Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Қазақтың тілі 4790 4 пікір 6 Қаңтар, 2020 сағат 15:47

Қатені түзейтін кез келді...

Тышқан жылы «қазіргі қазақ тілінің есіктегі басын төрге сүйерей ала ма?» деген сауалды алдымызға тартып отыр. Иә, жаңа жыл қазақ тілінің бағын аспандатын жыл болсын деп тілейік!

1980 жылдардың ортан белінде әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ оқыған студент кезімізде Африкадан келген француз тілді жігіт пен қыздардың 6 ай ішінде орысша сайрап шыққанын көріп таң қалатынбыз. Тәуелсіздік алған кезде «1-2 жылда орыс тілділер қазақша сөйлеп шыға келеді!?» деген тәтті арман құшағында болдық. 

Орыс тілді қандастарымыз бен өзге ұлттан шыққан отандастарымыздың балабақшадан бері мемлекеттік тілді оқып жүрсе де, неліктен қазақ тілін үйренбеуіне қатысты проблеманы көтерген “Время” басылымының тілшісі Ксения Евдокименконың “Работа над ошибками” атты мақаласында “Егер біз тәуелсіздіктің 29 жылында мектеп шәкірттерінің тілін қазақша шығара алмасақ, онда ондай оқулықтарды лақтырып тастап, жаңасын жазу керек” деген өзекті мәселені көтерді.

Енді осы мақаланы Abai.kz оқырмандарына аударып ұсынып отырмыз.

56 жыл ғұмырын қазақ тілінен сабақ беруге арнаған педагог, репетитор, өзіндік әдістеменің авторы Әлмаханбет Төреханов: “Оқулықты жыл сайын бір қатесі екіншісіне ұластатын көбедей көп әдістемелік оқу құралдарын топырлатып әм жарыса шығаратын ғылыми атақтары бар кабинеттік атжалмандар емес, өмірі орыс тілді баланың басы-қасында жүрген тәжірибелі ұстаздар жазуы керек” деп санайды.

- Бір кездері мен керек десеңіз тіл туралы комитетте жұмыс та істедім, - деп күліп алды тілтанушы. Жұрттың бәрі мені елемеді десем де болады, олар сияқты менде ғылыми атақ-дәреже жоқ, бар болғаны тәжірибенің ғана иегерімін. Бірақ, осы комитеттен кетер-кеткенше, көптеген жанды қазақша таза сөйлеп, қатесіз жаза білуге үйретіп үлгердім. Сол қомитет дәл қазір де ешкімнің тілін сындырмай, сол ғылыми шекпенділерге толы таз-кепеш қалпында.

Әлмаханбет аға бір жылы бойы қолда бар ең ескі және жаңғырған бағдарламалар бойынша жазылған қазақ тілі оқулықтарына сараптау жасады. Олармен білім алып жатқан шәкірттерді сөзге тартып, сабақтардың қалай өтетініне көз жүгірткен шағында. Шынымен төбе шашы тік тұрыпты.

- Қазір қолданылып жүрген оқулықтардың ішіндегі ең сорлысы – 6 сыныпқа арналғаны. Ол тек қана қазақ тілін жете меңгерген және үйінде қазақ тілінде сөйлейтін шәкірттерге ғана лайық. Жыл сайын жаңадан шығып жатқан жетілген оқуылықтар бұрынғы ескі бағдарламаларда жіберілген қателіктерді айна-қатесіз қайталайды. Оларда шектен тыс материал беріліп, тілді бірте-бірте үйретуден алшақтап, толыққанды ақпарат ұсынбайды. Мәселен, мағынасы түсінікті емес көптеген жаңа сөздер ұшырасады. Ал, егер шәкірт сөздің мағынасын ұқпайтын болса, онда ол қалай берілген тапсырманы орындап шығады? Тіл дамытуға жаттықтыру мүлдем мардымсыз, бала білімін іс жүзінде қолдана алуы мүлдем ескерілмеген.  

2017 жылғы екінші сыныпқа арналған “ҚАЗАҚ ТІЛІ БАЛАПАН” оқулығына қатысты сөз етер болсақ, онда бір ауыз орыс сөзі жоқ, осы сөздердің орысша аудармасы емге ұшыраспайды. Оқушылардың мүлдем аз сөйлейтінін: жаз - “напиши”, боя - “раскрась”, қай сөз сәйкес келеді? - “какое слово соответствует?” немесе сәйкестендір - “найди соответствие” дегеннен-ақ аңғарамыз. Бұндай тапсырма түрі ауызша жауап беру үлгісін қарастырмай, тек сызықпен таңбалау, желімше жапсыру, дұрыс нұсқаны таңдаудың соңында кеткендікті танытады. Қалай десек те, тіл үйретудің басты мақсаты ауызын буған өгіздей іс-әрекетке жегу емес, сөйлей білуге үйрету емес пе!?

