Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 2451 0 пікір 17 Қаңтар, 2020 сағат 10:23

Мемлекет басшысы Джанлука Эспозитоны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының атқарушы хатшысы Джанлука Эспозитоны қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына мүше болып кіру мәселесі, сондай-ақ, Еуропа Кеңесімен ықпалдастығының перспективалары туралы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына кіруге көрсетіп жатқан қолдауы үшін Еуропа Кеңесіне ризашылығын білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда халықаралық ұйыммен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

– Біз аталған ұйымның қызметіне атсалысуға өте мүдделіміз. Бұл біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысымызға, сонымен қатар, ел дамуына кері әсер ететін басқа да мәселелердің шешілуіне тың серпін береді деп сенеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Джанлука Эспозито Қазақстан мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының ынтымақтастығы екі тарапқа да тиімді болатынын айтты.

– Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына мүше болуы жемқорлықпен күрестің принциптері мен тетіктерін жетілдіру ісіне ғана емес, сондай-ақ, бизнес-ахуалды жақсартуға, мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын жандандыруға да септігін тигізеді, – деді ұйымның атқарушы хатшысы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3551