдер ме? Аузынан ақ май ағызсаңдар да Апариндер бәрібір Қазақстанның толық қанды азаматтары бола алмайды.
Төремұрат


"Вести сегоднядан" сұхбатын оқыдым. Мынау өзін қожайын сияқты сезініп керім аңқыпты. Құтырыпты әбден. Байқауымша бұл байқұс өзін бас редактор емес, үлкен саясаткер сияқты ойлайды екен. Құл құтырған заман болды бұл өзі


Бұл жағдайға ҚАЗАҚТЫҢ өзі кінәлі, басқа ешкім емес. "Иесіз үйдің иті осырақ!", деген екен атам ҚАЗАҚ. БАҚ-та Қазақ тілі өз өктемдігін алу керек, сауатты түрде.


"Жаман үйді қонағы билейді."

айкүн


Дұрыс айтасың, бұларды бетімен жіберіп бетпақ етіп отырған өзіміз. Бірақ, "иесіз үйдің иті осырақ" деп қарап отыруға болмайды. Ортамыздан осырған сыйырдай етіп айдап шығуымыз керек. Абайшылдарым, жарайсыңдар. Сыртқа шығып "сырт пиғылын" танытып жүргендерді осылай әшкерелеп отырыңдар!


Қазақ баспасөзі тек ТІЛ!ТІЛ!ТІЛ! деп шырылдайды.Осыдан ойлап қоясын:"осы қазақтар басқа тақырыптағы мақалалар жаза алды ма екен?".Тілді дамытқымыз келсе нақты іс жасайық,сапалы газет шығарайықБіздің Жас Алащ сияқты апиын,наркотик газеттер адам миын шірітіп,билікті жамандаудан басқа ештеңе жасай алмайды!Экономика,мәдениет,саясат т.б.көптеген жақсылықтар болып жатыр ,неге соны жазбасқа!Оларды тек,Назарбаев жаман,анау сондай,мынау мұндай.Ұят Назарбаев бәрін істеп жатыр Қазақ елі үшін,ал аналар түсінбейді!ЕЕее...олар бәрі еск қой,упрямый,әсіресе Атабаев,Шаханов дегендер!Осының барлығына кім кінәлі?Әриен тупой оппозиция!Олар еріншекетер ештеңе істегісі келмейді,тек ЖЫЛАЙДЫ!Біз қазақ баолып қазақ Назарбаевты қолдауымыз керек,басқалар бізге күліп жатыр.Ееееееееееее...сендер түсінбейсіндер ғой,осел-есектер!!!!!!!!

Қазақия


"Егемен Қазақстанды" күндіз-түні басыңа жастанып оқы, сосын азаннан кешке дейін "Хабарды" тыңда. Сонда өзің нағыз "осел-есек" болып шығасың.


Қазақия, сен біреуге ақыл айтқанша қатесіз жазып үйрен. Өзің үшін...

Мазақия


Кезінде Әлихан аталарымыз бастап, басқа зиялылар қоштаған ұлттық мемлекет орнамай, билік басына ұлтжанды азаматтар келмей көрген күніміз осы болады. "Жаман үйді қонағы билейді" демекші, әзірше мұндайларға "Шаңыраққа қара!" деп айтатын адам табылмай тұр.


Мына Апарин дегенді жақсылап тұрып оборотқа алу керек. Қазақ болсақ өзін жұмысынан кеткенге дейін апарып, болмаса газеттеріне бойкот жариялау қажет. Қазақ жерінде тұрып бізді бұлай қорлағаны не масқара!


Сезікті секірер дегендей, уақытың таяндау деймін. Биліктің көлеңкесінде ғана өмірің бар, бейшара. Онсыз сенің жағдайың болмайды-ау деймін. Абыржыма, әйтеуір бір өлім. Алдымен сол Атабаев пен Шахановтың деңгейіне жетіп алшы!


Атабаевка Шахановты тиркемендер..........


Не өрекпіп жатырсыңдар!? Несі қате? Қашан қазақ БАҚ көкейкесті мәселелерді батыл көтерген? Бұтына жіберіп, қорқудан діріл қағып, тек билік түшкірсе жәрәкімәлла айтуға жараудан басқа не көріп тұрмыз? Малмыз, наданбыз, көлеңкесінен қорыққан қорқақпыз... Бізге сол керек. Тек осыны мойындаған жағдайда үміт бар. Ал, біз анаумыз мынаумыз деп сөзбен ора берсек - біттік деген сөз.


Шын сойлеу де ерлик...Рахмет!


