Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 7461 20 пікір 22 Қаңтар, 2020 сағат 14:18

Global Times: Қытай ерте ме, кеш пе дағдарысқа тап болады

2019 жылы Қытайдың ЖІӨ көрсеткіші 100 трлн юанға жетіп,  өсім14,4 трлн долларды құрапты. Ал жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі алғаш рет $10 276 құраған. Бұл туралы The Global Times басылымы жазды.

Биыл 17 қаңтарда ҚХР Ұлттық статистика бюросы Қытайда халық саны 1,4 миллиард адамнан асқанын мәлімдеген. Бұл - Қытай экономикасы мен әлеуметтік дамуын мазмұнды талдау үшін өте құнды деректер екені рас.

Қытайдағы ЖІӨ-нің 6,1%-ға өсуі оның экономикасындағы төмендеу процесінің әлі аяқталмағаныныңі көрсеткіші. Егер Қытай 2020 жылы да экономикалық өсімді  6% деңгейінде сақтауға тырысса, күрделі сынақтарға тап болады. Алайда, Қытай 1 триллион доллардан асатын ЖІӨ-нің өсу қарқыны жағынан қазірдің өзінде әлемдік державалардың ішінде алпауыттардың бірі. Салыстырмалы түрде айтсақ, АҚШ экономикасының өсімі 2,3% деңгейінде. Ал Еуроодақтың локомотиві саналатын Германияның экономикасы бар-жоғы 0,6% өсімге ие. Үндістан экономикасы 5%-ға өсті. Жапония мен Оңтүстік Корея экономикасының өсу қарқыны 1%-дан сәл жоғары және 2%-дан төмен болды.

2018 жылы Қытай жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші бойынша әлемде 67 орынды иеленді, Мексика 66 орын. Ресейден 60 орын. Тағыда салыстыру үшін, 2008 жылы Қытай жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша 104-ші орында, ал 2000 жылы 133-ші орында тұрған еді.

Әрине, Қытай экономикалық тұрғыдан өрлеуге үлкен мән береді. Әрбір қоғам болашағын ойлайды. Әрбір компания жыл сайын өндірісін ұлғайтуға тырысады. Мемлекет те осыған ұқсас. Қытай ондаған жылдар бергі экономикалық өсімнен кейін ерте ме, кеш пе, дағдарысқа тап болатыны анық. Экономика рецессияға тап болған кезде, ол халықтың сеніміне ғана емес, сонымен бірге экономиканың өміршеңдігіне, оның ішінде жұмыспен қамту және кәсіпкерлік операцияларға да әсер етеді.

Қытай халқы 1,4 миллиард адамнан асты деген есеп әртүрлі пікір туғызады. 28 елден тұратын Еуроодақтың халқы 512 миллион адам. АҚШ пен Канаданың біріккендегі халқы - 364 миллион. Жапонияда 127 миллион адам, Австралияда және Жаңа Зеландияда 30 миллион адам. Әлемнің дамыған елдерінің халқы 1,12 миллиард адамға жетеді, бұл Қытаймен салыстырғанда 280 миллион адамға аз.

Батыс елдерімен салыстырғанда масштабы анағұрлым үлкен Қытайды басқару өте қиын. Бұл Қытайдың тұрақтылығы мен қарқынды дамуын қолдау үшін үлкен қозғаушы күшті, сонымен қатар ережелер мен жоғары деңгейдегі келісімді қажет етеді. Билік осы көрсеткіштердің бәрін теңестіруде бұрын-соңды болмаған қиындыққа тап болды. Қытай үкіметі қазірдің өзінде дамыған батыс елдерінің орта және кіші үкіметтеріне қарағанда елді алға жылжыту үшін көп жауапкершілік алғаны анық.

Қытай қоғамы билікке әр түрлі талаптар қойды, ал Қытай азаматтары экономика қағидаларын жақсы білсе де, олар Қытай экономикасы 2020 жылы 6 пайыздық өсу қарқынын сақтай алады деп үміттенеді. Ал әлемдік сарапшылардың пікірінше, Қытай 2020 жылы барлық проблемалар мен белгісіздіктерге тап болуы мүмкін.

Керімсал Жұбатқанов 

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541