Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3118 0 пікір 5 Желтоқсан, 2019 сағат 11:08

RFE/RL: "шетел агенттері" заңы журналистер қауіпсіздігіне қауіп төндіреді

"Шетел агенттері" туралы Ресейде қабылданған жаңа заң "Азат Еуропа / Азаттық радиосымен жұмыс істейтін жүздеген журналистерге қысымды күшейтеді.

Осылай деп RFE / RL президенті Джейми Флай мәлімдеді. Заң тілшілерге қарсы бағытталған деп атап өтті Флай.

"Жаңа заң журналистердің үнін өшіруге және оқырмандарды еркін ақпарат алу құқығынан айыруға бағытталған" деп атап өтті Флай.

Азаттықтың Мәскеуде бюросы бар және Ресейдің барлық аймағында тілшілері жұмыс істейді. Соңғы жылдары Азаттықтың орыс қызметі Север.Реалии и Сибирь деген жаңа жоба ашқан. Реалии – Ресейдің сібір және солтүстік өлкесі өмірі жайында материалдар әзірлейді.

2 желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путин шетелдік агенттер болуы мүмкін бұқаралық ақпарат құралдары тізімін кеңейткен. Онда шетелдік ұйымдардан немесе компаниялардан ақша алатын жеке тұлғаларды да "шетел агенті" ретінде қабылдайтыны көрсетілген.

Адам құқықтарын және журналистерді қорғайтын халықаралық ұйымдар Ресейді бұл заңды қабылдамауға шақырған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3518