Жұма, 29 Наурыз 2024
2224 10 пікір 13 Қараша, 2019 сағат 11:03

Назарбаев Путин-Зеленский кездесуін ұйымдастырғысы келеді

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленский арасында кездесу ұйымдастыруға тырысып жатқанын айтты.

12 қарашада Нұр-Сұлтанда Astana club жиынында Назарбаев Зеленскийдің кездесуге келіскенін, Путиннің бұдан хабардар екенін айтты.

2014 жылы Ресей Қырым түбегін аннексиялап алған соң Мәскеу мен Киев арасы суып кеткен. Кремльдің Украинаның шығысындағы сепаратистерді қолдауы да екі ел арасындағы жағдайды ушықтырып жіберген. Бірақ Ресей «Кремль Донбасс пен Луганскідегі сепаратистерді қолдап отыр» деген айыптауды жоққа шығарады. 2014 жылдан бері Украинаның шығысындағы қақтығыстан 13 мыңнан астам адам қаза тапқан.

«Егер олар (Путин мен Зеленский – ред.) кездесуге бейтарап жер іздесе, мен Қазақстанды ұсынамын» деді Назарбаев.

Нұр-Сұлтандағы жиында Назарбаев Қазақстандағы билік транзиті туралы да сөз етті.

«Билік транзиті жайлы көп сұрайды. [Президенттік] мандатым 2020 жылдың соңында аяқталуы тиіс еді, бірақ мен елімде танымалдығым артқан тұста президенттіктен кеттім. 2015 жылғы сайлауда 96 пайыз дауыс жинадым. [Президенттіктен кеткенімді] халық өкінішпен қабылдағанын білемін» деді ол.

Қазақстанда 30 жылдай президент болған Назарбаев биыл наурызда кенеттен өкілетін тоқтатып, орнына сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаевты қалдырған. Назарбаев президенттіктен кетсе де, «Нұр Отан» партиясының және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде қалып, биліктің бір тармағын ұстап отыр. Елдегі негізгі министрлер мен облыс, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Назарбаевтың келісімімен тағайындалады.

9 маусымда кезектен тыс өткен президент сайлауында Тоқаев жеңімпаз деп танылған. Сайлау күні Қазақстанның бірнеше қаласында халық билікке қарсы наразылыққа шыққан. Наразылар сайлаудың әділетсіздігін айтып, биліктен түбегейлі өзгеріс талап еткен. Сол күні полиция төрт мыңға жуық адамды ұстаған. Ұсталғандардың көбі «бейбіт митинг өткізу заңын бұзды» деп айыпталып, 10-15 күнге қамалған. Кейбірі айыппұл төлеген.

Қоғам белсенділері мен сарапшылар Назарбаевтың толық биліктен кетпегенін, елде қос билік орнағанын жиі айтады. Назарбаев та, Тоқаев та Қазақстанда қос билік жайлы сөзді жоққа шығарады.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1576
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3587