Жұма, 29 Наурыз 2024
Аңыз Абай 7909 0 пікір 3 Желтоқсан, 2019 сағат 06:56

«Ұлы даланың ұлы ақыны - Абай!» атты іс-шара өтті 

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын Республика көлемінде атап өту туралы Жарлығы биыл 2019 жылы 30 мамырда бекітілді. Аталған құжатқа сәйкес, келесі 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы тойланады.    

Жуырда Ұлы Абайдың туған күніне орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100   кітап» жобасы негізінде шетелдік студенттерге арналған дәстүрлі «Ұлы даланың ұлы ақыны - Абай! (Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы)» атты ашық тәрбиелік іс-шарасын өткізді. Айтулы іс-шараға кафедра оқытушылары мен осы кафедрада білім алып жүрген әлемнің Қытай, Корея, Жапония, АҚШ, Испания, Дания, Иран, Австралия, Түркия елдерінен келген шетелдік студенттер қатысты.   

Бұл іс-шараны өткізудегі кафедраның мақсаты Ұлы ақын - Абайды, сонымен қатар еліміздегі заманауи қазақстандық ұлттық мəдениетті əлемге таныту, қасиетті рухани құндылықтарды шетелдік азаматтарға кеңінен таныстыру болды. 

Жиында сөз алған кафедра оқытушысы Т. Курманова қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл Абай Құнанбаевтың өмірі туралы кеңінен мәлімет беріп, шығармашылығына жалпы шолу жасады. 

Шараны оқытушылар А. Саденова, Л. Торохтий, А. Ахмедовалар дайындаған шетелдік студенттердің үш тілдегі Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби монтажы жалғастырды. 

Студенттер Абай шығармаларының танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болғаны туралы мәліметтермен танысты. Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде көптеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар, бұл шетелдік студенттер Абай өлеңдері мен қара сөзінен үзінділер оқып, Абайдың "Көзімнің қарасы", "Сегіз аяқ" әндерін нақышына келтіріп орындап, аталған іс-шараға арнайы ұйымдастырылған шағын қойылымға қатыса отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін көрсете білді.

«Ұлы даланың ұлы ақыны - Абай! (Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы)» атты ашық тәрбиелік іс-шара шетелдік студенттердің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті, сонымен қатар бұл маңызды іс-шара студенттерді Қазақстанның тілін, тарихын және мәдениетін құрметтеуге үйретуде өз үлесін қосты деп санауға болады.

А.Е. Саденова., Д.С. Толмачева., Е.Р. Игнатова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының оқытушылары

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3595