Жұма, 29 Наурыз 2024
3458 0 пікір 19 Қараша, 2019 сағат 13:13

Ержан Максим 10-шы болып өнер көрсетеді⠀⠀⠀

18 қараша күні Польшада Балалар Евровидениесінің ашылу салтанаты өтті. Қазақстанның өкілі нөмірі 10-шы болып өнер көрсететін болды. Ержан «Арманыңнан қалма!»  деп аталатын әнін  Уэльс қатысушысынан  кейін орындайды.

Айта кетейік, байқаудың ақтық мәресі 24 қарашада өтеді. Қазақстандықтар оны тікелей эфирде, «Хабар» телеарнасынан 21.00-де тамашалай алады.

Ереже бойынша, жеңімпазды телекөрермендердің дауыс беру нәтижесі мен  құрамына үшеуі ересек және екеуі балалардан құралған  5 адам,  байқауға қатысушы елдердің төрешілері анықтайды.

Қазақстандықтар тек қана Ержанға ғана емес, сонымен қатар өздеріне ұнаған өзге елдердің қатысушыларына дауыс беру мүмкіндігіне ие. Көрермендердің дауыс беруі  junioreurovision.tv сайтында байқаудың финалына дейін 23-24 қараша күндері өтеді. Дауыс беру аяқталғаннан кейін, көрермендердің  өз сүйікті әншілеріне дауыс берулеріне тағы да 15 минут уақыттары болады.

Байқау бойынша және дауыс беру ережесі бойынша толығырақ төмендегі сілтемеден білуге болады:

https://jevision.khabar.kz/ru/

Анықтама үшін:

  • Ересектер «Евровидениесінен» айырмашылығы келесі байқауды ұйымдастыру құқы жеңімпазға берілмейді.
  • Ересектер «Евровидениесінен» тағы бір айырмашылығы, балалар конкурсына қатысушы елдердің орындаушыларына  өз елдерінің өкілдерін қолдауға рұқсаттары бар.  Ол үшін (junioreurovision.tv) ресми сайтында  дауыс беруге болады. Онлайн дауыс берудің бірінші сатысы 23 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 01.00-ден бастап 24 қараша күні сағат 20.59-ға дейін жалғасады. Онлайн дауыс берудің екінші сатысы ән орындалғаннан кейін басталады және 15 минутқа ғана созылады.
  • Қазақстан 2019 жылдың 24 қарашасында Гливице қаласы, Польшада өтетін халықаралық «Junior Eurovision Song Contest» ән байқауына екінші рет қатысады. 9 жастан бастап 14 жасқа дейінгі орындаушылар қатысатын «Eurovision» аналогында елімізді Ержан Максим таныстырады. Қазақстанның аумағында байқауды «Хабар» телеарнасы трансляциялайтын болады. «Хабар» Агенттігі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап іс-шараны ұйымдастыратын Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) қауымдасқан мүшесі болып табылады, бұл мүшелік аталған байқауға қатысу үшін елден үміткер ұсынуға мүмкіндік берді.
  • Былтыр Қазақстанды ән байқауда Данелия Тулешова таныстырды.  Көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша,  ол үшінші орынға ие болды. Көрермендер мен төрешілердің дауыс беру нәтижесі бойынша жас әнші алтыншы орынды иемденді.
  • Junior Eurovision байқауының шарты бойынша, финалда қатысушылар еш жерде жарияланбаған  ұзақтығы 2 минут 45 секундтан 3 минутқа дейінгі композицияны табиғи дауыста орындауы қажет. Жеңімпаз қазылар алқасы мен қатысушы мемлекеттердің дауыс беруі арқылы анықталады. Қазылар алқасына 5 адам кіреді – 3 ересек және 2 бала. Ересектер «Евровидениесінен» айырмашылығы келесі байқауды ұйымдастыру құқы жеңімпазға берілмейді, бұл жас орындаушыларға артық қысым болмауы үшін істелген шара. Байқау ұйымдастырушыларын алдын ала Еуропалық хабар тарату одағы  (EBU) анықтайды.
  •   Алғаш рет «Junior Eurovision Song Contest» 2003 жылы Копенгаген (Дания) қаласында 16 мемлекеттің қатысуымен өткен болатын. Ал телекөрермендердің және қазылар алқасының ортақ шешімімен жеңімпазды анықтау 2008 жылдан бастап мүмкін болды, оған дейін дауыс беру көрсетілім кезінде көрермендермен жүзеге асқан еді. 2007 және 2008 жылдардағы  дауыс беруден түскен пайда «UNICEF» жолданды».
  •   10 қазан күні Ержан Максимнің «Арманыңан қалма!» («Don’t forsake your dream») деп аталатын әнінің тұсау кесері өтті. Әннің авторлары - Хамит Шанғалиев, Данияр Алдабергенов және  Тимур Балымбетов. Сондай-ақ, дәл осы күні конкурстық әнге таспаланған бейнебаянының  да  ресми тұсау кесері болды. Бейнебаянның режиссері – Александр Фломбойм, продюсері – Сергий Руцкий. Түсірілім жұмыстары Алматы қаласында жүргізілген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2269
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3582