Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 1714 2 пікір 13 Қараша, 2019 сағат 11:05

Боливияның биліктен бас тартқан президенті Мексиканы паналады

Боливияда 10 қарашада биліктен өз еркімен кеткен президент Эво Моралес Мексикаға ұшып шықты. Бұл туралы Мексиканың сыртқы істер министрі Марсело Эбрард твиттерде хабарлады.

Бұның алдында Мексика билігі Моралеске саяси баспана бергенін мәлімдеген. Моралес өміріне қауіп төнді, оған пана беру туралы шешім қудалауға ұшырағандарды жасыру дәстүріне сай қабылданды деді Мексиканың сыртқы істер министрі. Одан бұрын Моралес Мехикодан саяси баспана беруін сұраған.

Боливия президенті Эво Моралес 10 қарашада қызметтен кеткенін жариялады. Моралес елде жаппай наразылық күшейге сәтте осындай шешім қабылдауға мәжбүр болды. Халық 20 қазанда өткен президент сайлауының нәтижесіне наразылық танытты. Жоғарғы сот Моралесті сайлаудың бірінші турында жеңіске жетті деп таныған. Оның басты қарсыласы, бұрынғы журналист Карлос Меса сайлау нәтижесін мойындаудан бас тартып, жақтастарын көшеге шығуға шақырды. Ол сайлаудың екінші турын өткізуді талап етті. Халықтың полициямен қақтығысында үш адам қаза тапты.

Моралес биліктен бас тартқан соң, вице-президент пен парламент палаталарының төрағалары, бірнеше министр, олардың орынбасарлары және губернаторлар қызметтен кетті. Бұған қоса полиция Жоғарғы сот төрағасы Марио Эухенио Чоке мен оның орынбасарын қамауға алды. Оның алдында Боливия полициясы Моралесті ұстауға ордер алғаны белгілі болған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522