Сенбі, 23 Қараша 2019
508 1 пікір 6 Қараша, 2019 сағат 14:25

ЕО-дағы АҚШ елшісі: Киевке көмектің тоқтап қалуы Байден ісіне қатысты болуы мүмкін

Былтыр жаз айынан бері тоқтап қалған Украинаға әскери көмектің қайта жаңаруы бұрынғы вице-президент Джо Байданнің ұлы Хантер Байденнің ісін тергеуге байланысты болмақ.

Мұндай ескертуді украин билігіне АҚШ-тың Еуропалық одақтағы елшісі Гордон Сондланд жасаған.

Бірнеше апта бұрын Конгресс тыңдауында сөйлеген Содланд әскери көмектің не себептен тоқтап қалғаны туралы сұраққа нақты жауап бермеген.

Сейсенбі күні жарияланған құжатта елші Конгресс өкілдері алдында 1 қыркүйекте Украина президентінің көмекшісі Андрей Ермакқа "Украина Джо Байденнің ұлына қатысты коррупцияға қатысы бар деген мәлімдеме жасамайынша, әскери көмек болмайтын шығар деп айтқаны жазылған.

Сондланд сөзінде Дональд Трамптың тапсырмасы бойынша украин саясаткерлерін Трамп әкімшілігімен үйлестіріп отырған. Трамптың өзі әскери көмек туралы ештеңе демеген. Тек телефон арқылы "Мен Зеленский дұрыс іс істегенін қалаймын" деген. Сондландтың сөзінше, бұл Хантер Байденнің ісін тергеуді талап етуі жөнінде болуы мүмкін.

Конгресстің Өкілдер палатасының бірнеше комитеті Киевке әскери көмектің тоқтап қалуының себебін іздеп жатыр. Бұл тергеудің соңы президентке импичмент жариялауға негіз болуы мүмкін.

Бұл іске қатысты Конгресске ондаған дипломат пен Трамп әкімшілігінің қызметкерлері жауап берді.

Abai.kz

1 пікір