Жұма, 29 Наурыз 2024
3313 0 пікір 11 Желтоқсан, 2019 сағат 11:05

Ердоған "Вагнер ЖӘК" үлгісі бойынша Ливияға әскер жіберу мүмкіндігін айтты

Түркия президенті Режеп Ердоған Ливияға ресейлік "Вагнер жекеменшік әскери компаниясы" үлгісі секілді әскер жіберу мүмкіндігін мәлімдеді. Бұл жөнінде BBC хабарлады.

"Ливияға әскер жіберу туралы мәселен, Ресейдің жеке әскери компаниясы сол жаққа сарбаздарын жіберді. Егер Ливия сұрау салса, біз де әскери қауіпсіздік туралы келісімнен кейін жібереміз", - деді Ердоған.

Ливияда 2011 жылы диктатор Муаммара Каддафиді қызметінен кетіргеннен кейін, азаматтық соғыс жалғасып жатыр. Оның астанасы Триполиді халықаралық қауымдастық мойындаған генерал Халиф Хафтардың ұлттық армиясының әскері бақылауда ұстап тұр.

Дереккөздің мәліметінше, Ресейдің "Вагнер жекеменшік әскери компаниясының" жасақтары Хафтар жағында соғысып жүр. Жасақтың бірнеше сарбазы қаза тапқаны хабарланды. Бірақ Ресей әлі күнге дейін Ливиядағы соғысқа қатысын теріске шығарып келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1579
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606