Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2452 1 пікір 13 Қараша, 2019 сағат 11:07

Израиль "Ислам жиһады" басшысын зымыранмен атқылап өлтірді

Израиль қорғаныс әскерінің твиттерде хабарлауынша, әскери әуе күштері "Ислам жиһады" ұйымының жоғары лауазымды мүшелерінің үйлерін соққылаған.

Газа Секторында "Ислам жиһадының" басшысы Бахи Әбу әл-Ата өлтірілді делінген твит-хабарламада.

Израиль премьері Биньямин Нетаньяху 12 қарашада өткен брифингте Израиль үкіметі мен әскері он күн бұрын Бахи Әбу әл-Атаның көзін жою туралы шешім қабылдағанын айтты.

Билік әл-Атаны "жүздеген террористік шабуылға" қатысы бар деп айыптады. Израиль әскері жариялаған суреттен содырлардың Газадағы үйі жартылай қирағанын көруге болады. Газа Секторының денсаулық сақтау министрлігі шабуылдан үш палестиналық қаза тауып 18 адам жараланғанын хабарлады.

"Палестинаның ислам жиһады" тобы Израильді жоюды көздейді. Израиль, Еуроодақ, АҚШ және басқа да елдер оны террористік ұйым деп таныған. Израиль сыртқы істер министрлігі бұл ұйымды Иран қаржыландырады деп есептейді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3519