Жұма, 29 Наурыз 2024
2714 1 пікір 19 Қараша, 2019 сағат 12:52

Ресей Украинаның Керчь бұғазында ұсталған кемелерін қайтарды

Ресей Украинаға 2018 жылы Қырым жағалауында ұсталған кемелерін қайтарды. Бұл туралы ТАСС Ресейдің сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Министрлік бұл кемелер шекараны заңсыз кесуге қатысты қылмыстық істе заттай айғақ болғанын мәлімдеді. Кемелер қажетті тергеу амалдары аяқталған соң қайтарылған.

Бұның алдында Украина президентінің көмекшісі ​Андрей Ермак кемелерді елге қайтару жұмысы аяқталғанын хабарлаған. Кемелердегі қару-жарақ Ресейде қалады.

2018 жылы 25 қазанда Ресей шекарашылары Керчь бұғазы арқылы Азов теңізіне өткісі келген украин кемелерін ұстады. Ондағы 24 теңізші қамауға алынды. Киев Ресейдің бұл әрекетін "шабуыл әрекеті" деп бағалады. Украина ұстанымын АҚШ, НАТО, БҰҰ және Еуроодақ қолдады. Ресей ұсталғандарды шекара бұзды деп айыптады. Олар алты жылға түрмеге қамалуы мүмкін еді.

Биыл қыркүйек айында теңізшілер Украинаға оралды. Киев пен Мәскеу сол кезде тұтқын алмасқан.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563