Жұма, 29 Наурыз 2024
3414 1 пікір 7 Қараша, 2019 сағат 11:56

Қазақстан Oлимпиада ойындарында өз нәтижелерінің ең үздігін көрсетті

Түркияның Чорум қаласында өткен жасөспірімдер олимпиадасында Қазақстан құрамасы 4 орын алды. Жарысқа әлемнің 48 елінен келген үздік командалар қатысты. Қазақстан құрамасы командалық есепте 9 ойынның біреуінде ғана жеңіліп, Әзірбайжан, Өзбекстан және Беларуссиядан ұпай саны бойынша ұтылды.

«Иә, бұл біздің жасөспірімдер құрамасының отандық шахмат тарихындағы ең жақсы нәтижесі, бірақ біз одан да жақсы ойнайтын едік. Тек сәттілік жеткіліксіз болды, - дейді Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушысы Әнуар Исмағамбетов. - Дегенмен, бұл жақсы бастама екеніне сенімдімін, енді бұл жолақтан айырылуға құқығымыз жоқ».

Әр командадан 4 ойыншы қатысты: үш ұл және бір қыз. Қазақстан құрамасынан Қазыбек Нөгербек, Бибісара Асаубаева, Арыстан Исанжулов және Нұрғали Назерке қатысты. Айта кету керек, Бибісара екінші ерлер тақтасында ойнады.

«Бұл Олимпиада өте маңызды болды, - дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко, - жеке жарыста қазақстандықтар 4 медаль жеңіп алды. Қыздар арасында Нұрғали Назерке мен Бибісара Асаубаева 2 және 3-ші орындарды иеленді. Арыстан Исанжулов үшінші тақтада үздік атанды, ал Назерке Нұрғали төртінші тақтада қола жүлдеге ие болды.

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ-гі  Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы құрылды. 2015 жылы Федерация съезінде Ғалымжан Есенов президент, ал Әсет Исекешев қамқоршылар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Қоғамдық бірлестік ФИДЕ Халықаралық шахмат федерациясының(президенті - А.В. Дворкович)  қолдауымен жұмыс істейді.

Қазақстан шахмат федерациясының бас серіктесі - академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры. Қазақстан шахмат федерациясы 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде  аккредиттелген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1570
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3564