"Малмыз" деп маңырап отырған бұл кім өзі? Шырағым, бұл сенің маңырайтын жерің емес! Маңырайтын болсаң басқа жерге барып маңыра. Апариндерге жасалған жағдай, Апариндерге берілген еркіндік, Апариндердің тіліне тиген үстемдік қазақ журналистеріне де берілсінші кімнің кім екенін көрер едік сонда! Осы сайттан Дәулет Асау деген азаматтың "Қазақ баспасөзінің бағын билік байлап отыр" деген мақаласын оқып едім. Сонда көп шындық айтылған. Ашып соны оқы маңырай бермей. Ал, мына мақалада Апариннің арамдығы туралы айтылған екен. Дұрыс айтылғын. Бұларды осылайша әшкере етіп отыру керек.
Еркөкше


Казах журналистери коркак,букпа!Откир маселелерди котеруден коркады,бастарын алып кашады.Биликке жагынуды гана биледи копшилиги....


Aparindiki duris, oitkeni ozimiz osndaidi bositip, kutirtip algamiz, naktirak aitsak, basjaktagilar oris halkina jagatsidi da bizdin halikti snamaidi, Sosin da olar kopiredi arkalanadi, Oiyna kegenin aitadi, Minau basi gana ali talai kazkh ushin jani ashitindardi talai infarkka ushiratatin kezder alda.


Мына Апариндерің өтірік айтып отыр. Өтірігінен ұсталып қалған соң, өзінше тайқып кетейін деген болар. Әлгі журналист қыз келгенде аузйына келгенін айтып, қыртқан болар. Енді міне, түк болмғандай сайрап шықты.


Бұл шовинизмнің бір көрінісі.Біздегі орыстардың көп бөлігінің ішкі ойы қандай екенің осыдан білуге болады.Бұл сепаратизмнің алғашқы қадамы.Бүгін былай деп,ертең басқаны айтады т.с.с.Сондықтан Сергей Апарин деген қазақ азаматы-мысты сотқа беруді талап етемін.


Солай істе, талап ет. Сосын компты жылы жауып журе бер. Есіңе түскенде, еріккен сәттерде қайтадан талап ет! Арасында "Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған" деп әләулетіп қой. Рахат, аңсаааап отыра беред! Түк істеме!Ас үйде отырып алып столды тоқпақта "сотқа беруді талап етемін" деп. Сол кезде істің бәрі бітеді!


Ақиқатын айтқан ғой, қайтсін енді?! Рас қой, қазақы БАҚ-тың босбелбеу екені.


Бір қазақтар қазақы намыстары оянып Апиын шеккен Апаринді сабамақшы, жөн-ақ! Мүмкін болса екібеткейлердің көкесін көрсетіп, өзгеге сабақ ету керек. Бірақ жынды дейін десең сау секілді, сау дейін десең сау сиырдың боғы секілді емес енді бір қазақтар қамшыны тартып алып, құтырғандай өзін-өзі сабауда! "Өзімненде бар!" "Өзіміз оңып тұрған жоқпыз!" "Президенттің артын жалау өнерін меңгере алмағанымыздың сыбағасы!" "Жамандағанды ғана білеміз" -- пай, пай, мәңгүрттер-ай! Қазақия деп ұлы атты ұрыға қоятын заман туды ғой! Сен бауырым қиын күн туса досыңды жауға тыстайтының көрініп-ақ тұр! Ал М.Шахановтарға айтқан сасық сөздерің тек шошқаның аузынан шығатын сөз болғандықтан, осылай қорсылдап, семіріп жүре тұр! Кәпірлерге сен секілді арам азық керек.
-Анахарсис


Биринши Борат пен Ермекти сабап ал!


Әкесін таныту керек


Апарин отирик айтама,шын айтама ози биледи.Сендердин создеринди котинеде кыстырмайды!Биликте ондайларга ауызын аша алмайды.Казахты маскаралап неше турли кино тусирип,таратып жатыргандарга бирдеме айтуга да жараган жок.


Апариннин созинде ащы да болса шындык бар екенин мойындау керек."Сын тузелмей,мин тузелмейди" деген...Кур даурыкпай озимизге сын козбен карайык!


Мал емес Еркөкше мырза, мықты екенсің, батыр екенсің! Кешіре гөр... Ұрықсат бермепті екен саған, еркіндік берілмепті екен саған! Батырлығың бар болсын! Осылай жоғары жақ бергенше күте бер! Мен Апарин-Мапариндерді айтып отырған жоқпын. Мысал үшін, Азаттықтың сайтына бір шығып көрші. Қазақша мен орысша сілтемелерді салыстырып көр - намысқа тиетін мақалалардың өзіне қазақша жағы әжептәуір баяу... Осы, менің айтайын дегенім. Ширақтау болайық та. Жыламаған балаға емшек жоқ...


