Сейсенбі, 17 Қазан 2017

Айтқыш екен бөліміндегі соңғы мақалалар

26 Ақпан, 2015 сағат 01:52

Нұрлан СӘДІР. «ҚАЙ ЖЕРІНЕН СҮЙЕСІҢ?»

- Саясатты сүйесің бе? - ...Сүйемін. - Қай жерінен сүйесің? - Сен не?! Бетінен сүйемін! Бетінен! - Қай бетіңмен сүйесің?

Администратор 1283 0

17 Ақпан, 2015 сағат 10:02

Нұрлан СӘДІР. ҰҚСАСТЫҚ

- Монша мен сайлаудың ұқсас жері қандай, шеше? - Е, екеуіне де таза адам түспейді ғой.

Администратор 1921 0

6 Ақпан, 2015 сағат 16:11

«Днем 50, ночью 25»

«Ара» журналының Бас редакторы, белгілі сатирик-пародист Көпен Әмірбек шашын қысқартпақ болып шаштаразға келеді. Жаратылысынан әзілге әзір жүретін Көпекең әңгімесінің әлқиссасын қалжыңмен бастайды. Шаштаразшы орыс келіншек те әзілге әзілмен, қалжыңға қалжыңмен жауап қайырып, әңгімелері жарасып қалады. Сөздің реті келген тұста әлгі келіншек Көпенге: – Вам сколько лет? – деп сызылады. Сонда аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермейтін Көпекең ескі әдетіне басып: – Днем 50, ночью 25, – деген екен.

Администратор 1926 0

3 Ақпан, 2015 сағат 14:48

Нұрлан СӘДІР. ПОНТ...

Мемлекеттік понт белгілі бір дәрежеге жеткенде понтеон салына бастайды...

Администратор 1352 0

27 Қаңтар, 2015 сағат 19:04

«…ФБ-ҒА ТІРКЕЛІПТІ»

Амантай қажы ФБ-ға тіркеліпті. Жазбалары төмендегіше болатын шығар: «Екінші әйел алуды қолдайтындар лайк бассын. Қанша екенімізді білейік…» немесе «Аттан, аттан, пәленшеден спам тарап жатыр!!»

Администратор 2235 0

22 Қаңтар, 2015 сағат 15:16

Айдос САРЫМ. ТАРИХТЫ ҚЫСҚАРТПАҒАНЫНА...

Жұрт "Қазақ хандығы туралы 20 сериялы фильм неге 10 серияға дейін қысқарды?" деп дүрлігіп жатыр екен. Өз басым Қазақ хандығының тарихын 550 жылдан 275 жылға дейін қысқартпағанына шүкір деп отырмын.

Абай-Ақпарат 1856 0

18 Қаңтар, 2015 сағат 23:26

Нұрлан СӘДІР. АСЫРЫП АЙТУ

- Осы «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» дегеннен асырып қалай айтуға болады? - «Итіне қалыңдық іздеген заман» деп - Өй, оның қай жері артық?! - Енді, басқа тірліктің бәрі бітіп, итіне қалыңдық іздеуден басқа шаруа қалмаған заманнан артық не болуы мүмкін?

Абай-Ақпарат 1649 0

15 Қаңтар, 2015 сағат 11:28

ҚАЛАЙ... ҚАЛАЙ?

Үстіңдегі көйлегің ала-ай, ала-ай, Бұраң белің майысар қалай-қалай? — деген ән естідім бүгін. «Майысқан бұраң белге» дауым жоқ, «тәбет шақыратын-ақ» өлең жолы. Ал ала-ала көйлек... көкейіме қоныңқырамай тұр. Шынымен ала-ала көйлек керемет «мода» ма, әлде өлең өзбек қызына (бірақ олардың шәйі көйлегін де ала-ала деуге келмейді-ау...) арналған ба?

Абай-Ақпарат 2242 0