Немесе мына бір тапсырманы алайықшы мәтіннің жанрын айыр дейді де, алдымызға 49 сөзден тұратын мәтінді тартады. Онның құрамында не жоқ дейсің: ертегіде қолданылатын естістің шақтары, басқада граматикалық формалар, ал бұл формаларды орыс мектебінің екінші сынып оқушысы түгіл, қаланың қазақ мектептерінің шәкірттері де әрең ұғынады. Бір сөзбен айтқанда оқуға берілген мәтін баланың жас ерекшелігіне сай келмейді. Үнемі жадыда ұстауға тиіс тілдік ерекшелік тарс естен шығарылып отырады. 

Мысалға, қазақ тілінде жіктеу формасы өте жиі қолданылады. Мен өз шәкірттеріме: «Сіздерде бәрі жекешеленген// У нас все приватизировано» деп жымия сөз етемін. Бұл мәселе оларда назардан мүлдем тыс қалған. Барлық оқулықтар шектен тыс көп сөзділікпен қойыртпақтанған. Баланың тілі сынып, қазақша сөйлеуі үшін, бұндай көбедей-көп көбік сөздің еш керегі де жоқ! Бұған керісінше сөздер мен тапсырмалардың аудармаларына орын аз тиген. Бала оны ұғыныу үшін не өз бетімен сөздіктерді қопарыстырады не болсаса, ата-анасының көмегіне жүгінеді. Бәлікім, тап осындай тәсіл өзін ақтар еді, егер бұрынғы оқыған материалдары өз септігін тигізер болса. Біздің көзге ұрып тұрғаны жағдаяттың мүлде олай еместігі. Бағдарлама жыл сайын күрделену үстіне күрделене түсіп, бала тілді білмек түгіл, екі сөздің басын қосып айта алмайтын болып қалады. Демек, жүйе жұмыс істемейді. Әрбір жаңа буын оқулығы алдыңғысының қателігін қайталап жарық көреді. Сол бұрынғы тақырыптың ауырлығы,  сөздіктің жоқтығы немесе сөздіктің жартыкештігі. Егер ағымнан жарылып шынымды айтатын болсам, тап осындай оқулықпен балалар қалай оқып жүр екен!? Шындығында 28 жылғы тәуелсіздіктен бері мемлекет тілді міндетті түрде аптасын бірінеше рет балабақшадан бастап оқытып келе жатсақ та, бүгінгі өскелең ұрпақ қазақша ләм-им дей алмайды. Бәлкім бұл мектептің қателігі емес те шығар?! 

Қазақстан тарихын мемлекеттік тілде оқып үйрену дегеніміз – формализмнің жарқын мысалы. Оқушылармен аралас-құралас жүргендіктен барлығына “Арнайы терминдерге толы кере-қарыс тарих оқулығынан не үйрендіңдер?” деп сауал қойған шағымда. Бәрі бір ауыздан: “Сабақ орыс тілінде өтеді, қолда бар оқулықтың беті бір ашылмайды. Біз онда не жазылғанын ежіктеп әрең оқимыз” деп жауап береді.  Оны түсіну мен қазақша мазмұндап айтып беру турасында сөз қозғамай-ақ қоялық!? Бізге сонда бұндай көзбояушылық неге керек, өзі! Мен орыс мектептеріне қазақ әдебиетін оқытуды жөн деп санамайтын жанмын. Әуелі, адамдар сөйлеп, оқып, біреудің айтқандарын ұғып үйреніп алсын, одан кейін керек қылса, Абай, Әуезовті бізден сұрамай, өздері де тұпнұсқадан оқитын болады. Шәкірттерді әдебиет және саясат-тарихпен бастарын қатырудың еш қажеті жоқ. Сөйлеуге үйретуіміз керек. Ал, бұл дегеніңіз мүлдем басқа міндет: сөйлем үлгісін пайымдатып, негізгі қағидаттарын ұғынтып, бұрынғы қалыптасқан дағдысын есінен мәңгіге шығармайтындар етуге қол жеткізу. Немесе мына бір мысалға көз салайық. Бізде бәрі де тақырыптарға бөлшектенген. Бүгін – үй жануарлары, ертең – ыдыс-аяқтар, одан кейін – табиғат. Ал, бұларды оқып жатқан кезде үй жануарлары ұмытылып та үлгереді.

Мектепте қолданылып жүрген әдістеменің басты ерекшелігі сөйлеуге емес, ереже жаттауға негізделген. Сол арқылы қазақша сөйлеуге емес, емтиханға тамаша дайындауға кәнігі болып алған репетиторларға нәпаққа табуаға септесіп отырмыз. Ең бастысы қалыптасқан жағдайдың тығырыққа тірегендігін мойындап, қазіргі орныққан жүйені мүлдем алмастыруға күш салу керек. Оқытпайтын оқулықтан құтылып, сөйлеуге үйретін жаңасын жасап шығуға тиіспіз. Әйтпесе баяғы жартас бір жартас күйінде қала береміз. 