Осы,"Қазақия" дегеннің айтқанынын жаны бар.Қазақ баспасөзі тар тақырып пен билікті сынаудан басқаны жазуды білмейді.Қазақ болып басқалардың алдында қазақтарды,қазақ билігін боқтаймыз,мәдениетсіз сөздермен.Мал болудан арылу керек.Америкалықтар спонсор болып жатқан оппозицияға ермеу керек,және ашық ауыздардын артынан жүрмеу керек.Назарбаевты қолдап Алға жылжуымыз керек!Бірақ мені түсінетіндеріңе күмәнданамын,"Қазақия" айтқандай есек-оселдарсындар ғой,көбің...

Оптимист


Оптимист, мысалы, Франциядағы (кез-келген "дені дұрыс" елдегі) баспасөз өздеріндегі билікті әр күн сайын жерден алып жерге салып, көзіне көк шыбын үймелетіп, ағаш атқа теріс мінгізіп және ит терісін басына қаптап сынап жатады. Ал билік оған шамданбайды, бұны "жамандау" екен деп ойламайды, әлеуметтік заңдылық деп танып, бәріне де түсіністікпен қарайды. Себебі қоғам сол арқылы дамиды. Қоғамның басқаша дамитын жолы жоқ.
 
Нарық сияқты ғой. Бәсекелестік керек. Бәсекелес болмаса, тауардың сапасы төмендеп, өндіріс құлдыруға ұшырайды. Қоғам да сол сияқты. Оппозициясы жоқ билік - өлген билік. Ал сыннан қорқатын билік - күні әлдеқашан біткен билік.


Сенің атқаның дұрыс.Бірақ олар неге Назарбаевты боқ сөзбен жамандайды!?Бұ шығыс адамына,МҰСЫЛМАНға сай емес қой.Назарбаевқа тарихи тұлға жағынан қарау керек.Мысалға Түркия,АҚШ сияқты елдердің бірінші тұлғалары тарихта қалды,олар бұл тұлғалармен рухтанып ,мықты мемлекеттер құрды.Бірақ Вашингтон мен Ататүріктің жаман жақтары өте көп болған.Біз неге тарихты бұзамыз,марқұм Алтынбек Сәрсенбаев өзі айтқан,пірінші президенттке ерекше тұлға ретінде қарау керек.Мысалға,анау қырғыздарға қарандар,олар өз тарихтарын бұзды,жаңа қырғыз елінің бірінші басшысын ұятқа қалдырды,енді олар жастарын қалай рухпен тәрбиелейді,тарих арқылы.Ал біздің президент шынымен де ел үшін көп еңбек жасады.Саналарың болса түсінетін шығарсындар!

Оптимист


Жарайсыз, Дәурен аға! Апарин қазақ редакторлары, журналистері мен оқырмандарының қысымынан кейін айтқан сөзінен тайқып жатқан сияқты...


Қазақстанда қазақ тілді журналистиканы сыбап, өзін ақылды көрсету үрдісі қалыптасқанына да біраз болды. Басқаны былай қойғанда, осыдан біраз жыл бұрын "Мегаполисте" жарияланып жүрген бір мықты журналист /бақилық боп кетті, атын атамай ақ қоялық/, түкірігі жерге түспей тұрған "Хабардағы" қазақ журналистерін "рынок" деген сөзді "нарық" деп аударғаны үшіне топас деп салағұлаш мақала жазған. Оның ойынша, рыночная экономика - базарлық экономика деп аударылуы керек екен. Егер мұндай кінә орыстілділерге тағылса, сол арнаның заңгерлері өре түре келер еді, ал бұл жағдайда ләм-мим деген ешкім болмады. Апариндер арпылдамау үшін қазандығындағы жарнаманы жартылай болса да, ортайту керек. Сонда көрерміз қаншалықты "упакованый" болатынын.


