Жұма, 29 Наурыз 2024
Әне, көрдің бе? 4105 37 пікір 21 Қараша, 2019 сағат 12:03

Украин халқының 82 пайызы «Голодоморды» геноцид деп таниды

«Рейтинг» жүргізген сауалнамаға қатысқан украиндардың тек 11%-ы «Голодомор» - бұл 1932-1933 жылдардағы украин халқының геноциді» деген тезисті қолдамайды. Ал жалпы респонденттердің 82%-ы «Голодоморды» украин халқының геноциді деп санайтынын білдірген.  

«Жоғарыдағы тезисті қолдамайтындар 11%. Ал тағы 7%-ға жуық респондент өз шешімдерін нақтылай алмаған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл тұжырыммен келіспейтіндер саны аз ғана артты», делінген хабарламада.

Украинаның батысындағы респонденттердің 95%-ы, орталықтағы респонденттердің 87%-ы, оңтүстіктегілердің 72%-ы және шығыстықтардың 61%-ы «Голодоморды» геноцид деп санайды.

«Село тұрғындары бұл тезисті қала тұрғындарына қарағанда біршама мақұлдайды. Ал, жас және білім тұрғысынан бұл мәселеге қатысты айтарлықтай айырмашылық жоқ. Сонымен бірге КСРО-ның құлауына өкінетіндер бұл тұжырымды онша қолдамайды. Соған қарамастан, бұл санатта да «Голодоморды» геноцид деп санайтындар баршылық», депті рейтинг түзушілер.

Сондай-ақ, респонденттердің 73%-ы биыл «Голодомор» құрбандарын еске алу күні шам жағуға ниетті. 20% мұны жасамайтындықтарын айтқан.

Сауалнама 29 қазан мен 4 қараша аралығында бетпе-бет пікірлесі әдісін қолдану арқылы жүргізілген. Оған 18 жастан асқан 3 мың респондент қатысқан. Зерттеу жұмысының қателіктері 1,8%-дан аспайды.

Украинада 1932-1933 жылдарда КСРО үкіметі жаппай жасанды ашаршылық ұйымдастырып, Украин Кеңес Социалистік Республикасының территориясындағы селолық жерлерде миллиондаған адамдардың өмірін қиған украин халқының геноцидтік әрекеті ретінде қарастырылады.

Украинада «Голодомор» құрбандарын еске алу күні қарашаның төртінші сенбісінде атап өтіледі.

2016 жылы Украинаның Жоғары Радасы демократиялық елдерге үндеу тастады. 1932-1933 жылдардағы «Голодоморды» украин халқының геноциді деп тануды сұрады. Украинаның СІМ сайтында хабарланғандай, бүгінгі күнге дейін әлемнің 24 мемлекеті «Голодоморды» украин халқының геноциді деп таныды.

Керімсал Жұбатқанов,

Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты.

Тақырыпқа тұздық: 1932-33 жылдардағы Советтік билік қасақана ұйымдастырған ашаршылықты 2006 жылы Украина парламенті, Радасы «украин халқына жасалған геноцид» деп бағалады. Одан кейін, «Голодоморды» 2008 жылы Еуропарламент «адамзатқа қарсы жасалған қылмыс» деп таныды.

Дәл сол жылдары ашаршылық қазақта да болды. Қазақ даласында аштықтан қырылғандардың саны тарихшылар арасында әртүрлі айтылады. Кей тарихшылар 2 миллионнан көп десе, енді біреулері 1 миллион мен 2 миллионның арасында дейді. Тағы 1,5 миллионға жуық қазақ жер ауды. Босып кетті. Алайда, әлі күнге дейін сол қасірет туралы елішілік деңгейде айтылып жүрсе де, Халықаралық масщтабта оған саяси баға берілген жоқ. Неге?

Abai.kz

37 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3558