Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3976 2 пікір 20 Қараша, 2019 сағат 10:34

«Көркемсөз оқу шеберлері» конкурсы қорытындыланды

Алматы қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы 2019 жылдың 15 қараша күні Бостандық ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 2/163 «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында және Орталықтың 2019 жылға арналған жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, талантты жастар арасында «Көркемсөз оқу шеберлері»  қалалық конкурсын өткізді.

Конкурс төмендегідей кезеңдер бойынша өткізілді:

1. Прозалық шығарма оқу;

2. Поэзиялық шығарма оқу;

3. Драмалық шығарма оқу.

Конкурс қортындысы бойынша өзгелерден дара көрінген Алмалы ауданы атынан шыққан Искаков Ержан Ерланұлы бас жүлдемен (200 000 теңге) марапатталса, 1 орынды Жетісу ауданынан Әбдіхан Абзал Даниярұлы (150 000 теңге), 2 орынды Бостандық ауданынан Шүкіман Ілияс Еркінұлы (100 000 теңге), 3 орынды Жетісу ауданынан Әбділда Махамбетәлі Амантайұлы (70 000 теңге) қанжығасына байлады.

Ал «Мәнерлі сөз» номинациясына Медеу ауданынан шыққан Бодаубек Айкүн Айбатқызы (35 000 теңге), «Мағыналы сөз» номинациясына Түрксіб ауданынан Сағатбек Айбек Әбуұлы (35 000 теңге) ие болды. Оқ бойы оза шапқандардың қатарын Бостандық ауданынан Зәкенов Қуандық Қайратұлы (30 000 теңге) мен Алатау ауданы атынан шыққан Тәттібек Индира Рүстембайқызы (30 000 теңге) ынталандыру сыйлығымен толтырды.

Одан өзге Нұғман Нұрғали Мұратұлы, Яркүл Айгүл Еркінбекқызы, Жанғабоев Нұрбек Серикбойұлы, Қасым Дүйсехан Анарбайұлы, Мырзакелді Еркемай, Елдар Нұрсұлтан Ғалымұлы, Ибрахим Еркебұлан Ибрахимұлы, Таңат Ақнұр Ерғалиқызы, Амангелдіұлы Ғалым,  Сағымданова Гүлден Ақансеріқызы, Зарипов Бейбарыс Бердібекұлы алғыс хаттар иеленді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3532