Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3941 0 пікір 12 Желтоқсан, 2019 сағат 10:37

Мемлекет басшысы Әли Бектаевты қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады.

Кездесу барысында Әли Бектаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа партия мүшелерінің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мен Президенттік кадр резервін құру, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі бастамаларды толық қолдайтынын айтты.

Сондай-ақ, еліміздің ауыл шаруашылығы саласына қаржылық қолдау көрсету мәселесі көтерілді. Атап айтқанда, Әли Бектаев бұл саладағы жүйелі қаржыландыру үдерісін реформалауға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Партия басшысы Президенттің ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, егістік алқаптарын нақты іспен айналысатын шаруаларға беру туралы тапсырмаларының өте өзекті екеніне тоқталды.

Мемлекет басшысына «Ауыл» партиясының ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамыту, шалғай елді мекендерді өркендету мәселелеріне қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3524