Олар ежелден шовинистік заһармен ылыққан. Тіпті еден жуушысының өзі де қазақты менсінбейді. Кезінде Алматы шаһарында қоғамдық көлік ішінде бір-бірімізбен қазақша сөйлескенде жаман кемпірлері тиісетін. Әбден басынды ғой. Содан да ғой желтоқсандық көтерілістің бір ұшығы. Одан бері де "Известияның" Ардаев деген шовинист журналисінің үргенін талай көріп естігеміз. Әділеттілік дегеннен мақұрым, иісі мұрындарына барып көрген емес. Елімізде 300 жыл тұрып төрт-ақ пайызы қазақша біледі дегеннен-ақ тұжырымдай беріңіз. Орыс тілді газеттердің қазақ басшылары не қарап отыр? Әй, бірақ солар мәңгүрттеніп кетті ғой...
Бақытжан Тобаяқтан, Астана


Әрине, уақытын қиып оқыған адамға қазақ баспасөзінің берері көп. Терең тақырыптар қозғайды. Бірақ, газеттерде "подача", берілу формасы болар, осы жағы өте ақсап жатыр. Бәрінде емес, әрине. Бұны "Жас алаш", "Айқын", "Алаш айнасы", "Жас қазақ" сынды басылымдар әп-әдемі меңгеріп қалды. Осы Абай.кз те жеңіл оқылады. Ал "қара шаңырақ" деп жүрген байырғы газеттеріміз сірескен мақалалар жариялаудан танбай келеді. Оларға журнал болып басылған дұрыстау болар еді. Мың жерден қажет тақырып дегенмен, жалпы бұқара жұрт газетті үстім-бардым оқиды ғой, сондықтан мақалалар соған ыңғайланып жазылса, оның қабылдануы да басқа болар еді.


Казел, ибаласын шыгару керек Апанастың


Вестидаги сухбаты калай аталады, таба алмай отырмын, окиын деп едим.


Негізінде осындай "ақылсымақ" азаматтардың арқасында мемлекеттер мен қоғамдардың арасында іріткі туады. Латыш мен қазақ етене жақын ұлттар, өйткені ресейден теперіш көрген, отарлық бұғауда болған ұлттар. Сондықтан Апариннің айтып отырғаны екі ұлтқа тиесілі "сыбаға". Елімізде БАҚ болсын, бизнес болсын, азаматтық қоғам болсын екі қазақ және орыс ұлттарының арасында "үндемес" "қоғамдық келісім" бар. Ол бір-бірін келемеждемеу, ар-намысқа тимеу, алыстан силап отыру. Бүгін осы "келісім" принциптері бұзылып отыр. Елімізде жүріп, өзінің қазақ халқына деген азаматтық лебізін шын көңілімен білдіріп жүрген абзал азматтардың бірі менің досым Игорь Шахнович. Кезінде "қазақтарды жамандамаймын, осы жердің иесі осылар" деп "Экспресс-К" газетінен кетіп қалған. Өкінішке орай мұндай азаматтық позициясын еркін білдірген азаматтарды кейін көре алмадым. Менің ойымша қазақ тілді газеттердің деңгейі биік емес, өте биік. Қазақтың мәселесін осы газеттер айтпаса, қазір басқа ешкім болмай отыр. Ерлан Карин қазақ гаеттерін "қазақ партиясы" деп атады және оқтың міріндей дәл тиді. Сондықтан біз "шала бүлінбей" өзіміздің деңгейімізді одан сайын жоғарлата беруіміз керек, жігіттер. "Айқында" Камшат, Айжан. "Түркістанда" Гүлзина,Есенгүл, "Алаш айнасында" бауырым Жаркын, Айнұрлар қазақ мәселесін күннен -күнге өзектендіріп келеді. Оған әрине қуанасың. Анау "апариншілердің" бұл қылығы осы газеттерден қорқа бастаған. Өйткені қаақ газетеріне "нарық" принципі ене бастады, ертең қазақ тілі толыққанды мемлекеттік тіл болса жұмыссыз қалады ғой олар. Сондықтан "белдә бекемге буып" жұмыс істеу керек. Ерлан Саиров.


Ереке, сіз батыл айтатын адамсыз. Қазақ баспасөзі туралы осындай әділ пікірді қашан естиміз деп жүруші едік. Рахмет сізге. Апаринды алып ұратын азамат сіз деп білемін.

Жұлдыз


Адам емес екен, жалпы сондайларды жаксылап турып бир тарбиелеп алып, болмаса кыр асыру керек! ТУРі бар болсын ептыьаймат


Назарбаевты қолдап Алға жылжуымыз керек!Бірақ мені түсінетіндеріңе күмәнданамын,"Қазақия" айтқандай есек-оселдарсындар ғой,көбің...

Оптимист
-------------------
Осы сөзді президенттің тағы бір күйеу баласы жазып отырған жоқ па екен деп күлкім келеді.
Абай атамыз мына сөздерді Қазақиялар мен "Үміткерлерге" айтып отыған көрінеді:
Өзі шошқа өзгені ит деп ойлар,
Сорпа су мен сүйекті сүйдірмекке!
- Жойқын

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

2 + 3 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Наурыз 2010
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930311234

Айлық статистика

<<  >>




zanmedia.kz





muftyat.kz/jaris/