Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2766 0 пікір 18 Мамыр, 2009 сағат 06:14

Пиросмани. Ван Гогтың грузин бауыры

Әдебиетке Шота Руставели мен Сулхан-Саба Орбелианилерді берген грузин халқы талантты қылқалам шеберлеріне де кенде болған емес. Солардың бірі әйгілі Винсент Ван Гогпен тағдыры да, творчествосы да ұқсас, табиғи дарынын әлем мойындаған Никколо Пиросмани болып табылады.
Шаруа отбасынан шыққан, еш жерде арнайы дәріс алмай-ақ, сурет салуды шайханалар мен дүкендерді безендіруден бастаған Пиросмани тағдыры сурет өнеріндегі ғажайып тағдырлардың бірі.
Эстонияның орыс театры суретші-драматург Вадим Коростылевтің (1923-1997) Пиросмани  өмірі туралы пьесасын көрермендер назарына ұсынуды жоспарлап отырған көрінеді. Өнерде шекара жоқ деген осы болса керек.

0 пікір