Сейсенбі, 17 Қазан 2017

Айтқыш екен бөліміндегі соңғы мақалалар

21 Қараша, 2016 сағат 08:02

Халал жемқор

Халал жемқор параны: - Əйтеуір, шын ниетіңмен беріп жатырсың ба? - деп үш рет сұрап барып алады екен.

Абай-Ақпарат 1255 0

16 Қараша, 2016 сағат 11:31

СУЫҚ

Астаналықтарға өтініш: соғым уақыты келгенін барша қазақ біледі. Дейтұрғанмен тоңазатқыштарыңыздың есіктерін жауып жүрсеңіздер дұрыс болар еді. Басқа жұрттың не кінəсі бар? Қатып өлетін түріміз бар.

Абай-Ақпарат 947 7

14 Қараша, 2016 сағат 08:14

МАГНИТАФОН

Орыс магнитофоны мен жапон магнитофонының әңгімесінен: - Қожайынның саған жаңа кассета әпергені рас па? - Ия рас. - Бір шайнап көрейінші.

Абай-Ақпарат 741 0

28 Қазан, 2016 сағат 13:08

ОРЫСТІЛДІЛЕР ЦИФР ТАНЫМАЙДЫ

Түрік азаматы: - Қазақ теңгесінің бетіндегі жазу неге екі тілде жазылған? «Бес мың теңге» деген соң оның қасына «Пять тысяч» деп жазудың қаншалықты қажеті бар?

Абай-Ақпарат 1758 0

24 Қазан, 2016 сағат 08:55

ТЕЗЕК

Ежелгі Қазақтың "ТЕЗЕК" деп айтатын бір-ақ ауыз сөзін, бүгінгі Қазақтың министр балалары "АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАЛДАРЫНЫҢ ТІРШІЛІК ЕТУ КЕЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСАТЫН ҚАЛДЫҚТАРЫ" - деп атайды екен. Даму деген осы емес пе?

Абай-Ақпарат 948 0

20 Қазан, 2016 сағат 12:02

БАЯН БАТЫР

- Баян батырды білесің бе? - Аха, білем. - Қандай ерлігін білесін? - Ол күйеуін кешірді.

Абай-Ақпарат 870 0

19 Қазан, 2016 сағат 08:14

ЖЫНЫМ КЕЛЕДІ

- Сенің не нәрсеге жының келеді? - Бұрын әрең дегенде ақша тауып дүкенге барғанда «арақ жоқ» дегенде жыным келетін еді. - Қазір ше? - Қазір әрең дегенде дінге бет бұрғанда «аруақ жоқ» дегенде жыным келеді...

Абай-Ақпарат 868 0

14 Қазан, 2016 сағат 08:04

ЖЫНДЫ МА?

Бір қыз ата-анасын жігітімен таныстырып жатыр дейді: - Бұл менің жігітім. Өзі темекі шекпейді, арақ ішпейді, қыздарға қырындамайды, музыка тыңдамайды, спортқа қызықпайды... - Қызым! Мынауың жынды ма əлде салафит пе?

Абай-Ақпарат 1007 0