Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2857 1 пікір 14 Қараша, 2019 сағат 11:15

АҚШ пен Түркия президенттері Вашингтонда кездесті

АҚШ пен Түркия америкалық F-35 жойғыш ұшақтары өндірісі жөніндегі бірлескен бағдарламаның болашағын талқылады.

Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні Түркия президенті Режеп Ердоғанмен келіссөздер қорытындысына арналған баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Трамптың айтуынша, F-35 жойғыш ұшақтарының бірлескен өнідірісін жалғастыруға болады.

Ақ үй басшысы келіссөздерде Түркияның Ресейден С-400 зенит-зымыран кешенін сатып алғаны да сөз болған. Трамптың айтуынша, тараптар бұл мәселені талқылауға әзір.

АҚШ президенті Түркиямен сауда әріптестігін дамыту жоспарда бар деп айтты. Екі ел арасындағы сауда айналымы ​20 миллиард долларға жеткен. Сауда көлемін 100 миллиард долларға жеткізуге болатыны айтылды.

Түркияның Сирияның солтүстігінде әскери операция жүргізуіне байланысты екі ел қатынасы суып кеткен еді. Оның алдында Вашингтон Анкараны F-35 ​ өндірісі жөніндегі бағдарламадан шығарып тастаған. Оған Түркияның Ресейден С-400 кешенін сатып алуы себеп болған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525