Түйін 

Әлмаханбет Төреханов “Қатені түзейтін кез келді” сұхбатына қатысты биология ғылымдарының кандидаты  Долорес БЕГІМБЕТОВАНЫҢ төмендегі пікірін аударып бергенді жөн көрдік.

Ол бұған дейін қай қуыста назардан қалай қағыс қалған? Неге осындай кемеңгер жан неліктен әлі күнге дейін жұртқа керексіз болып отыр? Төбемізден жай түсірген жайт мектепте де, курста да арман болған “кез келген жанды қазақша таза сөйлеп, қатесіз жаза білуге үйрететін” әдістеменің авторының барлығы. Мен бұның барлығын оның өзгенің алдында басын иіп құрдай жорғаламауынан деп білемін. 

Ол жоғарыдағылардың қолдауынсыз, өзімен-өзі ұлты үшін зор іс тындырды.

“Қазіргі оқулықпен мектеп шәкіртін қазақша сөйлету мүмкін емес” деген Төрехановтікі дұрыс. Мысалға көкшіл мектеп сөздігін алайық (30 000 слов, Алматы, 2002 г.), қайыра шыққан сайын бұрынғы қателігімен оқырманға жол тартып отырады. Осы сөздіктің тақсіретін 20 жылдан бері тартып келемін. Сол себепті кеңестік кездегі өзге басылымдарды қолданамын. Сонда біздің өз сөздігіміз қайда?!

Менде қазіргі оқулықтарды не дарынсыз оқытушылар жазады не болмаса, біздің балаларымыз бен немерелеріміз кейін әлдекімдерге бәсекелес болмауы үшін әдейі қасақана жасалып отырған дүние деген пікірі қалыптасты. Мен бұны көп жылдан бері көз жеткізген өмір тәжірибемінің негізінде жоо оқытушысы ретінде алға тартып отырмын.

Балалар мектепте оқитын бағдарламаны кім және қашан құрастырды? Ол тұтастай грамматикаға бағыт ұстанып, соның негізінде мәтін таңдалынып алынған. Әрі олар бір-бірімен еш байланыспайды. Жаңа сөздер естен тез шығып кетеді. Айтылу мен жазылудың айырмашылығы жер мен көктей. Сөздерге келгенде оқушылар кібіртіктеп қалады. Оларды ешкім түземейді. “Сөйлеуге үйретуіміз керек. Ал, бұл дегеніңіз мүлдем басқа міндет: сөйлем үлгісін пайымдатып, негізгі қағидаттарын ұғынтып, бұрынғы қалыптасқан дағдысын есінен мәңгіге шығармайтындар етуге қол жеткізу” деген Төрехановтікі дұрыс дер едім.

Сорымыз құрығанда біздің балаларымыз 60 жылдардың соңы мен 70 жылдардың басында өмірге келіп, мектепті де, жоо да орыс тілінде бітірді, сондықтан қазақ тілін білмейді. Ал, олардың балалары үйде де, түзде де өзара орыс тілінде сөйлейді. Біздер, әжелері, оларға қол ұшымызды бере алмаймыз. Бізді шала қазақтар деп атайды. Біз өзара орыс тілінде сөйлесеміз. Бұл ыңғайлы. Үй ішімізде қазақша шүйіркелескен қиындық келтіреді. Қатты қиналып қаламыз, қапелімде аузымызға керекті сөз түспей дал боламыз. Біздің қазақ сөзін бұзып айтатынымыз кейбірулерге келеңсіз көрінеді.

Міне, осындай себепті Еліміз Тәуелсіздік алған 29 жылдан бері орыс мектебін бітірген немерелеріміз қазақша сөйлей алмайды. Кеш болмай тұрғанда мектептерде қазақ тілін оқытудың әдістемесін түбегейлі өзгерту керек.

Меніңше, Орталық арналардың бірінен күндізгі уақытта Әлмаханбет Төреханов шақырып тіл үйрету сабағын өткізе, нұр үстіне нұр болар еді. Қазір ата-аналар балалары үй тапсырмасын орындауы үшін қазақ тілі репетиторларына ақша төлеуге мәжбүр. Олар сөйлеуге үйретпейді, сөйлеуге үйретудің амал-тәсілі мүлдем бөлек. 

Асып-тасқан бай қазақтар балаларын Батыста ағылшын тілінде оқытады. Олар елге келген соң, қазақ тілін білмегендіктен жұмыс таба алмай кері келген жағына тайып отырады. Қыздар өздеріне лайық күйеу жігіт таба алмайды. Тіл білмегендіктен, болашақта пайдасы көл-көсір тамаша мамандардан қапы да осылайша айырылып жатырмыз.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

4 пікір